Бейімбет Демеу, Мақпал Жүнісова, Толқын Забированың есімін ел-жұртқа таныстырып жатудың өзі артық. Ұзақ жылдар бойы құрмет пен қошеметке бөленіп, еңбегі мен талантының арқасында халықтың сүйіктісіне айналған өнер өкілдері. Дегенмен, олар тірнектеп жиған абырой-даңқтың арғы жағында А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының хор дирижерлау бөлімі ұстаздарының үлесі жатқанын біреу білсе, біреу білмес.
1964 жылы дарынды қазақ балаларына арнап ашылған мектеп-интернат алыстағы ауылдан келген талапкерлердің өмірдегі, өнердегі жолын айқындап берді. Аспаптық бөлімдермен қатар, теориялық құрамға кіретін хор дирижерлау бөлімі ашылып, алдына аса маңызды міндет қойды. Педагог-дирижерлар жас таланттардың тыңдап-түсіну танымын кеңейтіп, дирижерлік сабақтарға қызығушылығын оятты. Ең бастысы, ұлттық кадрларды нығайтып, хор жетекшілерін дайындау ісі қолға алынды.
Пысықталған тапсырмаларды орындау консерватория оқытушылары, республикаға танымал хормейстрлер Т.Н.Нұрымбетов пен Б.С.Кутуновқа жүктелді. Т.Н.Нұрымбетов бөлімді он жыл басқарып, 1970 жылдары кәсіби балалар хорын өмірге әкелді. Әрі қарай өсіп-өркендеуіне бар күш-жігерін жұмсады.
1975 жылы балалар санының көбеюіне байланысты мектеп әкімшілігінің шешімімен бөлім өз алдына жеке бөлініп шықты. Жетекшілікке В.Н.Мамизеров бекітілді. Өз мамандығына ессіз ғашық ерекше дарын иесі, талантты ұстаз В.Н.Мамизеров маңайына балалармен жұмыс істей білетін кәсіп иелерін жинақтады. Тәжірибелі мұғалім М.Р.Жәрдемәлиева, Т.А.Сәбитова,Ғ.С.Тотанова, А.А.Зиналиева, Н.Ю.Харченко сынды ұстаздар қосылды.Нақ осы жылдары М.Н.Мамизеров жетекшілігіндегі мектеп хоры танымалдық шыңына көтерілді. Ұжымның концерттік қызметі – үкіметтік концерттер мен теле-түсірілімдерге қатысу, радиоға ән жаздыру, фестивальдерде бақ сынау сияқты толып жатқан ауқымды шараларды қамтыды. 1978 жылы Мәскеудің Үлкен театрында өткен үкіметтік концертте Е.Рахмадиевтің «Конституция туралы поэма» кантатасы орындалды.
Хор ұжымының жоғары жетістікке жетуіне, әрине, жетекшінің ықпалы зор. Хормейстердің жұмысы дирижерлік техниканы меңгерту ғана емес, хор партитураларын оқу, дұрыс дыбыс шығара білу дағдыларына үйрету. Жеткіншекті өз ісіне мығым жеке тұлға ретінде қалыптастыру. Бөлім ұстаздары бұл көздеген мақсаттарына баланың шығармашылық қабілетін ашуға арналған жекелей сабақтар барысында қол жеткізіп отырды.
