А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының скрипка және альт бөлімі – беделді байқауларда Қазақстан лауреаттарының қатарын толықтырған жүздеген кәсіби музыканттарды тәрбиелеп шығарды. Білім алушылардың басым бөлігі кейін белгілі орындаушыларға айналды. Шығармашылық ізденісін ұстаздық қызметпен ұштастырып жүргендері де бар. Олар бөлімнің негізін қалаған П.Л.Нисман, И.Б.Коган, Ф.Д.Мавриди, В.Т.Ногай, В.С.Дьяков, Ю.П.Галушкин, В.М.Анашкин, Л.Н.Дудник, Д.А.Смоленцева сынды оқытушылардың жолын жалғастырды.
Скрипка және альт бөлімі құрылған күннен бастап, оқушылардың орындаушылық, әртістік қырын дамытуға күш салды. Әр баламен жекелей жұмыс істелініп, ансамбльде ойнау машығын қалыптастырды. В.Т.Ногай, В.С.Дьяков сынды бөлім оқытушылары скрипкашылар ансамблін құрып, репертуар таңдауда қырағылық танытты. Орындаушылық деңгейі өскен жас музыканттар мектеп сахнасында ғана өнер көрсетіп қоймай, концерттік алаңдарға шыға бастады. Жетекшілердің табанды еңбегі, талантты балалардың белсенділігі, ауызбіршілік пен өзара түсіністік балалар ұжымын бірте-бірте танымалдылық деңгейіне көтерді.
1970 жылдары бөлімге белгілі музыкант, педагог И.Б.Коганның жетекшілікке келуі ансамбльдің беделін өсіре түсті. Оқушылар саны артып, репертуарға күрделі туындылар енді. Үкіметтік концерттер үлкен жауапкершілік жүктейтіндіктен, дайындық күшейтілді. 1972 жылы скрипкашылар ансамблі Қазақстанның Өзбекстандағы мәдени күндері аясында Ташкент қаласында өнер көрсетті. 1977 жылы Мәскеуде Октябрь революциясының 60 жылдығына орай Кремльдің съездер сарайында өткен ресми шараға қатысты.
1970 – 2000 жылдар аралығында кәсіби деңгейі талапқа сай жасақталған оқытушылар қатары З.Ә.Сәдуақасова, А.П.Игнатенко, А.А.Ақбаров, И.А.Данченко, Д.М.Чуренова, А.Ж.Кұрманаев, А.Б.Байсақалов, М.Ш.Фрадкин, И.Х.Фрадкина, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры С.С.Жүсіпова, Э.Ф.Глебова, ҚР «Мәдениет қайраткері» В.Г.Багаутдинов, Е.Г.Мурзагалиев, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының аға оқытушысы Р.Ф.Тәкежанова, «Мәдениет саласының үздігі» З.Е.Камалиева сынды білікті ұстаздармен толықты.

Ұстаз бен шәкірт 12 жылдық ізденісі нәтиже беру үшін талай тар жол, тайғақ кешулерді бастан өткереді. Соған қарамастан ішекті аспаптар бөлімінің мұғалімдері өз міндеттерін адал орындап келеді: Д.Ш.Асқарова – бөлім меңгерушісі, «Мәдениет саласының үздігі», Ш.А.Рахметчина – «Мәдениет саласының үздігі», бөлім оқытушылары В.В.Бардашов, И.Л.Бардашова, Ж.О.Набиева, А.Т.Исенова, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының аға оқытушысы Д.Е.Махмұд, Д.Е.Маденова, А.Ермағамбетқызы, С.А.Оспанқұлова, А.Р.Жанпеисова шәкірттерін орындаушылықтың биік үлгісін бағындыруға талпындырып, өзіне-өзі талап қоя білуге тәрбиелейді.
Қазіргі таңда скрипка және альт бөлімінің негізін қалаған ұлағатты ұстаздардың жолын, кәсіби деңгейде жас мамандар А.Т.Асаналиева, Ж.С.Кұрманбай, З.Т.Сугурова, Ж.Т.Туреханова, С.М.Ташимова, В.Д.Садыкова жалғастыруда.

