Халық аспаптар бөлімінің мектебімізде алатын орны ерекше. Қазақстанға белгілі өнер майталмандары осы бөлімнің негізін қалады. Атап айтсақ, бөлімнің алғашқы меңгерушілері ҚР халық артисі, профессор Фатима Балғаева, ҚР білім беру ісінің үздігі Исахан Айтжанов және профессорлар Хабидолла Тастанов, Малгаждар Аубакиров, Құбыш Мұхитов, Петр Кан, Федор Легкунец, Зере Бейсембаева, Темір Исалиев, Гульжан Бегендикова. Сондай-ақ, 1977 жылы Республика бойынша мектебімізде алғашқы қыл қобыз класы ашылып, Әбдіманап Жұмабеков ұстаздық қызмет атқарды. Сонымен қатар, профессорлар Айтжан Тоқтаған, Абдулхамит Райымбергенов, Біләл Искаков, Базархан Қосбасаров, Ғалия Молдакаримова, Зәуре Смақова, Сәбен Барибаев және аға оқытушылар Сұлтан Қожахметов, Гүлперизат Ұлтарақова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ерболат Мұстафаев, Мүсілім Әмзе, «Құрмет» орденінің иегері, өнертану ғылымының кандидаты Талғат Мукушев, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері Болатбек Бимырзаев ұстаздар жемісті еңбек етті.
2016 жылдың күзінде мектебімізде, қобыз сыныбының алғашқы ұстазы және бөлім меңгерушісі Қазақстанның халық артисі, профессор Фатима Жұмағұлқызы Балғаева атындағы залының ашылу рәсімі өтті.
Бөлім меңгерушісі – осы мектептің түлегі, халықаралық байқаулардың лауреаты, өнертану ғылымының магистрі Манасбаева Мақпал Ахметхановна. Оқушылар домбыра, қыл- қобыз, қобыз-прима, баян, домбыра-прима, шертер мамандықтарымен қоса дирижерлық, аспаптандыру, композиция, домбырамен ән салу және көне фольклорлық аспаптарды меңгеруде. Бөлімде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор Ермұрат Үсенов, “Ы.Алтынсарин” төсбелгісінің иегері, мәдениет саласының үздігі Алтынгүл Шуженова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мәдениет саласының үздігі Саян Ақмолда, Мәдениет саласының үздіктері Талғат Орынтаев, Сағат Картенбаев, Айгүл Сабденалиева, Мадина Шарипова, Әділет Жакиянов, Гүлназ Булаева, Кашкимбаева Эльмира, Ғалымжан Нарымбетов, Халықаралық және республикалық конкурстарының лауреаттары Ақмарал Сарсенғалиева, Иемкулова Жазгүл, Мақпал Манасбаева, Жақсылық Ажмуханов, Саят Пердебекұлы, Айтөре Үсіпбалиев, Балжан Джунусова, Сырым Шонбаев, Асқар Арай, Данияр Рақымбай, Абай Ракишев, Дастан Қазкенов, Нұрғали Әшімхан, Баян Қырғызбай, Елдар Дәулеткелді, Темірлан Ахымбек ұстаздық етеді. Бөлім бойынша көптеген шығармашылық ұжымдар; халықаралық фестивальдардың лауреаттары, халық аспаптары оркестрі жетекшісі Ракишев Абай, «Асыл мұра» домбырашылар ансамблі жетекшісі, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері , Мәдениет саласының үздігі Мақсұтхан Ташимов, «Жез киік» қобызшылар ансамблі жетекшісі, ҚР білім беру ісінің үздігі Төрехан Карибаев, «Ақжелең» этно-фольклорлық ансамблі жетекшісі Бекзат Мұстафаев, «Қоңыржай» қыл қобызшылар ансамблі жетекшісі Мақпал Манасбаева, кіші домбырашылар ансамблінің жетекшісі Арнай Надырханов. Бөліміміздің түлектері Қазакстанның барлық өңірінде, өнер мен мәдениет саласында қызмет етеді. Атап айтсақ, Қазақстанның халық артисі Мақпал Жүнісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Тәттімбет атындағы академиялық халық аспаптар оркестрінің бас дирижері Дүйсен Үкібай, «Астана опера» Мемлекеттік опера және балет театрының дирижері Руслан Баймурзин, ҚР еңбек сіңірген артисі Құндыз Қаламбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Әлқуат Қазақбаев, Асылбек Еңсепов, Ерлан Рысқали, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің профессоры Сабира Кусаинова, Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Университетінің профессоры Қамаш Намазова. Республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары Раушан Оразбаева, Марат Анашев, Ерлан Бақтыгереев, Ғазиза Габдрахимова, Кенжегүл Мұсаева, Айнагүл Искакова, Айдана Жанабаева, Толқын Қаңтарбаева, Айгерім Қарсақбаева, Салтанат Құдайбергенова, Әбілғазы Ахмадиев, Ботагөз Ташимова, Ақнар Шарипбаева, Асель Калекешова, Алмат Сайжанов,Жанар Жетписова, Равиль Отарбаев, Сымбат Несіпқазықызы, Айнұр Рахимова және т.б.