Ұстаздар еңбегінің жемісі – мектеп түлектері. Мәселен, Б.Демеу – Б.Байқадамов атындағы мемлекеттік хор каппеласының бас дирижеры және көркемдік жетекшісі, К.Асанәлиева, Г.Әлуақасова, Қ.Баймулдинова, Ж.Сакибекова, А.Сұлтанова, Б.Абирова, Д.Саймасаева, А.Ахаева, Л.Байжүнісова Г.Жамықанова, Р.Балтиева және тағы басқалар – еңбек жолын ұстаздық қызметпен жалғастырды. Бөлім қызметкерлері қалыптастырған кәсіби база бітіруші жастардың республикамызда ғана емес, Ресей, Еуропа жоғарғы оқу орындарына түсуге мүмкіндік берді. Мысалы, Т.Жартыбаев (ұстазы Ғ.С.Тотанова) – П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының әскери-дирижерлік кафедрасын бітіріп, қазір Қазақстан Республикасы мемлекеттік үрлемелі аспаптар және Президент оркестрінің әскери дирижері. Г.Жамықанова 147 – Мюнхендегі Рихард Штраус атындағы консерваторияны тәмамдап, шығармашылық жолын Германияда жалғастырып жүр. Е.Дүйсебаев (ұстазы Қ.Т.Баймулдинова) – Қазан консерваториясын Қазақстан және Татарстанның халық артисi, профессор Ф.Мансуровтың қолында тәмамдады. Д.Төлеев (ұстазы Ғ.С.Тотанова), Л.Шәкенова (ұстазы Л.Р.Жүнісова) – Мәскеу консерваториясының студенті. К.Құрал (ұстазы Ғ.С.Тотанова) – Мәскеудегі В.С.Попов атындағы вокал және хор өнері академиясында білім алады. Түлектер арасынан Б.Оралбеков – (ұстазы Ғ.С.Тотанова), Т.Андосов (ұстазы Н.Ю.Харченко) сияқты композиторәрлеушілер, З.Қасымова, Т.Забирова (ұстазы Ғ.С.Тотанова) сынды ғалымпрофессорлар шықты. Бұл тізімді басқа бөлімнің балаларымен де толықтыруға болады. Өйткені хор сабақтары 1–4 сыныптан үйретіліп, кейін мектептің міндетті бағдарламасына енеді. Осыған орай, кіші және жоғары сыныптарға арналған арнайы оқу бағдарламалары құрастырылды.
Әр жылдары балалар кіші хорының жетекшілері Н.Ю.Харченко, Ғ.С.Тотанова, А.А.Зиналиева және жоғары сыныптар хорының жетекшілері – В.Н.Мамизеров, Н.Ю.Харченко, Қ.Т.Баймулдина, Ш.К.Бүркітбаева, Л.Р.Жүнісова, Е.Х.Дүйсебаев болды. 1995–2013 жылы жоғары сынып хорына А.Б.Ахаева жетекшілік етті. Альфия Берікқызы орындаушылық, Н.Ю.Харченко мектеп хорымен Қазақконцерт ғимаратының алдында «Ақ тілек» балалар хоры 148 ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында батыл шығармашылық қадамдар жасады. М.Төлебаевтың «Біржан – Сара» операсынан үзінді, Т.Қажғалиевтің «Одағым», А.Жұбановтың «Қарлығаш», «Ақ көгершін» әндері, А.П.Бородиннің «Князь Игорь» операсындағы «Половецкие пляски» қойылымы, В.А.Моцарттың «Regina coeli», Вивальдидің «Глория» кантатасы сынды күрделі туындыларды хор репертуарына енгізді. Оқытушылардың кәсіби дайындығының өсуіне, өмірлік тәжірибесін жетілдіруге Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы хор дирижерлау кафедрасымен жасалған қоян-қолтық жұмыс септігін тигізді.
1994 жылы Президент бастамасымен, Мәдениет министрлігінің тапсырмасымен А.Жұбанов мектебінде «Ақ тілек» ұлдар хоры құрылып, хор дирижерлау бөлімінің беделін өсіре түсті. Жетекшілік қызметке В.Н.Мамизеровтен дәріс алған мектеп түлегі Қарлығаш Баймулдинова лайық деп табылды. Аз уақыт ішінде репертуар түзіліп, Абайдың 150 жылдық мерейтойына орай Мәдениет министрлігі ұйымдастырған шараларда өнер көрсетті. 25 жыл бойы «Ақ тілек» балалар хоры үкіметтік және мектептің есептік концерттерінен тыс қалған емес. 2019 жылдан бастап ұлдар хорының жетекшілік жұмысын Ляззат Жүнісова жоғары дәрежеде атқары.