«Талантты балаларды тап басып тану үшін, музыкалық білім жүйесінің барлық бөлімдеріне үлкен жауапкершілік жүктеледі. Жұмыс жүйеленбей, дәстүр сабақтастығы сақталмай, тынымсыз ізденбей, бізге үлкен жетістіктерге жету және елімізді жоғары білімді кәсіби мамандармен қамтамасыз ету қиын соғады» – дейді Ғазиза Жұбанова өз естеліктерінде.
Педагогикалық білім жүйесінде бұл мәселе бүгінгі күнге дейін өзектілігін жойған жоқ. Балалардың өз мамандығы және таңдаған аспабына деген сүйіспеншілігін ояту жолында пайдаға асып келеді. Мектептің, бөлім ұстаздарының мақсатты жоспарынсыз орындаушылық өнердің алға басуы екі талай.
Шеберлік негізін мектеп қабырғасында қалаған А.Дүйсенбаев, Д.Балағұмаров, Е.Сапарбаев, Д.Сәдуақасов, С.Жұмабекова, А.Қалмақбаев, Д.Лейни, М.Соколова, Д.Ахметова, Г.Тілеуғабылова, А.Исенова, А.Шаңбаева, Е.Қасымбеков, А.Өтешева, А.Жанғазина, Д.Жұмаш – халықаралық байқаулардың бірнеше дүркін лауреаттары. Бүгінгі күні еліміздегі, шетелдегі өнер ұжымдарында еңбек етеді.
Педагогикалық қызметті өзіндік ізденіссіз елестету мүмкін емес. А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының скрипка және альт бөлімінің ұстаздарының 60 жыл ішінде жан-жақтағы әріптестерімен әдіс-тәсіл алмасу, танымал өнер шеберлерінің концерттеріне қатысу, мәдени білім кеңістігін кеңейту, аспаптық орындаушылардың кешегі және бүгінгі мектептерін зерделеу тұрғысында жинақтаған тәжірибесі мол. Педагог-мамандар көрген-білген, ойға түйген дүниелерімен шәкірттерімен қуана бөлісуге әрқашанда дайын.


Аскарова Динара Шынарбековна
Бөлім меңгерушісі, скрипка және альт бөлімінің ұстазы, педагог-зерттеуші

Жалпы және педагогикалық еңбек өтілі — 21 жыл. 2024 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.
Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының түлегі. 2005 жылы Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын «Аспаптық орындаушылық» мамандығы бойынша, доцент А.К.Кармысованың сыныбында бітірген. 2005 жылдан бастап А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатында скрипка аспабы бойынша оқытушы қызметін атқарып келеді. 2023–2024 оқу жылынан бастап скрипка және альт бөлімінің бөлім меңгерушісі қызметін атқаруда. 2023 жылдан бастап мектептің үлкен скрипкашылар ансамблінің жетекшісі.
2003–2008 жылдары Алматы қаласы әкімінің концерттік оркестрінде қызмет атқарды.
2008–2013 жылдары Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының оркестрінде қызмет атқарды.
Педагогикалық қызметі барысында оқушылары халықаралық және республикалық байқаулар мен олимпиадаларға белсенді қатысып, жоғары нәтижелер көрсетіп келеді.
30-дан астам халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттарын дайындады.
Д.Ш.Аскарова тәрбиелеген түлектер мектепті үздік бітіріп, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына және Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетіне оқуға түсті. Қазіргі уақытта олардың бірқатары жоғары оқу орындарын үздік нәтижемен аяқтап, «Астана Опера» және «Астана Балет» театрларында қызмет атқарып жүр.
Еңбектегі жетістіктері үшін әр жылдары мектеп тарапынан Алғыс хаттармен марапатталған. 2021 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасымен, 2024 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.
Рахметчина Шарбат Абдыкасымовна
Ішекті аспаптар бөлімінің оқытушысы, ҚР Мәдениет саласының үздігі