Жетекшісі: Надырханов А.Т.

Жетекшісі: Булаева Г.





Манасбаева Мақпал Ахметхановна
Халық аспаптар бөлімінің меңгерушісі

1990 жылы 6 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Жетіарал ауылында дүниеге келген. 2010 жылы А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған қазақ мамандандырылған мектеп интернатының қыл қобыз мамандығы бойынша ұстазы Саян Ақмолдадан бітіріп шыққан. 2010 жылы Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясына түсіп, 2014 жылы аталмыш жоғары оқу орнын профессор Базархан Қосбасаровтың класы бойынша аяқтады. 2014 жылы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында жарыққа шыққан «дәстүрлі музыканың бүгінгі жай күйі» монографиясында «Қобыз дәстүріндегі айтулы орындаушылар» атты мақаласының авторы. Ал 2016 жылы Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының магистратурасын бітірген. 2012 жылдан бастап осы А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Респуликалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатында қыл қобыз мамандығы бойынша ұстаздық қызмет атқарып келеді

1973-1979 жылдары Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясында білім алды. Осы кезеңде кәсіби музыкант және ұстаз болуға алғашқы қадам жасалды. 1990 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін А.Жұбанов атындағы Республикалық Қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатында ұстаздық қызмет атқарып келеді. Ұзақ жылғы еңбегінің нәтижесінде көптеген дарынды шәкірт тәрбиелеп, олардың өнер әлемінде биік белестерге жетуіне үлес қосуда. 2006 жылы Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгімен марапатталған. 2019 жылы «Мәдениет саласының үздігі» атағына ие болды. Музыка өнеріне деген махаббаты мен шәкірттеріне деген адалдығы өмірінің басты қағидатына айналды.

1952 жылы 25 шілдеде Алматы облысы Кеген ауданында дүниеге келген. Ұзынбұлақ ауылында мектепті аяқтап, Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияны екі мамандық бойынша бітірген. 1979 жылдан бастап Нұрғиса Тілендиевтің шақыруымен «Отырар сазы» оркестрінде бас концертмейстер болып еңбек етті. Осы жылы домбыра мен фортепианоға арналған «Поэма» шығармасымен Республикалық композиторлар байқауында Гран-приді иеленді.
Үсенов көптеген оркестрлік және камералық туындылардың авторы, күйші-виртуоз ретінде қазақтың «шертпе» дәстүрін кеңінен насихаттады. Оның күйлері Қазақ радиосының Алтын қорына енген. 1988 жылы «Саржайлау» жинағын дайындауға атсалысты.
Ұстаздық еңбегі нәтижесінде шәкірттері халықаралық байқаулардың жеңімпаздары атанып, әлемдік сахналарға жол ашты. Оның «Арнау», «Кенесары – ақ семсер», «Ғасырлар толғауы», «Реквием», «Көкшетау» сынды ірі туындылары мен көптеген әндері еліміздегі өнер ұжымдарының репертуарынан берік орын алды.
Ермұрат Үсенов – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, екі мәрте Гран-при иегері, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі.

А. Жұбанов атындағы РҚМММИ Халық аспаптар бөлімінің ұстазы педагог модератор 1977-1982 Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясы ал 1981-жылдан бастап А. Жұбанов атыдағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ халық аспаптар бөлімінің оқытушысы. 1981-жылдан бастап «Асылмұра» домбырашылар ансамблінің жетекшісі 2006 жылы ҚР БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ 2019 жылы ҚР мәдениет саласының үздігі медалінің иегері атанды. 09 07 2025 жылы Жас домбырашыға кәсіби нота сауаты қажет атты мақаласы шықты.