А.Б.Ахаева жетекшілік ететін хор дирижерлау бөлімі сан қырлы музыканттарды бір мүддеге жұмылдырып, әртүрлі жанрда, стильде жұмыс істеп отырған ынтымағы ұйысқан ұжым. Ғ.С.Тотанова, А.Б.Ахаева, Л.Р.Жүнісова, А.Тубажанова, Н.Касимов хор дирижерлау бөлімінің өрістеуіне аянбай қызмет етуде. Қ.Баймулдинова – дирижерлау және хор партитураларын оқыту, Ғ.С.Тотанова – хор жүргізу және хор аранжировкасы, А.Б.Ахаева – педагогикалық тәжірибе, хор сыныбы және хорға ыңғайланған шығармалар бағдарламасын дайындады. Бішкек, Түркия қалаларына табысты гастрольдер өтіп, бөлім шәкірттері хор олимпиадаларында бақ сынады. Д.Төлеев, Л.Шәкенова, М.Кұлниязова, Қ.Мұқажанова, Н.Жүнісхан, А.Жүсіпова, Т.Әбдіғұлова, К.Есеева, А.Құдайберген, Ғ.Мыңжасарова жүлделі орындарға ие болды.
Хор дирижерлау бөлімінің ұстаздары 60 жылдан бері балалардың дауыс ерекшеліктерін ескере отырып, музыкалық тәрбие әдістерін жетілдіріп келеді. Төменгі-жоғары сынып және ер балалар хорындағы әр оқушының тембріне қарай жұмыс жасалады. Музыка ырғағы арқылы есту, есте сақтау қабілетін қалыптастырады. Орындаушылық өнерін дамытуға арналған түрлі тапсырмалар беріледі. Поэтикалық мәтінді жаттап, көркем образ жасау жолдары түсіндіріледі. Осындай тыңғылықты еңбектің арқасында өнер көгі әлі талай жарқыраған жұлдыздармен толыға берері анық!
Аспаптық бөлімдермен қатар, теориялық құрамға кіретін хор дирижерлау бөлімі ашылып, алдына аса маңызды міндет қойды. Педагог-дирижерлар жас таланттардың тыңдап-түсіну танымын кеңейтіп, дирижерлік сабақтарға қызығушылығын оятты. Ең бастысы, ұлттық кадрларды нығайтып, хор жетекшілерін дайындау ісі қолға алынды. Пысықталған тапсырмаларды орындау консерватория оқытушылары, республикаға танымал хормейстрлер Т.Н.Нұрымбетов пен Б.С.Кутуновқа жүктелді. Т.Н.Нұрымбетов бөлімді он жыл басқарып, 1970 жылдары кәсіби балалар хорын өмірге әкелді. Әрі қарай өсіп-өркендеуіне бар күш-жігерін жұмсады.
1975 жылы балалар санының көбеюіне байланысты мектеп әкімшілігінің шешімімен бөлім өз алдына жеке бөлініп шықты. Жетекшілікке В.Н.Мамизеров бекітілді.
1994 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі А.Жұбанов атындағы РҚССМШИ базасында қазақ ұлдар хорының құрылуын Баймулдинова Қарлығаш Тельманқызына тапсырды.
Қазіргі таңда хор жетекшісі Адилова А.У. «Ақ тілек» ұлдар хоры және “Үлкен мектеп” хоры Астанада өтетін үкіметтік концерттердің және еліміздің үлкен өнер ордаларында Жамбыл атындағы филармония, Абай атындағы опера балет театры ,республика сарайы, алматы театры,алатау театры,астана балет театр,конгресс хол театрларында өтетін мемлекеттік мәдени іс шараларда өнер көрсетті.