Рахметчина Шарбат Абдыкасымовна – А.Жұбанов атындағы музыка мектебінің түлегі. Кұрманғазы атындағы консерваторияны скрипка сыныбы бойынша, профессор А.А.Акбаровтың сыныбында бітірген. Ішекті аспаптар бөлімінін меңгерушісі болған (скрипка , альт), скрипкашылар ансамблін басқарған, оргкомитет мүшесі больп тағайындалған, бірнеше рет қалалық, республикалық, халықаралық конкурстарда қазылар алқасынын мүшесі болған. Жамбыл атындаты Қазақ мемлекеттік филармонисының симфониялық оркестрімен, «Камерата Казахстана» камералық оркестрімен, Алматы қаласы білім департаменті ұйымдастырған мектеп пен каланың есеп беру концерттерінде Рахметчинаның оқушылары үнемі жеке концерттерімен қаланын түрлі сахналарында өнер көрсетіп келеді.
Он жылдан артық басқарған скрипкашылар ансамблі республикалық конкурстың лауреаты болып табылады. Ансамбльдің өнер көрсетуі тамаша деңгейде өтетін. Жыл сайын Алматы және Астана қалаларында үкіметтік салтанаттық концерттерде өнер көрсетіп, мектептің есептік мерейтойлық концерттеріне қатысатын.
Қалалық, республикалық, халықаралық конкурстардың 80-ге жуық лауреаттарын дайындады. Астана, Сеул және Алматы қалаларындағы жоғары оқу орындарында лайықты оқушыларды түлек ұшырды. Шәкірті Садыкова Венера ART Major Asian plus бағдарламасы бойынша Корей Ұлттық өнер университетін бітірді (Сеул, Оңтүстік Корея – Korea National University of Arts).
Ұстаз ретінде оқушыларга білім беру процесінде орындаушылық дағдыларын қалыптастыруға, көркем талғамын дамытуға және шығармашылык жеке тұлға тәрбиелеуге көп үлес қосуда. Музыкалық материалдарың кәсіби орындалуын жоғары денгейде қамтамасыз етеді. ҚР Білім, Мәдениет және спорт министрліктерінің, Алматы қаласы білім департаментінің және мектептің, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Кұрмет Грамоталарымен, Алғыс хаттарымен, дипломдарымен «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.
Бардашов Виктор Владимирович
Скрипка аспабының оқытушысы

Алматы мемлекеттік консерваториясын профессор И.Б.Коганның сыныбында тәмамдаған. Оркестр солисі, оқытушы, камералық ансамбль әртісі біліктіліктеріне ие.
Қазақстан Республикасы министрліктерінің грамоталары мен ведомстволық марапаттарының иегері:
- 2011 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған;
- 2020 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған;
- 2024 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Алғыс хатымен марапатталған;
- 2019 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған;
- 2022 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» медалімен марапатталған.
2021 жылы «Скрипкаға арналған гаммалар мен арпеджиолар» атты оқу-әдістемелік құралы әзірленіп, жарық көрді.
2021 жылы «Музыканың ханшайымы – скрипка» атты әдістемелік құралы жарық көрді.
2020 жылы «Табысты педагог – табысты оқушы» әдістемелік құралын тәжірибеге енгізгені және «Гаммалардың маңызы және оқушылардың скрипкалық техникасының қалыптасуы» атты мақаласын жариялағаны үшін «Үздік автор» грамотасымен марапатталды.
2026 жылы «Скрипкаға арналған гаммалар мен арпеджиолар» атты оқу-әдістемелік құралдың екінші толықтырылған басылымы жарық көрді.
Республикалық және халықаралық байқаулардың 100-ге жуық лауреатын тәрбиелеп шығарды.
Бардашова Ирина Львовна
Скрипка аспабының оқытушысы

К.Байсейітова атындағы мектепті алтын медальмен, ал профессор Н.М.Патрушева сыныбында Алматы мемлекеттік консерваториясын үздік дипломмен тәмамдаған.
Біліктілігі: концерттік орындаушы, оркестр солисі, оқытушы, камералық ансамбль әртісі.
2024 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған. 2008–2024 жылдар аралығында республикалық және халықаралық байқаулар лауреаттарын дайындағаны үшін бірнеше рет алғыс хаттармен, сондай-ақ мектеп әкімшілігінің грамоталарымен марапатталған.
2021 жылы жұбайы, А.Жұбанов атындағы мектептің оқытушысы В.В.Бардашовпен бірлесе отырып, «Скрипкаға арналған гаммалар мен арпеджиолар» атты оқу-әдістемелік құралды әзірлеп, жарыққа шығарды.
2026 жылы «Скрипкаға арналған гаммалар мен арпеджиолар» атты оқу-әдістемелік құралдың екінші толықтырылған басылымы жарық көрді.
2021 жылы «Горизонт образования» журналында «Скрипка сыныбы оқушыларын жеке орындаулар мен байқауларға даярлау» атты мақаласы жарияланды.
2020 жылы 14 сәуірде YouTube платформасында «Гаммалармен жұмыс» тақырыбында дәріс өткізді.
Педагогикалық қызметі барысында республикалық және халықаралық байқаулардың шамамен 40 лауреатын тәрбиелеп шығарды.
Набиева Жанат Омаровна
Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі Скрипкашы, педагог, «Ішекті аспаптар» бөлімінің оқытушысы