Алматы мемлекеттік консерваториясын 1983-1990 жылдары оқыған.Мамандығы домбра-тенор оқытушысы. Педагог -зерттеуші.1990-1994 жж.А.Жұбанов мектебіне оқытушы болып орналасты.1994-2014жж.Тараз гуманитарлық колледжінде мұғалім.2014тен қазіргі уақытқа дейін А.Жұбанов атындағы РМММИдің ұстазы болып жұмыс істеудемін. 2022 жылы ҚР мәдениет саласының үздігі медалінің иегері атанды.
Карибаев Төрехан Жанабергенұлы

1977 ж.А.Жұбанов атындағы РММ қобыз аспабы бойынша профессор Ф.Ж.Балгаевадан бітіріп, сол жылы Құрманғазы атындағы АМК қабылданып білімін Ф.Ж.Балғаеваның класында жалғастырады.1982 ж.консерваторияны бітіріп қобыз және баян кафедрасында ұстаздық жолын бастады.Сонымен қатар 1985—1986 жылдары Құрманғазы атындағы мемлекеттік халық аспаптар оркестрінде қобыз тобының концертмейстері болып істеген.1986 жылдан А.Жұбанов атындағы РММ ұстаздық қызметте.Халық аспаптар бөлімінің менгерушісі және директордың музыка ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.Көптеген Республикалық және халық аралық конкурстардың лауреаттарын дайындаған. Білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін « ҚР Білім беру ісінің үздігі»,”Ы.Алтынсарин” атындығы төс белгісімен”және ҚР МЖС министрлігінің “Мәдениет саласының үздігі”төс белгісімен мараптталған.”Жез киік” қобызшылар ансамблінің жетекшісі.

1981-1989 жылдары Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында білім алды. Осы жылдары музыка өнерінің қыр-сырын меңгеріп, кәсіби деңгейде қалыптасты. 2018 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін А.Жұбанов атындағы Республикалық Қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатында ұстаздық қызмет атқарып келеді. Ұстаздық жолымда жас дарындарды өнерге баулып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға күш салды. 2013 жылы Қазақстан Республикасының Президентінің Алғыс хатымен марапатталды. 2018 жылы «Мәдениет саласының үздігі» атағына ие болды. Өнер жолындағы еңбек пен шәкірт тәрбиелеу – өмірінің басты мақсаты болып табылады.

Оқытушы, шебер. 1981 – 1991 ж Байқадам қазақ орта мектебінде, 1991 – 1999, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында білім алды. 2000 жылдан осы уақытқа дейін А.Жұбанов атындағы РҚМММИ оқытушысы. 1997-2000ж.ж. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының фольклорлық ғылыми-зерттеу лабораториясында музыкалық редактор, 2000-2004ж.ж. Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік «кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивінің» РММ жоғарғы санатты мұрағатшысы қызметтерін атқарады. 2004-2006 жылдары «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы «Қазақтың 100 күйі», «Каспионет» телеарнасындағы «Күй-құдірет» музыкалық-танымдық хабарларының авторы, редакторы әрі жүргізушісі марапатталды Атақтар, наградалар: «ҚР Мәдениет саласының үздігі» (2019, №198), «Бауыржан Момышұлы» Намыс Төсбелгі (2022ж), «ҚР Еңбек сіңірген қызметкері» (2022ж №082), Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл мерекелік медалі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері 2024ж №5159. Жарияланымдар (конференциялар, семинарлар)
- 2008 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша дайындалған «Мәңгілік сарын» қазақ күйлері антологиясы
- 2009 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен дайындалған «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» антологиясы
- 2018 жылы Арқаның ардақты күйшісі Дәулетбек Сәдуақасұлының 80 жылдығы қарсаңында республикалық Egemen Qazaqstan, Aikyn газеттерінде «Арқадан жеткен аманат» атты күйшінің өмірі мен шығармашылығы жайында жазылған көлемді мақаласы жарық көрді.
- 2018 жылдың қыркүйек айында күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдық мерейтойы қарсаңында Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптары оркестрінің ұйымдастыруымен өткен «Құрманғазы және ұлы дала сазы» музыка фестиваліне қатысып, табысты өнер көрсетті.
- 2018 жылдың 16 желтоқсанынан бастап, 2019 жылдың 18 қаңтары аралығында «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының эфирінен көрсетілген «Күй-ғұмыр» 20-сериялық фильмінің бас кеңесшісі және күйлерді орындаушы болып табылады.
- 2021 жылы «САУАП» ЖШС жобасы бойынша үш тілде дайындалған 505 күйден тұратын «Аманат» Қазақ күйлері антологиясының құрастырушы авторы.
- 2021 жылы М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты жобасы бойынша жарыққа шыққан «Ұлы даланың көне сарындары»аспаптық музыка, дәстүрлі күй өнерінің 2 томдығының құрастырушысы және музыкалық редакторы
- «Алматы ақшамы», «Айқын», «Егемен Қазақстан», «Казахстанская Правда» «Культура», «Қазақ әдебиеті», «Аңыз адам», «Жас алаш» және т.б. басылымдарда қазақ күй өнері мен оның орындаушылары туралы көлемді мақалалары жарық көріп келеді.

