Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру
Искакова Жанар Шамшихановна
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Искакова Жанар Шамшихановна педагогикалық өтілі 30 жыл, біліктілік санаты «педагог-шебер», информатика пәні мұғалімі.
Искакова Жанар Шамшихановна аталған білім ордасында 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін осы ұйымда директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.
Негізгі жетістіктері мен дағдылары:
- Сертификат 2024 жылы «ХХІ ғасырдың музыкалық мәдениетіндегі тұлға-білім-шығармашылық» атты Халықаралық ғылыми практикалық конференцияның модераторы болғаны үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Вице-министрінен берілді;
- Сертификат 2021 жылы «Олимпиада резервін дайындаудың өзекті мәселелері: инновациялар, даму преспективалары» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысқаны үшін. Астана қаласы;
- Диплом ІІ дәрежелі 2019 жылы ІІ Республикалық Педагогика және психология пәні олимпиада жүлдегері;
- «Білім педагогикалық шығармашылық орталығы», «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Ақтөбе облысы бойынша Кәсіби даму институты» І Республикалық «TeachStart-2024» педагогикалық Олимпиадасы, директордың орынбасары лауазымы бойынша ІІІ орын дипломы, Астана, 2024ж.;
- Мадақтама 2024ж., «Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция қатысушысы;
- 2023-2026 жж 1,2,3 дәрежелі Диплом РҒПО «ДАРЫН» «АҚБОТА» зияткерлік олимпиадасының информатика пәнінен оқушылары жүлделі орынға ие болып келеді;
- Диплом 2025 жыл 10-11 қаңтар №PIFK-2025-D-III-031 Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» РҒПО «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсының жүлдегері;
- Алғыс хат 2025 жыл № Ah-2025-036 Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» РҒПО;
- Сертификат 2025 жылы №431Н-331 Халықаралық «Young Scholar» ғылыми жобаға оқушы дайындаған үшін берілді.
- Сертификат 2026 жыл 6 наурыз Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат Вице-министрінен берілді.
Жалпы пәндер бөлімі: 60 жылдық белес
Ахмет Жұбанов атындағы республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының 60 жылдық тарихында Жалпы пәндер бөлімі — жас таланттардың интеллектуалдық өресін биіктетіп, сапалы білім нәрін себетін басты құрылымдардың бірі. Музыка мен ғылымды ұштастырған бұл бөлім алты онжылдық бойы ерінбей еңбек етіп келеді.
Алтын діңгек – Ардагер ұстаздар
Мектеп іргетасы қаланған алғашқы күндерден бастап, педагогикалық шеберліктің мектебін қалыптастырған ұлағатты ұстаздарымыздың есімі ел есінде. Олардың салған сара жолы — бүгінгі буынға үлгі: Жәния Мусина, Қаусария Ажғалиева, Бақыт Құрманова, Рахия Шапақова, Күлғайша Базарбекова, Мұсан Үсіпбаев сынды ұстаздар мектебіміздің білім беру жүйесінің негізін қалады.
Бүгінгі әлеует: Кәсіби мамандар ұжымы
Қазіргі таңда бөлімде 31 білікті маман қызмет етеді. Олар оқушылардың бойына білім нәрін сіңіріп, шығармашылық әлеуетін ашуда.
- Бастауыш сыныптар: Г.А. Жакишева, Т.М. Динжанова, А.А. Джанпейісова, Рыскулова, Ж.М. Нұрдилдаева, А.Амурзақ.
- Тіл мамандары: Н.Қ. Жырғаланова, Г.Р. Умиркулова, К.Б.Салимова (қазақ тілі мен әдебиеті); М.К. Искакова, Г.С.Кәдірхан (орыс тілі мен әдебиеті); Г.Ж. Раимова, Д.С.Мухсимова, К.К.Куташова, А.Е.Айдарханова, А.Шерниязова (ағылшын тілі).
- Жаратылыстану және гуманитарлық бағыт: С.Ж. Сабырова, Г. Жагслаг (математика), Д.О. Абдулина (химия), К.Т. Даркембаева (география), А.Д. Қазақбаева (биология), Г.С.Серікханова (физика), Г.Б.Байқадиева, Н.Егембердиева (тарих).
- Цифрлық әлем және даму: Ж.Ш. Искакова, Г.Ж. Жартаева, А.А.Оразов (информатика), М.С. Аксакалова (психолог).
- АӘжТД, денешынықтыру: С.Құсайынов (АӘжТД), Е.А. Джанпейс, Н.Арынханов (дене шынықтыру).
Әдістемелік бірлестіктер мен инновация
Әдістемелік тақырыбымыз: «Нәтижеге бағдарланған білім беруде мұғалімдердің кәсіптік шеберлігі мен құзыреттілігін қалыптастыру».
Миссиямыз: Ұстаздардың педагогикалық шеберлігін, шығармашылық әлеуетін дамыту арқылы сапалы білім беру және заманауи технологияларды (цифрлық білім беру ресурстары, ЖИ құралдары) оқу процесіне тиімді енгізу.
Негізгі міндеттер:
- Сапалы оқыту: Әр сабақтың жоғары әдістемелік деңгейде өтуін қамтамасыз ету.
- Тәжірибе алмасу: Шығармашыл ұстаздардың озық іс-тәжірибесін жинақтау және республикалық деңгейде тарату.
- Жас мамандарды қолдау: Жас ұстаздардың кәсіби бейімделуіне әдістемелік көмек көрсету.
- Инновация: Сабақ барысында жаңа білім беру технологияларын қолдану арқылы білім сапасын көтеру.
- Тұлғалық даму: Оқушылардың бойында көпмәдениеттілік қасиеттер мен функционалдық сауаттылықты қалыптастыру.
Бөлімде мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуы мен кәсіби дамуын қамтамасыз ететін 5 негізгі бірлестік жүйелі жұмыс істейді:
- Бастауыш сыныптар ӘБ
- Қоғамдық-гуманитарлық пәндер ӘБ
- Жаратылыстану пәндер ӘБ
- Ғылыми-шығармашылық бірлестік
- Сынып жетекшілер бірлестігі
Жетістіктер мен қоғамдық өмір
Біздің оқушылар тек өнерде емес, жалпы пәндерден де республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар сайысында топ жарып келеді. Ұстаздарымыздың еңбегі мемлекет тарапынан жоғары бағаланып, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Құрмет грамоталарымен», «Алғыс хаттарымен» және «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерімен марапатталған.
БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІГІ
Нурдилдаева Жулдыз Мухановна
Жоғары санатты «педагог-зерттеуші» тәжірибелі бастауыш сынып мұғалімі. Бастауыш сынып бірлестік жетекшісі

