1964 жылы А.Жұбанов атындағы республикалық музыка мектебі ашылған уақытта концертмейстерлер бөлімінің ұстаздар құрамы аз ғана болды. Уақыт өте келе мектеп оқушыларының саны артып, бөлім ұстаздарының саны да көбейді.
Бөлімнің алғашқы концертмейстерлері ретінде Г.А.Алланазарова, Т.И.Манжосова, Л.Н.Щербакова, Л.Л.Минина, Г.А.Синякова жас орындаушыларды тәрбиелеу мен қалыптастыруда үлкен еңбек атқарды.
Сенбиева Гульжан Сапарханқызы
Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының концертмейстері. Концертмейстерлер бөлімінің меңгерушісі

Музыкалық білімін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында алып, 1998–2002 жылдары оқытушы, концертмейстер, ансамбль әртісі мамандығы бойынша білім алды. 2000–2002 жылдары Республикалық эстрада-цирк колледжінде фортепиано кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеді. 2002 жылдан бастап Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатында концертмейстер және арнайы фортепиано мұғалімі қызметін атқарып келеді. 2015 жылдан бастап П.Чайковский атындағы музыка колледжінде, 2019 жылдан Құрманғазы атындағы консерваторияда, 2020 жылдан Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде концертмейстер болып жұмыс істейді.
Көптеген оқушылары республикалық және халықаралық конкурстарда лауреат атанды. Көп жылғы жемісті еңбегі үшін 2003, 2017, 2018, 2019, 2020 жылдары министрліктердің және РКСМШИ директорларының алғыс хаттарымен және құрмет грамоталарымен марапатталған.
Тлеулина Кадиша Бекетқызы
Педагог-сарапшы, Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының концертмейстері

2003 жылы Астана қаласындағы Қазақ ұлттық музыка академиясын фортепиано мамандығы бойынша тәмамдады. Оқу орнын бітіргеннен кейін оқытушы, концертмейстер және ансамбль әртісі біліктіліктеріне ие болды. 2012 жылы Қырғыз Республикасының Бішкек қаласындағы Қырғыз мемлекеттік консерваториясында «Концертмейстер сыныбы» мамандығы бойынша ассистентура-тағылымдамадан өтті.
2003–2018 жылдары Қазақ ұлттық өнер университетінде фортепиано пәндік-циклдік комиссиясында концертмейстер және оқытушы ретінде қызмет атқарды. 2018–2022 жылдары Алматы қаласындағы А. Селезнев атындағы хореографиялық училищесінде жалпы кәсіптік пәндер бөлімінде міндетті фортепиано пәнінің оқытушысы болды.
2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатында концертмейстер қызметін атқарып келеді.
2022 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Алғыс хатымен марапатталған. Ғылыми-әдістемелік іс-шараларға белсенді қатысады. 2022 жылы өткен «Селезнев оқулары» республикалық ғылыми-практикалық конференциясында «Музыка маған келеді» атты мақаламен баяндама жасады. 2024 жылы «XXI ғасырдың музыкалық мәдениетіндегі тұлға – білім – шығармашылық» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысып, «Ритмика сабағын музыкалық безендіру» тақырыбында мақала жариялады.
Күлшәріпова Арайлым Күзембайқызы
Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының концертмейстері

2011 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын аспаптық орындаушылық мамандығы бойынша бакалавр дәрежесімен тәмамдады. 2012 жылы аталған оқу орнында магистратураны аяқтап, өнер магистрі академиялық дәрежесін алды.
2007 жылдан бастап Алматы қаласындағы №10 балалар музыка мектебінде фортепиано сыныбының оқытушысы және концертмейстер ретінде жұмыс істейді. 2009–2012 жылдары Ж. Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінде концертмейстер қызметін атқарды. 2012–2015 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының хор дирижерлау кафедрасында концертмейстер болды. 2012 жылдан бастап Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатында концертмейстер болып еңбек етеді.
2020 жылы мектеп директорының Алғыс хатымен, 2022 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің Алғыс хатымен марапатталған.
«Соқпалы музыкалық аспаптарда ойнаудың теориялық негіздері» атты авторлық оқу-әдістемелік еңбектің авторы (2022). Педагогикалық қызметі барысында республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары мен жүлдегерлерін дайындады.
Шалкова Елена Иосифқызы
Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының концертмейстері