Қазіргі уақытта бөлімде келесі ұстаздар қызмет атқарады:
Адилова А.БюУ., Ахаева А.Б., Бақберсін Ә.І., Ондасынова М.Б., Жарменова Л.Б.,Нефедова Л.К., Маханбетжанова А.Б.
Дирижерлік-хор бөлімі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясымен тығыз байланыста жұмыс істеп, әдістемелік бағытқа ықпал етті.





Адилова Айнура Уалиханқызы
Педагогика ғылымдарының магистрі, Мәдинет министрлігінен “Құрмет” грамотасымен марапатталған, педагог-зерттеуші, Ахмет Жубанов атындағы РҚМММИ-ның “Хорды дирижерлеу” бөлімінің меңгерушісі, ”Ақ тілек” ұлдар хорының жетекшісі

2006 жылы Оңтүстік Қазақстан музыка колледжін хор дирижерлау мамандығы бойынша үздік бағамен және 2010 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваторияны доцент Ж.Жумабековтан бітірді. Айнура Уалиханқызы өзінің еңбек жолын 2010 жылы Ахмет Жубанов атындағы РҚМММИ-ның «Хорды дирижерлау» бөлімінің ұстазы ретінде бастады. А.У.Адилова Оқушылары Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаттары: А.Жусипова – Республикалық олимпияданың 3 орын иегері (2011),«Ғұмырдария» халықаралық ән байқауында «Жас даурен» хоры бас жүлделі болды (2012 ж.), А.Мухтарұлы – «Асыл мұра» Республикалық ән байқауының 1 орын иегері.(2012)
Нуржау Темірлан – “CA ACCORD” Халықаралық конкурсының 1ші орын (2024) Республикалық олимпиада 3 орын (2024)
Дауытова Анел – Халықаралық конкурс “CA ACCORD” 2 орын (2024)
Бейсекенова Адия – А.Жубанова атындағы халықаралық конкурстың 1 орын иегері (2026)
Жеңіс Жарқынай – А.Жубанов атындағы халықаралық конкурс Гран-При (2026)
Айнур Уалиханқызының шәкірттері Құрманғазы атындағы консерваторясының және Шабыт университетінің студенттерімен түлектері, соның ішінде шәкірті Маханбетжанова А.Б. А.Жубанов мектебінде өзінің еңбек жолын жалғастырып жүр.
Айнур Уалиханқызы “Ақ тілек” ұлдар хорымен еліміздің мемлекеттік ауқымдаүы іс-шараларда өнер көрсетеді:
Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік капелламен жәнеде ГАСО бірге Густв Маллер 3 симфониясын орындады (2023).
А.В. Беляков жетекшілік ететін Эстрада симфониялық оркестрімен Республика Сарайында Батырхан Шукеновты еске алу кеші солист Рустем Нуржігіт (2024). Отырар сазы оркестімен (2024).
Республика күніне арналған концерт А.В. Беляков жетекшілік еткен эстрадно симф.оркестрмен бірге (2024).
А.Жубанов атындағы РҚМММИ 60жылдық мерей тойының ашылуында өнер көрсетті(2024).
Айнамкөз атты Айгул Қосанованың концерті, Респбулика сарайы(2025).
Құрманғазы атындағы ұлттық оркестрімен бірігіп А.Жубановтың 120жылдық мерей тойына арналған концертте өнер көрсетті(2026).
Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясында өткен “Uly dala uni”атты фестивальға қатысты (2024).
Алматы театрында «Астана Балет» театрының солисттерімен «Ақ тілек» ұлдар хоры өнер көрсетті(2024).
2025 жылы 23 ақпанда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филормониясында «New Year Fest Phiharmonic» фестиваль аясында Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық фольклорлы- этнографиялық оркестрімен «Ақ тілек» ұлдар хоры өнер көрсетті.