2000 -2003 жылдар арасында Алматы обылысы, Есік қаласында «Есік педагогикалық колледжі», «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша оқып бітірген. 2006 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша бітіріп шықты. Ұстаздық жолын 2006 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Алматы қаласы,Әуезов ауданына қарасты №72 ЖББ мектептен бастаған. 2007 жылдың 1 қыркүйегінен бастап бүгінгі күнге дейін Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатында (РҚМММИ) табысты қызмет атқарып, жалпы 19 жылдық педагогикалық өтілін жинақтады.
Ұстаздың кәсіби қызметі озық әдістемелерді меңгерумен және ғылыми ізденістермен тығыз байланысты. Ол жаңартылған білім беру мазмұны аясындағы еңбектері «Маржан сөз» тіл дамыту үйірмесіне арналған әдістемелік кітапша (2020 ж.) және «Жаңартылған бағдарлама аясында биология мен бастауыш сынып пәндерін кіріктіру» атты әдістемелік құрал (2022 ж.) түрінде жарық көрді. Сондай-ақ, оның ғылыми мақалалары «Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналы сияқты беделді басылымдарда жарияланып келеді.
Ұстаздың кәсіби деңгейі халықаралық деңгейде де танылуда. Ол 2025 жылы Францияның Лион қаласында өткен «Интеграция научного сообщества перед глобальными проблемами современности» атты халықаралық семинарға қатысып, әлемдік педагогикалық тәжірибемен сусындады. Ұстаздың еңбегі мемлекет тарапынан лайықты бағаланып, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Құрмет» грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды.
Шәкірттерінің жетістігі – мұғалім еңбегінің басты көрсеткіші. Оның жетекшілігімен оқушылар «Ақберен», «Мың бала», «Кенгуру», «Ақбота» сияқты республикалық және халықаралық интеллектуалдық байқаулар мен «Мақатаев оқулары» секілді шығармашылық конкурстарда тұрақты түрде жүлделі орындарға ие болып келеді. Өз ісіне адал, үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыратын, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде биік белестерді бағындырған шығармашыл тұлға.
Динжанова Толғанай Мухиденовна
Білім беру саласында 39 жылдық еңбек өтілі бар, жоғары санатты «педагог-зерттеуші», бастауыш сынып мұғалімі