Халық аспаптар бөлімінің прима-қобыз аспабынан беретін ұстаз.1983-1991 Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ-ның түлегі.1991-1996 Құрманғазы атындағы ҚҰК ,2023 жылдан Уфа қаласындағы Загир Исмагилов атындағы өнер университетінде магистратурада оқып жатыр.1992-2000жж.Нұрғиса Тлендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық ,Отырар Сазы оркестрі. 2002-2010жж. Роза Бағланова атындағы мемлекеттік академиялық концерттік ұйым.1998 жылдан бастап,Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ-ның прима-қобыз аспабының ұстазы.
Сарсенгалиева Акмарал Жаксылыковна

1991 жылы А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатын домбыра аспабы бойынша 4-ші сыныбына түсті. 1998-2002 жылы Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық мемлекеттік консерваториясында ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері,профессор,құрмет орденінің иегері А.Е.Тоқтағанның домбыра мамандығы бойынша бітіріп шықты. 2002-2004 жылдар аралаығында Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық мемлекеттік консерваториясының ассистентура-стажировка курсын бітірді. 2011 жылдан бастап А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатын домбыра аспабы бойынша ұстаздық қызмет атқаруда. Ұстаздық қызмет атқара жүріп көптеген оқушылары Халықаралық және Республикалық деңгейде өткен байқаулардың лауреаты атанды.
Иемкулова Жазгуль Турдакынбайевна

Халық аспаптар бөлімінің оқытушысы, педагог-сарапшы. Білімі: Жоғары 1994-1999 ж Құрманғазы атындағы АМК, концерттік орындаушы, оқытушы, оркестр артисі. 2015 жылдан бастап А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ-да концерттік менеджер, 2019 жылдан бастап халық аспаптар бөлімінде оқытушы болып қызмет етеді. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің “Құрмет” грамотасымен 2022 ж., 2024 жыл. “Жалпыадамзаттық құндылықтар – рухани дамудың қайнар көзі” атты Халықаралық ғылыми- практикалық концеренцияға қатысты, ақпан 2025ж, “Өобыз – тарихы мен қобыз күйлерінің ерекшелігі” атты мақаласы №2 “Қазақстан ұстазы” журналына жарияланды, қыркүйек 2024 ж, А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ-да өткізілген мектептің 60 жылдық мерейтойына орай өткізілген концерттің ұйымдастыру комитетінде болды. Халықаралық, республикалық және қалалық деңгейдегі байқауларда лауреаттарды дайындады.
2025-2026 оқу жылында директордың музыка ісі жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы қызметін атқарады.

А.Жұбанов атындағы РҚМММИ Халық аспаптар бөлімінің ұстазы. 1999 -2004 Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы (дәстүрлі әнші) 2014 -2016 Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы (магистратура) Өнертану ғылымдарының магистрі. 2007 жылдан бастап А.Жұбанов атындағы РҚМММИ Халық аспаптар бөліміннің дәстүрлі ән оқытушысы.. 2025 жыл ҚР Мәдениет саласының үздігі.