Білімі: Орта білімі: Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка орта мектеп- интернатында білім алған (1968–1979 жж.).
Жоғары білімі: Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының түлегі (1979–1984 жж.).
Біліктілігі:
Концерттік орындаушы, оқытушы, оркестр артисі.
Жетістіктері мен педагогикалық қызметі: Педагогикалық қызметі барысында Халықаралық және Республикалық конкурстарының лауреаттары мен жүлдегерлерін дайындады. Олардың арасында:
- Халықаралық жас орындаушылар байқауы (Ташкент): I жүлде, II жүлде.
- Халықаралық балалар мен жасөспірімдер фестиваль байқауы «Аспаптық орындаушылық» номинациясы бойынша (АҚШ): Гран-при, I жүлде.
- Ахмет Жұбанов атындағы Халықаралық жас орындаушылар байқауы (Алматы): ІІ орын, диплом.
- Республикалық Қазақстан жас орындаушылар конкурсының «Ішекті аспаптар» (скрипка) номинациясы бойынша (Алматы): ІІ жүлде.
- «Обон» атындағы Халықаралық жас орындаушылар байқауы (Бишкек 2023, 2024, 2025 жж): I жүлде, II жүлде, III жүлде.
- «Отанның әні» атты V Республикалық орындаушылар байқауы (Павлодар 2024, 2025 жж): I жүлде, II жүлде, III жүлде.
Сонымен қатар 2000-2005 жылдар аралығында Кәсіподақ төрағасы қызметін, ал 2021-2024 жылдар аралығында «Ішекті асапаптар» бөлімінің меңгерушісі міндетін атқарды. 2010-2025 жылдар аралығында, 15 жыл мектептің скрипкашылар ансамблінің көркемдік жетекшісі қызметін атқарып, ансамбль Халықаралық, Республикалық байқаулардың жүлдегері атанды. Әртүрлі ғылыми-практикалық конференциялардың тұрақты қатысушысы.
Оспанкулова Сания Ақылбекқызы
Ішекті аспаптар бөлімінің оқытушысы, мәдениет үздігі.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі. Мамандығы бойынша: оркестр әртісі, камералық ансамбль солисі, оқытушы. Жоғары білімді.
Алматы қаласындағы Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатында жұмыс істейді. Ішекті аспаптар (скрипка) пәнінен сабақ береді, жас музыканттарды даярлауға елеулі үлес қосып келеді. 2019–2023 жылдары директордың музыкалық жұмыс жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
Оның шәкірттері Америка, Италия, Түркия, Қырғызстан (Бішкек қаласы) және Ресей елдерінде өткен республикалық және халықаралық байқауларға белсенді қатысып, жоғары орындаушылық шеберлік деңгейін көрсетуде.
Скрипкада ойнауды оқыту саласының жетекші мамандарының бірі болып табылады, музыкалық мектеп-интернаттарда оқытуға маманданған. Орыс, қазақ және ағылшын тілдерін меңгерген.
Адал еңбегі үшін ведомстволық грамоталармен марапатталған.
Махмуд Диана Ерболатовна
Орындаушы, педагог, зерттеуші және ұйымдастырушы қырларын бір бойына тоғыстырған жан-жақты музыкант