1980–1985 жылдары Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында фортепиано мамандығы бойынша білім алды. Біліктілігі: концерттік орындаушы, оқытушы, концертмейстер, камералық ансамбль солисті.
1985 жылдан бастап Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында жетекші концертмейстер болып жұмыс істейді. 1985–2003 жылдары №1 Ә. Қашаубаев атындағы балалар музыка мектебінде арнайы фортепиано пәнінің оқытушысы қызметін атқарды. 2003 жылдан бастап Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатында концертмейстер болып еңбек етеді.
Педагогикалық қызметі барысында республикалық және халықаралық байқаулардың көптеген лауреаттары мен жүлдегерлерін дайындады.
2019 жылы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған. Сол жылы Алматы қаласы әкімінің Алғыс хатын алды. Концертмейстерлік өнер мен педагогика мәселелеріне арналған ғылыми-әдістемелік мақалалардың авторы.
Абдыкадырова Жаннель Қанатқызы
Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының концертмейстері

Музыкалық білімін 1985 жылы Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық орта мамандандырылған музыка мектеп-интернатында фортепиано сыныбы бойынша бастады. 2000 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын тәмамдады.
Кәсіби қызметі барысында концертмейстерлік және педагогикалық жұмысты белсенді атқарып келеді. Әртүрлі аспаптық және вокалдық мамандықтар бойынша білім алатын оқушылармен жұмыс жүргізіп, олардың концерттік және байқаулық бағдарламаларын дайындауға қатысады. Көп жылғы кәсіби қызметі барысында республикалық және халықаралық байқаулардың көптеген лауреаттары мен дипломанттарын дайындауға үлес қосты. 2015 жылы Республикалық концертмейстерлер байқауында I орын иеленді. 2016 жылы Саратов қаласында өткен С. Кнушевицкий атындағы халықаралық байқауда «Үздік концертмейстерлік сүйемелдеу» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды. 2017 жылы Қазан қаласында өткен Рудольф Гуммерт атындағы халықаралық байқауда «Үздік концертмейстер» дипломына ие болды. Сондай-ақ Бибігүл Төлегенова атындағы вокалистердің республикалық байқауында «Үздік концертмейстер» атағымен марапатталды. Ахмет Жұбанов атындағы халықаралық жас орындаушылар байқауында бірнеше рет «Үздік концертмейстер» атағына ие болды.
2023 жылдың желтоқсан айында Қазан қаласында өткен «Sotto Voce» Бүкілресейлік ашық концертмейстерлер байқауында «Аспаптық бағыттағы концертмейстерлер. Кәсіби мамандар» номинациясы бойынша Гран-при иегері атанды. 2025 жылы Тәттімбет атындағы халық аспаптарында орындаушылардың республикалық байқауында дипломмен марапатталды. 2026 жылы Ресей Федерациясының Омбы қаласында өткен В. Я. Шпет атындағы ішекті-ыспалы аспаптарда орындаушылардың өңіраралық ашық байқауында лауреаттарды дайындағаны үшін дипломдармен марапатталды. 2018 және 2019 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.
2023 жылы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері атанды.
Бәйнеш Гауһар Жеңісқызы
Пианист, концертмейстер, педагог

2010 жылы Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатын фортепиано мамандығы бойынша, педагог Г. А. Мелкованың сыныбында тәмамдады.
2014 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының бакалавриатын, 2016 жылы магистратурасын аяқтады.
2013 жылдан бастап концертмейстерлік қызметпен айналысады.
2016 жылдан бастап П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің «Фортепиано» бөлімінде оқытушы болып жұмыс істейді.
Педагогикалық қызметі барысында халықаралық конкурстардың лауреаттары атанған студенттерді дайындады.
Рысдаулетова Гульнара Әдылбековна
Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының концертмейстері

Музыкалық білімін Қарағанды қаласындағы мамандандырылған музыка мектеп-интернатында алып, 1970–1981 жылдары сол оқу орнында білім алды. 1988 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын профессор Э. А. Россманның фортепиано сыныбы бойынша тәмамдады.
1988 жылдан бастап Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатында концертмейстер қызметін атқарып келеді. Кәсіби қызметі барысында жоғары білікті маман және тәжірибелі педагог ретінде танылып, концертмейстерлік қызметті белсенді жүзеге асыруда.
Оның жетекшілігімен Құрманғазы, Тәттімбет, Жұбанов атындағы республикалық және халықаралық конкурстардың, сондай-ақ Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Астана, Алматы, Ташкент, Бішкек, Душанбе және басқа да қалаларда өткен байқаулардың лауреаттары мен дипломанттары атанған 80-нен астам оқушы дайындалды.
2006–2015 жылдары концертмейстерлер бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.
Көп жылғы жемісті еңбегі және музыкалық білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін 1998, 2018, 2020 және 2022 жылдары Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің, сондай-ақ Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.
2006 жылы «Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері» төсбелгісімен марапатталды.
Байрамова Карина Тимурқызы
Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының концертмейстері