А. Жұбанов атындағы РҚМММИ Халық аспаптар бөлімінің ұстазы. 2001-2005 Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы (бакалавр) 2005-2007 Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы ( Аспирантура-стажировка ). 2004-2015 Н.Тлендиев атындагы Мемлекеттік академиялык фольклорлы-этнографиялык «Отырар сазы» оркестр артісі. 2006 жылдан бастап А. Жұбанов атыдағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ халық аспаптар бөлімінін устазы, «КАРЛЫГАШ» ансамблінін жетекшісі. 2023 жыл курмет грамотасы. 2025 жыл ҚР Мәдениет саласының үздігі.

А. Жұбанов атындағы РҚМММИ Халық аспаптар бөлімінің ұстазы. 200 1 -2005 Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы (бакалавр). 2021-2023 Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы (магистратура). 2019-жылдан бастап А. Жұбанов атыдағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ халық аспаптар бөлімңнің оқытушысы. 2019 жыл ҚР Мәдениет саласының үздігі. 2023 жыл өнертану ғылымдарының магистрі.
Ажмұханов Жақсылық Ақжайнақұлы

2003 жылы 9-шы сыныпты тамамдап П.И.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжіне оқуға түсті. 2007 жылы колледжді аяқтап, Жамбыл облысы, Байзақ ауданында Кенен Әзірбаев атындағы балалар музыка мектебіне мұғалім болып келді.
2019 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясының студенті аталды. 2021 жылы Қызылорда қаласында өткен «Ғасырлар пернесі» атты Республикалық домбырашылар конкурсының 3-орын лауреаты. 2021 жылы Дәулеткерейдің 200 жылдығына орай өткізілген Республикалық домбырашылар конкурсының 2-орын лауреаты. 2021 жылы «Шығыстың шыңырау күйлері» атты Халықаралық конкурсының 1-орын лауреаты. Қазіргі таңда А.Жұбанов атындағы РМШСШИ және П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің оқытушысы.

1994 – 2003ж, А.Жұбанов атындағы РҚМММИ, 2003 – 2007, Құрманғазы атындағы ҚҰК (Алматы қ.) Біліктілігі: солист,оқытушы, оркестр артисі, 2009 – 2011 Құрманғазы атындағы ҚҰК магистратура (Алматы қ.), Біліктілігі: Өнертану ғылымдарының магистрі, осы уақытқа дейін А.Жұбанов атындағы РҚМММИ оқытушысы, 2019 ж. осы уақытқа дейін Құрманғазы атындағы ҚҰК (Алматы қ.) аға оқытушысы. ҚР Мәдениет саласының үздігі, Бүкіл әлемдік баянистер және аккордеонистер қауымдастығының мүшесі. Жарияланымдар (конференциялар, семинарлар): Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журнал «мектептегі өнер» 2011, Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журнал «мектептегі өнер» 2013. Республикалық қоғамдық-педагогикалық және отбасылық журнал «Мектеп, отбасы, қоғам.».

Халық аспаптар бөлімі, сазсырнай аспабы бойынша ұстаз. 2005-2009 ж. Құрманғазы атындағы ҚҰК “5В040400-Дәстүрлі музыка өнері” концерттік орындаушы, оқытушы, оркестр артисі. 2007ж. Асыл мұра, Мәңгілік сарын халықаралық байқауларының лауреаты. “Темір қанат” сыйлығының иегері. 2019-2021ж. Құрманғазы атындағы ҚҰК магистратура “Өнертану ғылымдарының магистрі”. 2006 жылдан бастап “Сазген сазы” ансамблінің солист-әртісі, 2019 жылдан А. Жұбанов атындағы РҚМММИ-ның ұстазы. 2021-2025 ж. Құрманғазы атындағы ҚҰК ұстазы. 2021ж. “Жас ғалым” медалінің иегері. 2024ж. “ҚР Мәдениет саласының үздігі” медалінің иегері. Қазіргі таңда “Сазген сазы” ансамбінің артисі, А. Жұбанов атындағы РҚМММИ-нің сазсырнай аспабы бойынша ұстаз.