1986 жылы Гурьев педагогикалық институтын «Бастауыш оқу педагогикасы мен методикасы» факультетін «бастауыш мектеп мұғалімі» мамандығы бойынша бітіріп шықты. Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық Тараз инновациялық институтында ғылыми-педагогикалық бағытта оқып, 2023 жылы “Педагогика және психология” мамандығы бойынша магистр дәрежесінде бітірген. Еңбек жолын Атырау облысы Индер ауданы М. Сиранов атындағы орта мектепте мұғалімдіктен бастап, мектеп директорының орынбасары қызыметін атқарды.1992 жылы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында мектеп басшыларының резервін дайындайтын үш айлық курстан өткен. 1996 -2000 жылдар аралығында Медеу ауданы №40 балабақшада тәрбиеші қызметін атқарған. 2000 жылдан бері Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық музыка мектеп-интернатында (РҚМММИ) табысты қызмет етіп келеді.
Толғанай Мухиденовнаның кәсіби шеберлігі заманауи технологияларды сабақ үрдісіне шебер енгізуімен ерекшеленеді. Ол – «Екінші деңгей» бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырған тәлімгер ұстаз. Педагогтың шығармашылық ізденістерінің нәтижесі ретінде «Логика әлемі» элективті курсы мен «Логикалық жаттығулар жинағы» атты авторлық оқу құралдарын атап өтуге болады. Бұл еңбектер қалалық білім бөлімінің сараптамасынан өтіп, оқу үрдісіне кеңінен енгізілген.
Ұстаздың еңбегі мемлекеттік деңгейде жоғары бағаланған. Ол ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Құрмет грамоталарына», «Үздік ұстаз» төсбелгісіне ие болды. Сонымен қатар, оның есімі халықаралық «Лучшие люди. Лучшие в образовании» энциклопедиясына еніп, арнайы медальмен марапатталған.
Толғанай Мухиденовна – сабырлы, жауапкершілігі жоғары және ұйымдастырушылық қабілеті зор маман. Ол мектеп пен отбасы арасындағы берік байланысты орната отырып, оқушылардың республикалық «Дарын» конференциялары мен пәндік олимпиадаларда жоғары нәтиже көрсетуіне тікелей ықпал етіп келеді. Өз ісіне адал ұстаз ретінде ұжым арасында үлкен сый-құрметке ие.
Жакишиева Гүлбараш Абжапбаровна
Тәжірибелі, жоғары білікті бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші

1983 жылы Алматы қаласындағы ҚазМУ-дың химия факультетіне оқуға түсіп, 1989 жылы тәмамдаған. Кейін кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында 2003 жылы Қыздар педагогикалық институтына түсіп, 2005 жылы педагогика және бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі мамандығы бойынша екінші жоғары білім алған. Еңбек жолын 1989 жылдан бастап, бүгінгі күнге дейін 37 жылдық педагогикалық тәжірибе жинақтаған білікті ұстаз. Қызмет барысында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (2006–2008, 2023–2025 жж.), мектеп әдіскері және бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі қызметтерін абыроймен атқарды. 2004 жылы «Жыл сынып жетекшісі» байқауында І орын алып, «Ұлағатты ұстаз» номинациясының иегері атанды.ҚР Президентінің «Тәуелсіздігімізге 30 жыл» төсбелгісінің иегері. Шығармашылық халықаралық конкурстың қазылар алқасында президум мүшесі болып қатысты. Білім беру саласына қосқан үлесі үшін ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасымен, «Ұлағатты ұстаз» медалімен, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Алғыс хатымен, ҚР Мәдениет және спорт министрлігініңт «Құрмет грамотасы», ҚР Мәдениет және ақпарат вице –министрінің «Сертификаты» және тағыда басқа марапаттармен марапатталған.
Ұстаз – шығармашыл, жаңашыл педагог. Авторлық бағдарламасы «Гарвардтық технология негізінде оқыту» бағдарламасы мен бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған әдістемелік еңбектері білім беру үдерісінде кеңінен қолданылып келеді. Халықаралық, республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысып, іс-тәжірибесімен бөліседі. Оқушылары түрлі деңгейдегі байқаулар мен олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болған. Ол – білім мен тәрбиені ұштастыра білген, кәсіби шебер, жаңашыл ұстаз.
Рыскулова Арзан Айтбаевна
Білім беру саласында ерекше қолтаңбасы бар, жоғары білікті бастауыш сынып мұғалімі