2022 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын аспаптық орындаушылық (фортепиано) мамандығы бойынша тәмамдап, оқу барысында оқытушы, концертмейстер және ансамбль әртісі біліктіліктерін алды.
2022 жылдың қыркүйегінен бастап РКСМШИ-де концертмейстер болып қызмет атқарады. Сол жылы Жәния Әубәкірованың авторлық мектебінде фортепиано сыныбының оқытушысы ретінде жұмыс істеді.
2022 жылы мектеп директорының Алғыс хатымен марапатталған.
Педагогикалық қызметі барысында халықаралық және республикалық байқаулар мен фестивальдардың лауреаттары мен жүлдегерлерін дайындауға қатысып келеді. Олардың қатарында Ахмет Жұбанов атындағы Халықаралық жас орындаушылар байқауы, «British Grand Festival» халықаралық өнер байқауы, «Ақ Желкен» республикалық жас орындаушылар фестивалі, «Жас талант» республикалық байқауы, «Бала Шабыт» халықаралық байқауы және «Обон» халықаралық жас орындаушылар байқауы (Бішкек) бар.
2024 жылы «XXI ғасырдың музыкалық мәдениетіндегі тұлға – білім – шығармашылық» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысып, «Мамандандырылған фортепиано оқу орындарындағы оқыту процесінде психологияның рөлі» тақырыбында ғылыми мақала ұсынды.
Касимова Гүлнара Ануарбекқызы
Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының концертмейстері

1998–2002 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында (Алматы қ.) білім алып, фортепиано мамандығы бойынша оқытушы, концертмейстер және ансамбль әртісі біліктіліктерін иеленді. 2002 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РКСМШИ-де концертмейстер қызметін атқарып келеді. Сонымен қатар 2010–2015 жылдары Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында, 2016–2023 жылдары П. И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде концертмейстер болып жұмыс істеді.
Педагогикалық қызметі барысында халықаралық және республикалық байқаулардың көптеген лауреаттары мен жүлдегерлерін дайындауға қатысып келеді. 2014, 2018, 2020 және 2022 жылдары алғыс хаттармен, 2016 жылы «Жібек жолы» ұйымының алғыс хатына, 2020 жылы «Ішекті аспаптар» номинациясы бойынша концертмейстерлік шеберлігі үшін Алғыс хатқа, 2021 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Алғыс хатына және 2022 жылы «Art Aspect» ұйымының алғыс хатына ие болды.
2024 жылы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, «Оқу-педагогикалық үрдістегі концертмейстер қызметінің аспектілері» тақырыбында ғылыми мақала ұсынды.
Кокыбасова Шынар Идрисовна
Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының концертмейстері

Музыкалық білімін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында алып, 2000–2004 жылдары оқытушы, концертмейстер, ансамбль әртісі мамандығы бойынша, 2004–2006 жылдары ассистентура-тағылымдамадан өтті. 2004 жылдан бастап Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатында концертмейстер қызметін атқарып келеді. 2020 жылдан бастап арнайы фортепиано бөлімінің мұғалімі ретінде де жұмыс істейді. Кәсіби қызметі барысында жоғары білікті маман және тәжірибелі педагог ретінде танылып, концертмейстерлік қызметті белсенді жүзеге асыруда. Олардың жетекшілігімен халықаралық және республикалық конкурстарда лауреат атанған көптеген оқушылар дайындалды.
Көп жылғы жемісті еңбегі және музыкалық білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін 2019, 2021, 2022, 2023 жылдары алғыс хаттар мен құрмет грамоталарымен марапатталған.
Сексенов Адлет Ермекович
Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының педагогі және концертмейстері