2024 жылы 9 сәуірде «Айнамкөз» атты Айгүл Қосанованың 50 жылдық мерейтойында Ақ тілек ұлдар хоры өнер көрсетті.
2025 жылы 17 сәуір Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваторисында «Ұлы дала үні» вокал-хор өнері фестиваліне «Ақ тілек» ұлдар хоры қатысты.
2025 жылы 1 мамыр Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филормониясында «Гүл Алматы» фестиваліне «Ақ тілек» ұлдар хоры қатысты.
Ұлттық кітапханада «Ұлан» газетінің 95 жылдығына арналған іс шарада өнер көрсетті.
Сонымен қатар Адилова А.У ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ-ның» лекторы жәнеде Хабар телеарнасында өткізілген”Бес жұлдыз” бағдарламасының тағыда бірнеше бағдарламаның сарапшысы.
Ахаева Альфия Берикбосыновна
1989 жылы А. Жұбанов атындағы мектепті «Хор дирижерлігі» мамандығы бойынша, ұстазы Ғалия Сатыбалдинқызы Тотанованың сыныбында тәмамдады

Еңбек жолын 1995 жылы осы мектептің аға хорының жетекшісі ретінде бастады. А. Б. Ахаева хор репертуарына мазмұны мен сипаты жағынан күрделі әрі әртүрлі шығармаларды енгізді. Олардың қатарында М. Төлебаевтың «Біржан – Сара» операсынан көрініс, Т. Қажғалиевтің «Одағым» шығармасы, А. Жұбановтың «Қарлығаш» және «Ақ көгершін» әндері, А. П. Бородиннің «Князь Игорь» операсындағы «Половец билері», В. А. Моцарттың «Regina coeli» кантатасы, А. Вивальдидің «Глория» кантатасы және басқа да туындылар бар. Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі А. Б. Ахаева Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Дирижерлеу» кафедрасымен тығыз байланыс орнатқан. Оның шәкірттері республикалық олимпиадалардың лауреаттары атанып, мектеп түлектері Қазақстанның түрлі жоғары оқу орындарында білімдерін жалғастыруда.
2022 жылғы түлек Дана Құсбекова Италияның Падуя қаласындағы Чезаре Поллини атындағы консерваторияға оқуға түсті.
1995-1996 жж., 1997- 2009 жылдарда А. Жұбанов атындағы РҚМММИ жалпы мектеп хорының жетекшісі болды. Осы жылдары А.Б.Ахаева үлкен концерттік жұмыстар аткарды. А.Б.Ахаева ерекше енбегі үшін бірнеше рет музыка кайраткерлері одағының, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваторияның, ҚР Тұңғыш Президент одағының колдауымен өткізілген Республикалык студенттер олимпиадасына қатысканы үшін Алғыс хаттармен марапатталды. 1997-2009 жылдар арасында А.Жұбанов атындағы РҚМММИ-ның жалпымектептік хоры Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі ұйымдастырған Үкіметтік шараларға, Республика сарайында, Орталык концерттік залында, Алматының Абай ат. Мемлекеттік опера және балет театрында, Мемлекеттік филармонияда, Казакконцерт залында, Кұрманғазы атындағы ұлттық консерваторияда тағы баска сахналарда өткізілген концерттерге тәжірибелі маман ретінде өз үлесін қосып, белсене қатысты. А.Б.Ахаеваның жетекшілігімен жалпымпектептік хор үлкен сахналарда казак, орыс, шетел сазгерлерінің шығармаларын Құрманғазы ат. Мемлекеттік қазақ халык аспаптар оркестрі және Жамбыл ат. Филармониянын Мемлекеттік симфониялық оркестрлерімен бірлесе орындап жоғары денгейде өнер көрсетті. Ахаева А.Б. хордың репертуарына күрделі шығармаларды енгізді. 1. А. Вивальди «Глория» кантатасы; 2. А. Бородин «Князь Игорь» операсынан «Половецкие пляски»; 3. М.