Қазіргі уақытта ол Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының альт кафедрасының қауымдасқан профессоры, PhD доктор ғылыми дәрежесіне ие. Сонымен қатар 2023 жылы Ұлыбританияның Лондон қаласындағы Корольдік музыка академиясының магистратурасын тәмамдады. Диананың шығармашылық қызметі көптеген бағыттарды қамтып, мазмұндық тереңдігімен ерекшеленеді. Ол халықаралық ғылыми конференцияларға, Еуропа, АҚШ және Ресейдің жетекші музыканттарының шеберлік сабақтарына қатысқан. Жеке орындаушы ретінде де, камералық ансамбльдер құрамында да тұрақты түрде концерттер беріп, шығармашылық кештер мен музыкалық жобаларды ұйымдастырып келеді. Оркестрлер құрамында көптеген елдерде гастрольдік сапарларда болып, Зубин Мета, Фуат Мансұров, Лиор Шамбадаль, Евгений Бушков, Шарль Дютуа, Эдвард Гарднер және Николай Знайдер сынды әлемге әйгілі дирижёрлердің басқаруымен өнер көрсетті.
Оның кәсіби жолындағы маңызды оқиғалардың бірі – көрнекті виолончелист Йо-Йо Ма қатысқан «Камерата Қазақстана» мемлекеттік камералық ансамблі мен «Жібек жолы» ансамблінің бірлескен концертіндегі өнер көрсетуі болды. Үндістан симфониялық оркестрінің альттар тобының концертмейстері ретінде Диана Мәскеуде өткен Оркестрлердің халықаралық фестивалінде өнер көрсетті, сондай-ақ Австрияда өткен Брамс атындағы халықаралық байқауға қатысып, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры бағдарламасы аясында грант иегері атанды.
Диана Махмуд Үндістан симфониялық оркестрімен (Мумбаи), Англияның Лидс қаласының симфониялық оркестрімен, Марат Бисенғалиевтің жетекшілігіндегі Батыс Қазақстан филармониялық оркестрімен, сондай-ақ «Камерата Қазақстана» ансамблімен шығармашылық ынтымақтастық орнатты.
Кәсіби дамуға ұмтылысы оның ғылыми-зерттеу және тағылымдамалық бағдарламаларға қатысуынан көрініс тапты. Атап айтқанда, ол М.Глинка атындағы Новосібір мемлекеттік консерваториясында (Ресей, 2009), Варшава университетінде (Польша, 2016), сондай-ақ Берген университеті жанындағы Э.Григ атындағы Музыка академиясында (Норвегия, 2017) тағылымдамадан өтті.
Ұйымдастырушы әрі ағартушы ретінде Диана Қазақстанда алғаш рет өткен альтшылардың халықаралық байқауының бастамашыларының бірі болды. Бұл байқау 2014 жылы Я.Фудиманның туғанына 80 жыл толуына орай өткізілді және 2024 жылы жалғасын тапты. 2017 жылы ол еліміз тарихындағы алғашқы ішекті-ысқышты аспаптар өнеріне арналған «String Music Festival» халықаралық фестивалін құрды.
Қазақстандағы альт орындаушылық өнерінің дамуына қосқан елеулі үлесінің бірі – оркестрлермен бірлескен премьералық орындаулары. Олардың қатарында Құрманғазы атындағы консерваторияның камералық оркестрімен Ф.Хофмейстердің концерті, Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрмен Орталық концерт залында орындалған Б.Бартоктың концерті, «Камерата Қазақстана» ансамблімен А.Враницкийдің екі альтқа арналған концертінен Романс, сондай-ақ Б.Бриттеннің Lachrymae, М.Ситанданың Retrospections, Э.Блохтың Prayers, Ж.Йонгеннің Allegro Appassionato, К.Пендерецкийдің Cadenza, Й.Боуэннің Фантазия және Рапсодия шығармалары бар.
Қазақстан композиторларының пьесаларының альт пен фортепианоға арналған аранжировкасы жинағы ТМД елдерінің музыка колледждерінде оқу үдерісінде қолданылады. Бүгінгі таңда Диана Махмуд жас өнерпаздарына тұрақты түрде әдістемелік қолдау көрсетіп келеді. Оның жоғары кәсіби деңгейі мен біліктілігі өңірдегі музыкалық білім мен орындаушылық мәдениеттің дамуына, сондай-ақ жалпы мәдени кеңістіктің көркеюіне оң ықпал ететіні сөзсіз.
Маденова Дана Елемесовна
Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының түлегі (профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Д. Қасейінов пен Қазақстанның халық артисі Г. Мурзабекованың сыныбы).