Музыкалық білімін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында алып, 2016–2020 жылдары оқытушы, концертмейстер, ансамбль әртісі мамандығы бойынша, 2022–2024 жылдары магистратурада арнайы фортепиано, камералық ансамбль және концертмейстерлік шеберлік мамандығы бойынша білім алды.
2017–2018 жылдары №3 Балаларға арналған Музыкалық Мектепте концертмейстер ретінде жұмыс істеді. 2018 жылдан бастап РКСМШИ-де концертмейстер және арнайы фортепиано мұғалімі қызметін атқарып келеді. 2021 жылдан бастап Жәния Әубакированың авторлық мектебінде фортепиано сыныбы бойынша оқытушы және концертмейстер болып жұмыс істейді.
Оның жетекшілігімен халықаралық және республикалық конкурстар мен олимпиадаларда оқушылары лауреат атанған.
Көп жылғы жемісті еңбегі және педагогикалық қызметі үшін 2019, 2021 және 2024 жылдары директордың алғыс хаттарымен марапатталған.
Орынбекова Динара Ақылжановна
Концертмейстер, «Міндетті фортепиано» бөлімінің оқытушысы

Орынбекова Динара Ақылжановна музыкалық білімін Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатында бастап, кейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында (1999–2003 жж.) аяқтады. 2003 жылдан бастап Ахмет Жұбанов атындағы мектеп-интернатта концертмейстер қызметін атқарып келеді. Кәсіби қызметі барысында жоғары білікті маман және тәжірибелі педагог ретінде танылып, концертмейстерлік қызметті белсенді жүзеге асырып, көптеген талантты жас орындаушыларды дайындады. Оның жетекшілігімен республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары мен дипломанттары дайындалған, соның ішінде XIII және XV Республикалық кіші олимпиадалар, «Отанның әні» конкурсы, Халықаралық конкурстар (Киев, Украина; Баку, Әзірбайжан), сондай-ақ Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерватория жанындағы олимпиада бар. Көптеген оқушылар I, II және III дәрежелі лауреат атағын иеленген.
Динара Ақылжановна — «Мәдениет үздігі» құрметті атағының иегері. Музыка өнерін дамытуға қосқан ұзақ жылғы еңбегі үшін көптеген марапаттарға ие: «Dialogue of cultures – 2025» республикалық конкурсының қазылар алқасында қатысқаны үшін алғыс хат, II дәрежелі лауреат дипломы «SOTTO VOCE» II ашық бүкілресейлік конкурсынан (Қазан, 2025), «Құрмет грамотасы» (2022 ж.), Ахмет Жұбанов атындағы РҚММШИ-дан алғыс хаттар мен грамоталар (2013–2018 жж.), Алматы қаласы Алмалы ауданынан грамота (2019 ж.), «Tessafest» халықаралық фестиваль-конкурсына және «Jiger synergy» халықаралық конкурсына лауреат дайындағаны үшін алғыс хаттар, IV Республикалық конкурс және «Almaty music games» дипломдары (2016–2018 жж.), «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы фестиваль-конкурс дипломы (2018 ж.), Мәдениет және спорт министрлігінен грамоталар (2018, 2020 жж.), «Астана-мерей» халықаралық конкурсына лауреат дайындағаны үшін алғыс хат, сондай-ақ Ахмет Жұбанов атындағы жас орындаушылардың халықаралық конкурсына диплом. Сонымен қатар, Динара Ақылжановна оқу-әдістемелік жарияланымдардың авторы болып табылады. Оған «Оқу-педагогикалық процестегі концертмейстер қызметінің аспектілері», «Музыка сабақтарында жасөспірімдердің рухани-адамгершілік тәрбиесін дамыту», «Жасанды интеллектті қолдану арқылы негізгі құзыреттіліктерді дамытудағы педагогтердің тәжірибесі» сияқты еңбектер жатады.
Ташимова Асель Махсутхановна
Концертмейстер

Ташимова Асель Махсутхановна – пианист, педагог, концертмейстер, «Міндетті фортепиано» бөлімінің оқытушысы, педагог-зерттеуші, «Мәдениет саласының үздігі» атағының иегері. Музыкалық білімін А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған мектеп-интернатында алған (1986–1997 жж.), онда ол педагог Р.М. Юсупованың сыныбында білім алды. Кейін оқуын Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында жалғастырып, 2002 жылы арнайы фортепиано мамандығы бойынша В.Г. Пестовтың сыныбын тәмамдады.
Консерваторияны аяқтағаннан кейін педагог, камералық ансамбль солисті және концертмейстер біліктіліктеріне ие болды. Асель Махсутхановнаның концертмейстерлік еңбек өтілі 27 жылдан асады. Кәсіби қызметінде ол жоғары орындаушылық шеберлігімен, педагогикалық мәдениетімен және шығармашылық көзқарасымен ерекшеленеді. Сабақ барысында оқытудың заманауи және шығармашылық әдістерін қолдана отырып, оқушылардың музыкалық қабілеттерін дамытуға ерекше көңіл бөледі. Оның жетекшілігімен оқушылар түрлі концерттер мен байқауларға қатысып, жоғары нәтижелер көрсетіп келеді.
Тлеубердіқызы Ақеркем
Концертмейстер