1995-2003 жж. А.Жұбанов атындағы РАММИ-да оқыды. 2003-2007 жылы «Дәстүрлі музыка өнері» Құрманғазы атындағы ҚҰК (бакалавр). 2009-201 1 жж. Құрманғазы атындағы ҚҰК (магистратура). «Отырар сазы» АФЭО; 2005-2006 жылы «Әлқисса» фэа; 2006-2008 жылдары «Сазген сазы» фэа қызмет атқарды. 2008-2012 жылдары «Тұран»фэа белді мүшесі болды. ҚР Тұңғыш Президенттік Қорының грантын иеленіп, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты. 2013 ж. «Толқын легі» атты жетіген аспабының орындауымен алғаш күй табағын шығарды. 2014 ж. «Қазақ халқының жетіген аспабы және оның орындаушылық ерекшеліктері» атты ғылыми оқу-әдістемелік оқу құралын жарыққа шығарды. Республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға (Шанхай 2013, Стамбул 2014ж) қатысып, ғылыми мақалалар жазып, методикалық оқу құралдарына күйлер мен шығармаларды жетіген аспабына лайықтап өңдеп түсіріп, этникалық бағытта ән, күй-шығармалар мен фильмдерге саунтрек жазуда. Қазірде Темірбек Жүргенов атындағы ҚҰӨА мен А.Жұбанов атындағы РҚМММИ-да жетіген аспабынан дәріс беруде.

Халық аспаптар бөлімі, домбыра-прима аспабы ұстазы. 2004-2012 А.Жұбанов атындағы РҚМММИ аяқтады. 2012-2016 Құрманғазы атындағы ҚҰК (бакалавр) “Дәстүрлі өнер музыкасы” бойынша оқып, 2017-2019 Құрманғазы атындағы ҚҰК (магистратура) “Өнер ғылымдарының магистрі” дәрежесін алды. 2018 жылдан бастап А.Жұбанов атындағы РҚМММИ-ның домбыра-прима аспабының ұстазы.

А. Жұбанов атындағы РҚМММИ Халық аспаптар бөлімінің ұстазы 2012-2015 Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледж. 2015-2019 Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы ( Бакалавар ). 2017 бастап Ұзынағаш ауылындағы МҚКК Өнер мектебінің дәстүрлі ән сыныбының мұғалімі. 2021 жылдан бастап А.Жұбанов атындағы РҚМММИ Халық аспаптар бөліміннің дәстүрлі ән оқытушысы. Халықаралық айтыс ақындары мен жыршы термешілер одағының мүшесі.

2008 жылы П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжіне түсті. 2012 жылы колледжді тәмамдап, 2012-2016 жж аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясында білі алды. 2020-2023 жж. Загира Исмагилов атындағы Уфа мемлекеттік өнер институты магистратурасын аяқтады. Еңбек жолы: 2012-2026 жж. – «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің әртісі. Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты – музыка пәнінің оқытушысы. Алатау шығармашылық инновациялық орталығы – балаларға сабақ берді. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы – сұбызғы пәні бойынша оқытушы

Халық аспаптар бөлімі, прима-қобыз аспабы ұстазы. 2007-2011 жж. Құрманғазы атындағы ҚҰК «5В040400 – Дәстүрлі музыка өнері» концерттік орындаушы, оқытушы, оркестр артисі (бакалавриат). 2011-2013жж. Құрманғазы атындағы ҚҰК «6М040400 – Дәстүрлі музыка өнерІ» өнертану ғылымдарының магистрі (магистратура).
2010 ақпан, Н.Тілендиева атындағы Академиялық фольклоры этнографиялық «Отырар сазы» оркестрі, оркестр артисі. 2021 ж. прима-қобыз тобының концертмейстері. 2012 ж. қыркүйек, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы, қобыз және баян кафедрасының оқытушы. 2016 ж. аға оқытушы. 2024 ж. “Ерен еңбегі үшін” медалінің иегері. 2025 ж. А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚОММИ, прима-қобыз аспабы ұстазы. Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаты.

Халық аспаптар бөлімі, домбыра аспабы ұстазы. 2009-2013 А.Жұбанов атындағы РҚМММИ тәмамдады. 2013-2017 Құрманғазы атындағы ҚҰК (бакалавр) “Дәстүрлі өнер музыкасы” домбыра мамандығы бойынша оқыды. 2015 жылдан бастап Н. Тілендиев атындағы Мемлекеттік Академиялық фольклорлы-этнографиялық “Отырар сазы”, оркестр артисі. 2021 жылдан бастап А.Жұбанов атындағы РҚМММИ-ның домбыра аспабының ұстазы. Халықаралық, Республикалық конкурстардың лауреаты