Алматы қаласындағы П.И.Чайковский атындағы музыкалық колледжін (профессор С.Жүсіпова) жəне Чайковский атындағы №4 балалар музыка мектебін үздік аяқтаған.
Оқу барысында халықаралық жəне республикалық конкурстарға қатысып, көптеген байқаулардың лауреаты атанған. 1996–2001 жылдар аралығында консерваторияда оқып жүрген кезінде камералық оркестр құрамында Қазақстан қалаларында жəне ТМД елдерінде гастрольдік сапарларда болған, профессор А.Ақбаровтың жетекшілігімен өнер көрсеткен. 1999–2003 жылдар аралығында Алматы қаласы əкімдігінің концерттік оркестрінде, дирижер М.Б.Серкебаевтың басшылығында оркестр әртисі болып қызмет атқарған.
2012 жылдан бастап Алматы қаласы əкімдігінің эстрадалық-симфониялық оркестрінде оркестр әртисі болып жұмыс істейді, 2021 жылы жоғары санатты оркестр әртисі дəрежесін алған. 2010 жылы Қонаев атындағы университетте екінші жоғары білім алып, «Қаржы» мамандығы бойынша бакалавр дипломын алған. 2001 жылдан бастап, А. Жұбанов атындағы республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатында скрипка аспабының оқытушысы болып қызмет атқаруда, 2014 жылдан бастап негізгі қызметкер болып жұмыс істейді. 2022 жылы «Педагог-зерттеуші» санатын алды. Жалпы педагогикалық еңбек өтілі 2025 жылы 19 жылды, жалпы еңбек өтілі 22 жылды құрайды. Маденова Д.Е. ҚР Мəдениет министрі А.Балаевадан 2024 жылы Құрмет грамотасын, 2023 жылы мектеп директоры Н.Ашировтан Алғыс хат, 2023 жылы «Suoni di Venezia» халықаралық конкурсы ұйымдастырушыларынан Алғыс грамотасын, сондай-ақ 2023 жылы «Prima Fest» конкурсы ұйымдастырушыларынан Алғыс хат алған.
Оқушылары халықаралық жəне республикалық конкурстардың лауреаттары болып табылады, олардың арасында Сугурова Зарина (Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы), Мухамедова Дина (профессор Ева Граубин шəкірті, «Астана-балет» оркестрінің əртісі), Абдуғул Меруерт (Астана қаласында жеке музыка мектебінің жетекшісі), Кабимолла Арай (Е.Рахмадиев атындағы академиялық симфониялық оркестрінің əртісі) бар. Д.Е.Маденова педагогикалық қызметінде бірнеше рет республикалық жəне халықаралық конкурстардың қазылар алқасының мүшесі ретінде танылған. Ол үнемі əдістемелік баяндамалармен қатысып, мақалалар жариялайды.
Оқушыларының қатысуымен Алматы қаласының балалар үйлерінде жəне қарттар үйінде қайырымдылық концерттерін өткізіп, сол үшін Алғыс хаттар алған. 2019 жылы Баку қаласында өткен А.Алиев атындағы халықаралық конкурсының қазылар алқасына шақырылды. Кəсібилігі үшін дипломмен марапатталды.
Ермағамбетқызы Әйгерім
Ішекті аспаптар бөлімінің ұстазы, педагог – сарапшы

Жалпы және педагогикалық еңбек өтілі 12 жыл.
Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ-ның түлегі.
2010-2014ж. Алматы қ. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын аспаптық орындаушылық және оқытушы мамандығы бойынша бітірген.
2014-2016 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясының өнертану ғылымының магистрі атанады. Консерваторияда оқу барысында В.М.Иванов, А.Е.Винницкий, А.В.Галковский, Геза Хосу-Легоцки сияқты профессорлардың шеберлік сыныптарына қатысты.
2009 жылы Польшада өткен халықаралық фестивальде Гран-при жеңіп алған «Giovanni Talenti» камералық оркестрінің құрамында өнер көрсетті. 2010 жылы Мемлекеттік симфониялық оркестрмен солист ретінде өнер көрсетті. 2011 жылы Республикалық студенттік олимпиаданың лауреаты атанды. 2013 жылы Түркияда өткен «ТҮРКСОЙ» халықаралық жастар камералық оркестріне қатысты. 2014 жылы Германияның Франкфурт қаласында өткен IV халықаралық «Youth Classics» фестивалінің шеберлік сыныбына шәкіртақы ұтып алып, шақырту алады. Ол жерде Швейцария консерваториясының профессоры Филипп А.Драгановтан және Техас штатынан профессор Хосе Г.Флорестен (скрипка) тәлім алды.
Консерваторияны бітіре сала өзінің алтын ұя мектебіне оралып бүгінгі күнге дейін осы ұйымда жұмыс істеп келеді.
Педагогикалық қызметі барысында оқушылары концерттерге, Халықаралық және Республикалық байқаулар мен олимпиадаларға белсене қатысады және бірнеше лауреаттарды тәрбиелеп отыр. Мысалы: Консерватория аясында өтетін Халықаралық олимпиадасы; Астана қ. «Астана Мерей» байқауы; А.Жұбанов атындағы Халықаралық байқауы және т.б.
Мектептің шығармашылық, қоғамдық жұмыстарына белсенді атсалысуда. Атқарылған еңбегіне қарай жұмыс жасап жатқан жылдарда мектеп тарапынан түрлі Алғыс хаттармен және 2021ж. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінен «Құрмет Грамотасымен» марапатталған.
Исенова Айнұр Тасмухановна