Рыскулова Арзан Айтбаевна – білім беру саласында ерекше қолтаңбасы бар, жоғары білікті бастауыш сынып мұғалімі. Оның педагогикалық жолы 1985 жылы Панфилов педагогикалық училищесін тәмамдағаннан кейін еңбек жолын 1985 жылы Ақтөбе облысы, Новоресей ауданы, Кредиковка ауылындағы орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі ретінде бастап, алғашқы педагогикалық тәжірибесін осы жерде жинақтады. 1988–1990 жылдары Хромтау қаласындағы «СКТУ» мекемесінде еңбек етті. Кейіннен білімін тереңдетіп, 1995 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша жоғары білім алды. Арзан Айтбаевнаның кәсіби өсу жолы Алматы қаласының беделді білім шаңырақтарымен тығыз байланысты. Ол 1990 -1994 ж. №138 және №81 мектептерде еңбек етіп, 1994–2015 жылдар аралығында Ы. Алтынсарин атындағы №159 гимназияда ұзақ жылдар бойы қажырлы қызмет атқарды. 2015 жылдан бастап Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық музыка мектеп-интернатында (РҚМММИ) ұстаздық етіп, дарынды шәкірттер тәрбиелеуге елеулі үлес қосты. Оның 40 жылға жуық еңбек өтілі – нағыз кәсіби шеберліктің көрінісі.
Ұстаздың басты мақсаты – оқушылардың логикалық ойлау қабілетін ұштап, шығармашылық белсенділігін арттыру. Ол сабақ барысында заманауи технологияларды тиімді қолдана отырып, әр баланың жеке қабілетін ашуға басымдық береді. Сонымен қатар, Арзан Айтбаевна әдістемелік бағытта да белсенділік танытып, өзінің озық іс-тәжірибесін мақалалар арқылы бөлісіп келеді. Ұстаздың еңбегі мемлекет тарапынан лайықты бағаланып, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Құрмет» грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды.
Джанпейсова Айнур Айтановна
Білім беру саласында 33 жылдық еңбек өтілі бар, тәжірибелі «педагог-модератор», «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісінің, Республикалық «Үздік мұғалім» төсбелгісінің иегері, білікті бастауыш сынып мұғалімі

Джанпейсова Айнур Айтановна – білім беру саласында 33 жылдық еңбек өтілі бар, тәжірибелі «педагог-модератор», «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісінің, Республикалық «Үздік мұғалім» төсбелгісінің иегері, білікті бастауыш сынып мұғалімі. Ол 1995 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Бастауыш сынып мұғалімі және әдіскер» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2005 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын тарих және география мамандығы бойынша аяқтаған.1993 жылдан бастап Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық музыка мектеп-интернатында (РҚМММИ) үзіліссіз қызмет етіп, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге зор үлес қосып келеді. Айнур Айтановнаның ұстаздық қызметі оқушылардың бойына адалдық, еңбексүйгіштік пен ізгілік құндылықтарын дарытуға бағытталған. Оның кәсіби жетістіктері мемлекеттік деңгейде жоғары бағаланып, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Құрмет грамотасымен» және көптеген алғыс хаттармен марапатталды. 2025 жылы «Абай оқулары», «Ілияс оқулары» республикалық шығармашылық байқаулары мен «Алтын ұрпақ» олимпиадасында көрсеткен нәтижелі еңбегі үшін арнайы грамоталарға ие болды.
Ұстаздың шәкірттері «Кенгуру», «Ақбота» интеллектуалдық конкурстары мен «Мың бала», «Ашық алаң» зияткерлік орталықтары ұйымдастыратын республикалық додаларда тұрақты түрде жүлделі орындарды иеленіп келеді. Айнур Айтановна оқушыларды ұлттық әдебиет пен өнерге баулу мақсатында Мағжан, Жамбыл, Мұқағали оқуларына жүйелі түрде дайындайды.
Педагогтың ғылыми-әдістемелік әлеуеті де жоғары. Ол 2022 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-да өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, білім беруді дамытудың өзекті мәселелері бойынша өз тәжірибесін ортаға салды. Ол – өз ісіне жауапты, инновациялық технологияларды меңгерген, ұжым мен ата-аналар арасында беделді шығармашыл ұстаз.
Амурзақ Айым Ертайқызы