Халық аспаптар бөлімінің ұстазы, баян-аккордеон аспабы ұстазы.
2005-2012 А.Жұбанов атындағы РҚМММИ, 2012-2021 Құрманғазы атындағы ҚҰК бакалавр “Дәстүрлі өнер музыкасы” 2021-2023 Құрманғазы атындағы ҚҰК магистратура “Өнертану ғылымдарының магистрі” 2025 жылдан бастап А.Жұбанов атындағы РҚМММИ- ның баян-аккордеон аспабының ұстазы.
Мустафаев Бекзат Дәуренұлы

Халық аспаптар бөлімі, “Ақжелең” фольклорлық ансамблінің ұстазы. 2004-2012 Ахмет Жұбанов атындағы РҚМММИ. 2012-2017 Құрманғазы атындағы ҚҰК (бакалавр) “Дәстүрлі өнер музыкасы” 2025 жылдан бастап А.Жұбанов атынлағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ фольклорлық ансамблдің жетекшісі.

Халық аспаптар бөлімі, домбыра аспабы ұстазы. 2019-2023 жж. Құрманғазы атындағы ҚҰК «6В02104 – Дәстүрлі музыка өнері» концерттік орындаушы, оқытушы, оркестр артисі (бакалавриат). 2020 жылдан бастап Н.Тілендиев атындағы Мемлекеттік академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестр артисі.
2020 жылдан бастап «Алатау дәстүрлі өнер» театрында, ансамль артисі.
2022 жылдан бастап А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп интернаты, домбыра аспабы ұстазы. Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаты

2013-2017 Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжін тәмамдап, 2018-2022 Құрманғазы атындағы ҚҰК бакалавр “Дәстүрлі өнер музыкасы” білім алды. Халықаралық конкурстың лауреаты. 2023 жылдан бастап А.Жұбанов атындағы РҚМММИ-ның қазақ ұстазы. Қазіргі таңда қазақ халық аспаптар оркестрінің жетекшісі, әрі жалпы дирижерлау пәнінің ұстазы.

Халық аспаптар бөлімі, домбыра аспабы ұстазы. 2019-2023 жж. Құрманғазы атындағы ҚҰК «6В02104 – Дәстүрлі музыка өнері» (бакалавриат). 2025 жылдан бастап А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп интернаты, домбыра аспабы ұстазы. Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаты.

Халық аспаптар бөлімі, “Дирижерлеу” пәнінің ұстазы. 2015-2019 Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінде білім алды. 2019-2023 Құрманғазы атындағы ҚҰК (бакалавр) “Дәстүрлі өнер музыкасы”, 2023-2025 Құрманғазы атындағы ҚҰК магистратурасын дирижерлеу мамандығы бойынша тәмамдады. 2023 жылдан бастап Н. Тілендиев атындағы Мемлекеттік Академиялық фольклорлы-этнографиялық “Отырар сазы”, оркестр артисі. 2025 жылдан бастап А.Жұбанов атындағы РҚМММИ-ның”Дирижерлеу” пәнінің ұстазы. Халықаралық, Республикалық конкурстардың лауреаты

Халық аспаптар бөлімі, домбыра аспабы ұстазы. 2007-2019 жж А.Жұбанов атындағы РҚМММИ-тын тәмамдады. 2019-2023 жж Құрманғазы атындағы ҚҰК “Дәстүрлі музыка өнері” (бакалавриат) оқып, 2023-2025 жж. Құрманғазы атындағы ҚҰК “Дәстүрлі музыка өнері” өнертану ғылымдарының магистрі атанды. 2023 ж Алатау әуендері “Құлансаз” ф.э.а. аспапшы-артисі. 2025 жылдан бастап А.Жұбанов атындағы РҚМММИ-ның домбыра аспабының ұстазы.

Халық аспаптар бөлімі, домбыра аспабы ұстазы. 2019-2023 жж. Құрманғазы атындағы ҚҰК «6В02104 – Дәстүрлі музыка өнері» концерттік орындаушы, оқытушы, оркестр артисі (бакалавриат). 2021 жылдан бастап «Алатау дәстүрлі өнер» театрында, ансамль артисі.
2025 жылдан бастап А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп интернаты, домбыра аспабы ұстазы. Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаты

Халық аспаптар бөлімі баян аспабы ұстазы. 2021-2025 Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы бакалаврын тәмамдады. 2025 жылдан бастап А.Жұбанов атындағы РҚМММИ-ның баян аспабының ұстазы.