1986 ж.21-акпан күні Алматы қаласында туылған.
1996-2003жж. А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ-да Л.Н.Дудник және В.Г.Багаутдинов альт сыныбында оқып үздік бітірді.
2003ж. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясыына ҚР профессоры, “альт аспап мектебінің” қалаушысы Я.И.Фудиманның сыныбына түсіп, 2007ж. оқуын тәмамдады. Сол жылы ассистентура-стажировкада жетекші профессор Б.С.Қожамқұловада окуын бітірді. Республикалық және халықаралық байкаулардың лауреаты:
Республикалық байкаудың 1-орын жүлдегері. (2001ж. Астана қ.).
Ельский атындағы Халықаралық байкау 3-орын (2007ж. Минск қ.)
2005-2019ж. аралығында Жамбыл атындағы филармониясында Мемлекеттік Академиялық Симфониялық оркестрінің әртісі ретінде альт тобының мүшесі, кейін концертмейстер лауазымы бойынша кызмет аткарды.
2009 жылдан бастап, А.Жұбанов атындағы РҚМММИ “Ішекті аспаптар”бөлімінің ұстазы болып келеді.
2019,2020,2022 жылдары “Мәдениет және спорт министрлігінің” алғыс хаттарымен, 2025ж.”Құрмет ” грамотасымен марапатталған.
Жанпеисова Асель Рысбековна

Музыкалық білімін 1986 жылы Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатында (Данченко Изабелла Анверовна, Фрадкин Михаил Шаевич сыныбы) бастап, 1997 жылы мектепті қызыл дипломға бiтiрдi. Одан кейін консерваторияны (профессор Такежанова Роза Фатиховна сыныбы) үздік бітірді. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі. Аталған оқу орнына 1997ж. түсіп және 2002ж. скрипка мамандығын оқып бітірді. 2000 жылдан бастап, консерваторияда оқып жүрiп ҚР Қорғаныс Министрлiгiнiң эстрадалық симфониялық оркестрiнiң құрамында 12 жыл еңбек еттi. 2009-2012 жылдар аралығында атақты скрипкашы Марат Бисенгалиевтiң қарамағында жұмыс iстеп, Бангкок, Мумбай, Вашингтон, Нью-Йорк қалаларына гастрольдiк сапармен барып келдi.
2012-2014 жылдары Алматы қаласы әкiмiнiң симфониялық оркестiрiнде Мурат Серкебаевтiң қол астында жұмыс iстедi.
2014-2016 жылдары Абай атындағы мемлекеттiк академиялық опера және балет театрының симфония оркестрiнде жұмыс iстедi.
2016 жылдан бастап қазiргi күнге дейiн Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттiк академиялық филармонияның Т.Әбдiрашев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк академиялық симфониялық оркестрiнде өз мамандығы бойынша белсендi жұмыс iстейдi. Елiмiзде атақты осы оркестрмен мемлекетiмiздiң талай қалаларына және Швейцария, Италия, Ирландия, Англия, Үндiстан мемлекеттерiнiң қалаларына гастрольдiк сапармен барды.
2019 жылдан бастап қазiргi күнге дейiн Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатында Iшектi аспаптар бөлiмiнiң ұстазы болып жұмыс iстейдi. Осы жылдар аралығында шәкiрттерi «Almaty Music games» Республикалық музыкалық аспаптарда орындаушылардың байқауы, “Самға-Самұрық” атты республикалық балалар байқауында, “Отанның әнi” атты республикалық байқауына қатысып жүлделi орындар алды.
Асаналиева Айна Тармовна
Скрипка аспабының оқытушысы