ҚазНұр гуманитарлық колледжінің 2025 жылғы түлегі. Ол өзінің алғашқы педагогикалық еңбек жолын 2025 жылдың 1 қазанынан бастап Ахмет Жұбанов атындағы РҚМММИ-да бастауыш сынып мұғалімі ретінде бастады. Жас маманның алғашқы қадамдары сәтті болып, 2026 жылғы «Ақбота» олимпиадасына ол 14 оқушы дайындап, оның 8-і жүлдегер атанды. Айым Ертайқызының кәсіби шыңдалуына мектеп әкімшілігі, атап айтқанда, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Искакова Жанар Шамшихановна ерекше көңіл бөлуде. Тәжірибелі ұстаз ретінде ол жас маманға оқу үдерісін жоспарлау, білім беру стандарттарын сауатты меңгеру және әдістемелік жұмыстарды жүйелеу бағытында ұдайы кәсіби көмек көрсетіп келеді.
Сонымен қатар, жас маманның тікелей тәлімгері болып педагог-зерттеуші Нурдилдаева Жулдыз Мухановна бекітілген. Тәлімгерінің жетекшілігімен Айым Ертайқызы мектеп құжаттарын толтыруды, сабақтың тиімді әдіс-тәсілдерін терең меңгеріп, тәжірибе жинақтау мақсатында әріптестерінің сабақтарына белсенді қатысуда. Бұл біртұтас қолдау жас ұстаздың болашақ білікті маман ретінде қалыптасуына берік негіз болып табылады.
Бастауыш сынып ұстаздарының әдістемелік жұмыстары





























Бастауыш сынып мұғалімдері оқу жылы барысында кәсіби тәжірибесін жетілдіру мақсатында ашық сабақтарөткізіп бір –бірімен тәжірибе алмасып сабақ өткізу тәсілдерін, шеберліктерін шыңдау үстінде.
Сонымен қатар тәрбиелік бағытта да ашық сынып сағаттарын жоғарғы деңгейде ұйымдастырды. Педагогтар өзара тәжірибе алмасу үшін семинарлар мен коучингке белсенді қатысып отырады. Жыл ішінде ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, өз білімдерін толықтырды. Мектеп оқушыларын «Ақбота» зияткерлік байқауына қатыстырып, білімдерін сынады. Ал «Кенгуру» халықаралық байқауына да оқушыларын қатыстырып жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Көркемсөз оқу сайысына оқушыларын қатыстырып, оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын, өлең оқуға деген қызығушылықтарын жетілдіріп келеді. Сонымен қатар ұстаздар кәсіби біліктілігін арттыру курстарынан өтіп, жан –жақты өздерін дамыту үстінде.
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕР МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІГІ

Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының жалпы пәндер бөлімінің жаратылыстану пәндері бірлестігі жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім беру жолында ерінбей, талмай еңбек етіп келе жатқан бірлестік. Мұнда оқушылар жаратылыстану пәндерін атап айтқанда математика, физика, химия, биология, география, информатика, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәндерін оқып, іргелі білім алады. Пән мұғалімдерінің педагогикалық қызметінің маңызды қыры – оқушыларға деген шынайы сүйіспеншілік пен олардың шығармашылық әлеуетін ашуға деген ұмтылысы.
Бірлестікте 12 мұғалім жұмыс істейді. Математика пәнінің мұғалімдері С.Ж.Сабырова, Г.Жагслаг, химия пәнінің мүғалімі Д.О.Абдулина, география пәнінің мұғалімі К.Т. Даркембаева, биология пәнінің мұғалімі А.Д.Қазақбаева, физика пәнінің мүғалімі Г.С. Серікханова, информатика пәнінің мұғалімдері Г.Ж. Жартаева, Ж.Ш.Искакова, А.О.Оразов, АӘжТД пәнінің мұғалімі С. Кусаинов, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Е.А. Джанпеис, Н.А. Арынханов сияқты мұғалімдер оқушылардың бойына білім нәрін сіңіріп, өнегелі тәрбие беруде. Жаратылыстану пәндер бірлестігі жүйелі түрде жұмыс жасап, мұғалімдер өзара тәжірибе алмасып отырады.
Мектеп оқушылары жаратылыстану пәндері бойынша республикалық деңгейдегі пәндік олимпиадаларда, ғылыми жобалар сайысында, түрлі байқауларда мектебіміздің намысын қорғап, алдыңғы қатарлы жүлделі орындарды иемденіп, жан-жақты дарын иесі екенін сан мәрте дәлелдеп келеді.