Төлебаев «Біржан-Сара» операсынан хорлар; 4 В.А.Моцарт Regina coeli – кантатасы; 2006 жылы Ахаева А.Б. композитор Әліби Әбдінуровпен бірлесіп Ахмет Жұбановтын 100 жылдығына арналған «Ұрпақ әуені» атты нота жинағын «Өнер» баспасында шығарды. Альфия Берікбосыновна жинаққа кірген Ә. Әбдінуровтың әндерін балалар хорына лайықтап өңдеді. А.Б. Ахаева ұстаздық кызмет аткара жүріп, бөлім меңгерушісі ретінде әдістемелік жұмыстар орындайды. Жас мамандарға үнемі әдістемелік көмек көрсетіп отырады. Көп жылғы тәжірибесіне сүйене отырып, Альфия Ахасва мамандырылған музыка мектептердің хор дирижёрлау бөлімінің окушыларына арнап «Хор сыныбы» атты оқу бағдарламасын кұрастырды. А.Б. Ахаеваның хор дирижерлау мамандығы бойынша дайындаған шәкірттері Республикалык байкаулардың жеңімпаздары. Солардың арасында лауреат атағына ие болғандар: Мукажанова Құндыз, Құдайберген Арай, Жанарбекова Малика, Абдолдаева Акерке, Сабек Балауса,Аскар Аружан,Сейтхан Дарига Мектеп кабырғасынан түлеп ұшқан шәкірттері Республикамыздын коптеген калаларында өз мамандықтары бойынша қызмет аткаруда.Альфия Берикбосыновнвның 2022жылдың түлегі Кусбекова Дана -Италия Падуя қаласы Чезаро Поллини консерваториясында Хормен дирижерлау болімінде окып жатыр. Альфия Берікбосынқызы өз әріптестерінің шеберлік класстарына катысып, тәжірибе алмасып кана қоймай, Құрманғазы ҚҰК профессоры Жаманбаев Б.А шеберлік сабактарына жыл сайын қатысады. Білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін 2022 жылы “Білім саласының үздігі” белгісін алды.
Бақберсін Әсел Ілиясқызы
Хор дирижерлау бөлімінің педагогы, «Қыздар хоры» ұжымының жетекшісі

Хор өнері мен дирижерлау саласы бойынша арнайы пәндерден сабақ береді.
2011–2015 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан музыкалық колледжін бітірді. 2015–2019 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Хор дирижерлау» мамандығы бойынша білім алды.
Консерваторияны тәмамдағаннан кейін еңбек жолын Ахмет Жұбанов атындағы Республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатында бастап, қазіргі уақытқа дейін табысты еңбек етіп келеді. Педагогикалық қызметімен қатар белсенді шығармашылық жұмыстарды қатар алып жүреді.
Әсел Ілиясқызының жетекшілігімен «Қыздар хоры» белсенді концерттік қызмет атқарып, филармониялар, Республика сарайы, сондай-ақ жоғары оқу орындары мен консерваториялардың сахналарында өнер көрсетіп келеді. Ұжым түрлі мәдени іс-шараларға қатысып, жоғары орындаушылық деңгейін көрсетуде. Педагогикалық қызметі барысында шәкірттері республикалық және халықаралық байқауларға, олимпиадаларға және концерттік жобаларға белсенді қатысып, әрдайым жоғары нәтижелерге қол жеткізуде.
Оңдасынова Маншук Болатқызы
А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ-ның “Хор дирижёрлеу” бөлімінің ұстазы

Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясының 2017-2021 ж. түлегі. Мамандығы: Дирижерлау
2021 жылдан бастап А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ-ның “Хор дирижёрлеу” бөлімінің ұстазы. Санаты: Педагог-модератор 1.10.24-1.10.29
Қазіргі таңда мамандық, сынып хорлары,ХПО, ән вокал сабақтарын жүргізіп, сынып хорларымен концерттер өткізіп, лауреаттар тәрбиелеп, тәжірибе жинауда.