Жоғары білімді маман, өнер саласының кәсіби педагогы. А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатында 2021 жылдан бері қызмет атқарады. Өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, шәкірт тәрбиелеуде жоғары нәтижелер көрсетіп жүрген ұстаз. Білім беру саласында тәжірибелі, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға ерекше көңіл бөледі. Оқушылары республикалық және халықаралық байқаулардың жүлдегерлері атанып келеді.
Білімі:
2004–2008жж. Қазақстан Республикасы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы.
Біліктілігі: оқытушы, камералық ансамбль солисі, оркестр әртісі.
Педагогикалық қызметі:
01.09.2021ж. бастап қазіргі уақытқа дейін А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты — скрипка аспабының оқытушысы.
Жетістіктері:
- 2022ж. Алғыс хат (Ұстаздар күніне орай);
- 2023ж. Алғыс хат (Мәдениет қызметкерлері күніне орай);
- 2024ж. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Алғыс хаты.
Оқушылары — халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары.
Туреханова Жамиля Турехановна

Музыкалық білімін 1997 жылы Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатында (Фрадкина И.Х., Бардашов В.В. сыныптары) скрипка мамандығы бойынша бастап, 2008 жылы мектепті бiтiрдi.
2008-2012 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында білімін жалғастырды (аға оқытушы Сапарбаев Е.И. сыныбы).
2022 жылы педагогика ғалымдарының магистрі дәрежесін иеленді (ғылыми жетекшісі – Хан Н.Н., профессор, п.ғ.д.).
Педагогикалық қызметін 2012 жылы Р.Глиэр атындағы №2 БММ-де бастап, 2016-2022 жылдар аралығында М.Төлебаев атындағы №5 БММ-де скрипка аспабының оқытушысы, скрипкашылар ансамблінің жетекшісі және бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.
2022 жылдан бастап, қазiргi күнге дейiн Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатында скрипка аспабының оқытушысы қызметін атқарып келеді.
Педагогикалық қызметі барысында Қазақстан, Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Грузияда өткен республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары мен жүлдегерлерін тәрбиеледі. Олардың қатарында: III Халықаралық «String-Premium-2023», IV Халықаралық «String-Premium-2024» байқаулары (Беларусь); «Французская весна в Новосибирске» (2024ж.), «Новосибирская весна» (2025ж.) Халықаралық байқаулары, (Новосибирск, Ресей Федерациясы); Кара Караев атындағы II Халықаралық байқауы (Мәскеу, Ресей Федерациясы); «Tashkent Music Festival» (Өзбекстан); «From Georgia with love» атты IV Халықаралық байқауы; «Отанның әні» атты Республикалық байқауы (Қазақстан); Республикалық орындаушылық өнер олимпиадасы (Қазақстан) және т.б. Сондай-ақ Ж.Т.Туреханова кәсіби педагогикалық байқаулардың қатысушысы: «Білім саласының үздік педагогы – 2020», I дәрежелі диплом; «Жаңартылған білім берудегі жаңа тәсілдер», II дәрежелі диплом; ғылыми-практикалық конференциялардың қатысушысы және ғылыми мақалалардың авторы.
Ташимова Салтанат Махсутхановна

1990 жылғы 21 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген.
1997–2008 жылдары А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыка мектеп-интернатында, ішекті аспаптар бөлімінде білім алды.
2008–2012 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «аспаптық орындаушылық (скрипка)» мамандығы бойынша білім алды. Біліктілігі: оркестр әртісі, ансамбль солисі, оқытушы.
2013–2015 жылдары Глинка атындағы балалар музыка мектебінде скрипка пәні бойынша оқытушы болып жұмыс істеді. 2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін оркестр құрамында жұмыс істейді (14 жылдан астам тәжірибесі бар).
Қазіргі уақытта А.Жұбанов атындағы мектепте скрипка пәнінің оқытушысы және «Алматы әуендері» әртісі.
Жоғары орындаушылық шеберлігімен және музыкалық мәдениетімен ерекшеленеді.
Садыкова Венера Дюсунғазиевна
скрипкашы
Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының түлегі. Білімін Корея ұлттық өнер университетінде жалғастырды.
Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты. Белсенді концерттік қызмет атқарып, симфониялық оркестр құрамында және түрлі концерттік алаңдарда өнер көрсетті.
Ерекше жетістіктерінің бірі – Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы президенттерінің қатысуымен өткен жабық іс-шарада скрипкашы ретінде өнер көрсетуі.