Жартаева Гульзира Жиеналиевна
Жаратылыстану пәндер мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік жетекшісі

А. Жұбанов атындағы РҚМММИ жаратылыстану пәндері бірлестігінің жетекшісі. Информатика пәнінің мұғалімі, педагог – зерттеуші, білімі жоғары: Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік Ұлттық Университетін 2000 жылы математик мамандығы бойынша, 2006 жылы Тараз Институтын информатика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. 2014-2015 оқу жылынан бастап А. Жұбанов атындағы РҚМММИ -ында жұмыс істеп келеді.
2024 жылы өткен Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» РҒПО «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының республикалық кезеңінің, 2025 жыл 10-11 қаңтарда өткен Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» РҒПО «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсының республикалық кезеңінің қатысушысы. Алматы қалалық «Өрлеу» БАҰО АҚ, ұйымдастырған «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының 1 – орын иегері. 2024 жылы Мәдениет және Ақпарат министрінің Құрмет грамотасымен, «Өрлеу» БАҰО АҚ Құрмет грамотасымен,, Республикалық кәсіби даму институтының Құрмет грамотасымен, 2023 жылы Мәдениет және Ақпарат министрінің Алғыс хатымен, марапатталған.
Бірнеше халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, сертификат алған. Оқушысы Халықаралық ғылыми жобалар байқауының 1 орын иегері. Жыл сайын РҒПО «Дарын» ұйымдастырған «Ақбота» зияткерлік олимпиадасының, «Вебрас» интелектуалды конкурсының информатика пәнінен оқушылары жүлделі 1,2,3 орынға ие болып келеді.
Серікханова Гүлзат Серікханқызы
Физика пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы

Еңбек өтілі 16 жыл. 2005 – 2009 жылдары Алматы қаласы Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті, физика – математика факультеті, физика бакалавры мамандығы бойынша білім алған.
2009 жылдан бастап Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған қазақ мамандандырылған музыка мектеп – интернатында физика пәнінің мұғалімі қызметін атқарып келеді. Мектептің іс-шараларына белсенді қатысып, мектеп ішілік атестаттау комиссиясының мүшесі. Халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысып, ғылыми мақалалары жарияланып келеді. Оқушылары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, «АҚБОТА» зияткерлік олимпиадаларында белсене қатысады. Білім беру саласындағы нәтижелі еңбегі үшін қалалық, республикалық және халықаралық деңгейдегі алғыс хаттарымен марапатталған.
Казакбаева Аклима Дотаевна
Педагог-зерттеуші, биология пәнінің мұғалімі

Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық МемлекеттіК Университетін 1998 жылында бітірген. Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Мемлекеттік Университетін 2004 жылы химик-Магистр бітірген. 2015 жылы Шымкент Университетінің биология мамандығы бойынша білім бакалавры академиялық дәрежесі берілді. Ғылыми дәрежесі, атағы: Магистр
2008 жыл Құрмет грамотасы Білім Департементі Алматы қаласы «Қалалық білім беру жүйесйіндегі шығармашылық еңбегі және жеткіншек ұрпақты тәрбиелеудегі табыстары үшін марапатталды. 2024 жыл Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат Министрлігінің Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасы Мәдениет Министрлігі А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ Музыка мектебі «Ұстаздар күні» арналған кәсіби мерекесіне орай Алғыс хатымен марапатталды. Қазақстан Республикасы Ақпарат Министрлігі Республикалық ғылыми-тәжірибелік «Ы.Алтынсарин ізбасарлары» журналына оқушысының еңбегі жарияланып, Жарқын болашақтың білімдар, зияткер ұрпақтарын тәрбиелеу жолындағы игі істерге өз үлесесін қосқаны үшін марапатталды.
2024 жылы Қазақстан Республикасы Оқу–Ағарту Министрлігі Өрлеу” Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы Ақтөбе облысы бойынша АҚ филиалы 1 Республикалық TeachStart-2024 Педагогикалық Олимпиадасына биология пәні бойынша қатысып, ІІІ-орын иеленді.
Сабырова Сауле Джакашевна
Математика пәнінің оқытушысы,білікті әрі тәжірибелі ұстаз, педагог-зерттеуші