Хорды дирижерлеу бөлімінде бастауыш сыныпқа арналған 2023ж. Жаңа жылдық концертінде хормен өнер көрсетті.
2024 жылдың 25 желтоқсанында мектептің қызыл залында Бибігүл Ахметқызы Төлегенованың 95 жылдығына арналған концерт-лекция өтті.
2025ж «Әуен керуені» атты бастауыш сынып хор ұжымдарының есептік концертінде хор сыныптарымен өнер көрсетті.
Маханбетжанова Азиза Бақытқызы
Хор дирижерлау бөлімінің ұстазы, жас маман (2025 ж.)

2021 жылы Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатын (РҚМММИ) тәмамдап, хор дирижерлау мамандығы бойынша 53-ші түлек атанды.
2021–2025 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында 5B040500 — «Дирижерлау» мамандығы бойынша білім алып, бакалавр дәрежесін иеленді.
2025 жылдан бастап Ахмет Жұбанов атындағы РҚМММИ-да хор дирижерлау бөлімінің ұстазы болып қызмет атқарады.
Нефедова Лариса Константиновна
Хор дирижерлау бөлімінің вокал бойынша оқытушысы

Нефедова Лариса Константиновна — жоғары кәсіби деңгейдегі вокал маманы, тәжірибелі педагог, хор дирижерлау бөлімінің білікті оқытушысы.
1990 жылы П. Чайковский атындағы музыкалық училищені «Жеке ән айту» мамандығы бойынша тәмамдап, сол жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына түсіп, 1997 жылы доцент Л. М. Циндрик сыныбын бітірді.
Еңбек жолын 1998 жылдан бастап А. Жұбанов атындағы республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатында иллюстратор ретінде бастады. 2009 жылдан бастап осы оқу орнында вокал пәнінің оқытушысы қызметін атқарып келеді.
Ұстаздық қызметі барысында Лариса Константиновна көптеген концерттік бағдарламалар дайындап, оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға үлкен үлес қосып келеді. Әртүрлі тілдердегі бай репертуары, кәсіби вокалдық техникасы және көркем дауыс ерекшелігі оның шәкірттеріне халықаралық деңгейде өнер көрсетуге мүмкіндік беруде.
Нефедова Л.К. — халықаралық байқаулардың лауреаты. Оның шәкірттері вокал өнері бойынша түрлі халықаралық және республикалық конкурстар мен фестивальдердің жүлдегерлері атанды. Олардың қатарында: Қыдырмұрат А., Үсербаева А., Бекен А., Сабек Б., Қабенова Ш., Мәдениетова С., Бекешева А., Сейтхан Д. бар. Сонымен қатар, көптеген шәкірттері Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының вокал бөлімінде білім алуда.
Еңбегі үшін Лариса Константиновна бірқатар марапаттарға ие болған:
— мектептің 50 жылдығына арналған Алғыс хат (2014);
— Қазақстан Республикасы министрлігінің Алғыс хаттары (2023, 2024);
— «Достар дауысы» (2016), «Солтүстік жұлдыз», «Жаңа толқын» (2018) конкурстарының Алғыс хаттары;
— «Эрудит» халықаралық ғылыми-білім беру орталығының I дәрежелі дипломы (2021);
— «Әуезді әуен» (2023) Алғыс хаты;
— «Universal Stars Music Festival» (АҚШ–Қазақстан, 2022) дипломы. Педагог ғылыми-әдістемелік жұмыстармен де белсенді айналысады. Оның еңбектері халықаралық конференциялар мен ғылыми журналдарда жарияланған. Зерттеу жұмыстары оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, вокалдық дайындықта инновациялық және белсенді оқыту әдістерін қолдану мәселелеріне арналған.