Жалпы еңбек өтілі 31 жыл. Білімі жоғары: Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің физика-математика факультетін математика-информатика мамандығы бойынша 1995 жылы бітірген. А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ-да 1995 жылдан бері математика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарады.
Сабырова Сауле Джакашевна әдістемелік-педагогикалық тәжіріибесін дамыту мақсатында семинарлар мен конференцияларға қатысып, мақалалары республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық басылымдарда жарияланған.
Сауле Джакашевна ұстаздық қызметін атқара отырып, білім саласына қосқан үлесі үшін 2014, 2022 жылдары Қазақстан республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасымен, мектеп әкімшілігі тарапынан 2019, 2020 жылдары Алғыс хатпен марапатталды. 2019 жылы Халықаралық энциклопедия «Лучшие в образовании» «Қазақстан Республикасының Ұлт мақтанышы» номинациясы бойынша «За вклад в развитие образования» төсбелгісмен , Халықаралық энциклопедия «Лучшие в образовании» «Қазақстан Республикасының Ұлт мақтанышы» I дәрежелі дипломымен марапатталды.
Оқушылары әр түрлі Республикалық байқаулар мен олимпиадалардың жеңімпаздары атанды.
Джанпеис Ермек Айтанұлы
А. Жұбанов атындағы РҚМММИ-ның дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, педагог- модератор

Білімі жоғары: Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетін 2018 жылы дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек өтілі – 9 жыл.
Алматы футбол федерациясының мүшесі. Қазақстан Республикасы футбол федерациясының халықаралық дәрежедегі судьясы. Мектеп оқушыларынан құралған балалар футбол командасы бірнеше рет Алматы қаласының кубогін жеңіп алған. 2023 жылы оқушысы «Үздік қақпашы», 2024 жылы «Үздік ойыншы» номинациясын жеңіп алған.
1997-2001 жылдар Кайрат футбол клубы ойыншысы, 2001-2005 жылдар Иле Саулет футбол клубы ойыншы, 2005-2008 жылдар Сунқар футбол клубы ойыншы, 2010-2016 жылдар “Д” “С” категориялы жаттықтырушы, 2018 жылдан Алматы қаласы футбол федерациясы төрешілер корпусы орынбасары, 2020 жылдан ҚР футбол біріншілігің төрешісі.
Жагслаг Гулмарал Жагслаг
Жұбанов атындағы РҚМММИ-ның математика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші

Білімі жоғары: Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті 1996 жыл математика және информатика пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша бітірген.
2024 жылы Мәдениет және Ақпарат министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
«Жастардың инновациялық идеялары-болашаққа бастар жол» Республикалық ғылыми-зерттеу жобалар конкурсына оқушысы қатысып, жүлделі 3 орын иеленді және оқушы дайындағаны үшін Құрмет грамотасымен марапатталды. «Дарын» РҒПО ұйымдастырған Республикалық математика пәні мұғалімдеріне арналған «Педстарт» олимпиадасының 2 орын, «Өрлеу» БАҰО АҚ ұйымдастырған I Республикалық «TeachStart-2024» атты педагогикалық олимпиадасының 1 орын иегері. Жыл сайын РҒПО «Дарын» ұйымдастырған «Ақбота», «Кенгуру» зияткерлік олимпиадасын оқушылары қатысып, жүлделі 1,2,3 орынға ие болып келеді.
Даркембаева Кульбиби Туткабековна
Педагог-зерттеуші

А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатында 1995 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қызмет етеді. География және жаратылыстану пәндерінің мұғалімі.
2014 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің Құрмет грамотасы, Алматы қаласы Білім департаментінің «Құрмет грамотасы» мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт министрінің «Құрмет грамотасымен», Министр А. Ораловтың «Алғыс хатымен», 2025 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған зейнеткер ұстаз.
Аблулина Дина Оринбаевна
А. Жұбанов атындағы РҚМММИ – ның химия пәні мұғалімі, педагог-модератор

Еңбек өтілі-36 жыл. Білімі жоғары: Қазақтың С.М. Киров атындағы Мемлекеттік Университетін 1989 жылы Химик – Оқытушы мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылы Г.Титов атындағы мектепте бастап, кейін әртүрлі білім беру ұйымдарында химия пәнінің мұғалімі және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. 2004 жылдан бастап А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта жұмыс істейді. Қазақстан Республикасы Президентінің «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы» медалімен. 2023 жылы ҚР Ақпарат және мәдениет министрінің «Құрмет грамотасын» иеленді.2024 жылы «Өрлеу» БАҰО Республикалық кәсіби даму институтының «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Қоғамдық ұйымдар тарапынан да жоғары бағаланған ұстаз. 2023 жылы «Алматы-Желтоқсан» республикалық қоғамының Құрмет грамотасына ие болды. 2021 жылы «Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігі тарапынан «Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы» куәлігі беріліп, сондай-ақ «Желтоқсан ардагері» медалімен марапатталды. Бұдан бөлек, «Желтоқсан қозғалысының 35 жылдығы» мерекелік медалі табысталды. Алматы облысы, Қарасай ауданы әкімінің «Құрмет грамотасымен» 2022, 2023 және 2025 жылдары бірнеше рет марапатталған.
Дина Оринбаевна үнемі кәсіби дамуға ұмтылып, біліктілікті арттыру курстарынан өтіп отырады. Заманауи білім беру технологияларын меңгерген, оқушылардың жетістіктерін арттыруға үлес қосып, педагогикалық тәжірибесін үнемі жетілдіріп жүрген білікті педагог.
Арынханов Нұрдәулет Арманұлы
Жалпы білім беру ұйымында қызмет атқаратын жас педагог, дене шынықтыру пәні мұғалімі

2016–2020 жылдары КазАСТ университетінің Олимпиадалық спорт факультетін тәмамдап, сабақ үдерісін жоспарлау, дене даярлығын дамыту және оқу-жаттығу жүктемесін дұрыс мөлшерлеу бағытында кәсіби білім алды.
2025 жылдан бастап А. Жұбанов атындағы балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатында дене шынықтыру пәнінін мұғалімі. Педагогикалық жұмысында оқу бағдарламасын жүйелі орындауға, қауіпсіздік техникасын сақтауға, жарақаттың алдын алуға және оқушылардың спортқа қызығушылығын арттыруға ерекше мән береді.
Кәсіби артықшылығы — футбол саласындағы тәжірибе: КФФ Премьер-лигасының ұлттық санаттағы төрешісі, Алматы футбол федерациясы Төрешілік комитетінің хатшысы. 2024 жылы Швейцарияның Ньон қаласында өткен UEFA “Талант және Тәлімгер” бағдарламасына қатысқан.
Кусаинов Сатвалды Токтарбаевич
А. Жұбанов атындағы РҚМММИ – ның алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі, педагог-модератор

2024-2025 оқу жылынан бастап А. Жұбанов атындағы РҚМММИ – ның алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі, педагог-модератор.
Білімі жоғары: Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық институтын 1981 жылы аяқтаған. Педагогикалық өтілі – 34 жыл.
2013 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірінің «Құрмет грамотасымен», Алматы қаласы білім департаментінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған. «Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 20 жылдық медалімен», «Бауыржан Момышұлының 100 жылдық», «Патриоттық тәрбие үшін», «За преданность делу» медальдарының иегері.
ҒЫЛЫМИ – ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТОП БІРЛЕСТІГІ
Куташова Кундыз Кенесбекқызы
Бірлестік жетекшісі

Мектебіміздегі Шығармашылық топ бірлестігі – мұғалімдердің кәсіби дамуын қолдайтын, тәжірибе алмасуды ынталандыратын және инновациялық әдістерді сабаққа тиімді енгізуді мақсат еткен топ. Бірлестік өз жұмысында оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, сабақтарды қызықты әрі нәтижелі өткізуге бағытталған жүйелі іс-шараларды ұйымдастыруды мақсат етеді. Бірлестік қызметінің негізгі бағыттары – педагогикалық тәжірибені бөлісу, заманауи оқыту технологияларын зерттеу, интерактивті және цифрлық платформаларды сабақта қолдану, олимпиадалар мен шығармашылық байқауларға дайындық жүргізу. Сонымен қатар, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында семинарлар, тренингтер, воркшоп, шеберлік сағаттары мен дөңгелек үстелдер тұрақты түрде ұйымдастырылады.
Жылдық жоспарға сәйкес, аптаның әр бейсенбісі – әдістемелік күн болып белгіленіп, мұғалімдер тәжірибе алмасып, практикалық-теориялық сабақтар мен тренингтер арқылы жаңа әдіс-тәсілдерді зерттейді.
Әдістемелік күндерде Жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын сабаққа қолдану жолдары қарастырылып, оқушылардың интерактивті тапсырмаларды орындауы, білімді бекіту, бағалау және жеке деңгейге бейімделу тәжірибесі көрсетіледі.Нәтижесінде, шығармашылық топ бірлестігі педагогикалық мәдениетті нығайтып, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыруға, оқушылардың жан-жақты дамуына және сабақ сапасын көтеруге маңызды үлес қосады.