2005–2009 ж. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында (Алматы қ.) оқып, концерттік орындаушы, педагог, концертмейстер, камералық ансамбльдің солисті біліктіліктерін алды.
2009 жылдың 1 қыркүйегінен бастап А. Жұбанов атындағы РКСМШИ-де концертмейстер болып жұмыс істейді; 2009–2022 ж. арнайы фортепиано бөлімінде педагог ретінде қызмет атқарды. 2020 жылдан бастап Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында концертмейстер лауазымында жұмыс істейді.
2014, 2016, 2021, 2023 жылдары мектеп директорының алғыс хаттарымен, 2019–2022 жылдары ҚР МЖС министрлігінің грамоталары мен алғыс хаттарымен марапатталған.
Оның жетекшілігімен оқушылар республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары мен жүлдегерлері атанған, соның ішінде: А. Жұбанов атындағы Халықаралық жас орындаушылар байқауы (2015, 2017, 2019, 2021, 2023), “Астана Мерей” (2022), “Обон” (2024), Республикалық жас орындаушылар конкурстары және басқа халықаралық байқаулар.
2021–2024 жылдары бірнеше ғылыми-әдістемелік басылымдар мен конференцияларда мақалалар жариялаған, соның ішінде: «Қол қою. Фортепиано үйренудің бастапқы кезеңі», «Концертмейстердің орындаушымен жұмысының негіздері», «Фортепианода ойнау әдістемесі», «Фортепиано курсын оқудың педагогикалық негізі», «Қазақстандағы музыкалық білім беруді цифрландыру», «Қазақстанның фортепиано музыкасы».
Кадырханова Риммат Кадырхановна
Арнайы фортепиано бөлімінің педагогы, концертмейстер

Музыкалық білімін 1995–2000 жылдары Қазақстан Республикасы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында алды. Біліктілігі: оқытушы, концертмейстер, камералық ансамбльдің солисті. 2000 жылдан бастап А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатында педагог және концертмейстер ретінде қызмет атқарып келеді. 2015–2023 жылдары концертмейстерлер бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды.
Шығармашылық-орындаушылық қызметі барысында Кадырханова Риммат оқушылары халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары атанды. Олардың қатарында Ахмет Жұбанов атындағы халықаралық жас орындаушылар байқауы, «Астана Мерей» халықаралық жас орындаушылар байқауы, Юрий Николаевич Должников атындағы халықаралық байқау-фестивалі, I Халықаралық «Батыс-Сібір-Шығыс» байқауы және Әмина Хамитқызы Алмасбекова атындағы конкурстар бар.
Кадырханова Риммат сондай-ақ ғылыми және әдістемелік жұмыстарымен де танымал. 2024 жылы I халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда «Пианист техникасы. Фортепиано бөлімі оқушыларының аппаратындағы проблемалар және оларды жою әдістері» тақырыбында мақала жариялады. Сол жылы авторлық әдістемелік бағдарлама: «Фортепиано аспабын оқытудың бастапқы кезеңінде шығармашылық қабілетті дамыту» жарық көрді.
Қазымбек Әйгерім Аманжолқызы
Арнайы фортепиано бөлімінің педагогы

Әйгерім Аманжолқызы Қазымбек 2016-2020 жылдары Қазақстан Республикасы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында білім алып, оқытушы, концертмейстер және ансамбль әртісі біліктілігін иеленді. 2018 жылдан бері А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатында концертмейстер ретінде қызмет атқарып келеді. Осы уақыт ішінде ол өзінің кәсіби шеберлігін көрсете отырып, көптеген лауреаттар мен дипломанттар тәрбиеледі. Әйгерім Аманжолқызының педагогикалық қызметі барысында ол республикалық және халықаралық байқауларға қатысушыларды дайындап, олардың жетістіктеріне атсалысты. Оның оқушылары 2011 жылы Ахмет Жұбанов атындағы халықаралық жас орындаушылар байқауында I және II дәрежелі лауреат атанды, 2021 жылы IX Халықаралық «Жұлдыздарға қадам» конкурс-фестивалінде I дәрежелі жүлдені жеңіп алды, 2015 жылы Алматыда Ахмет Жұбанов атындағы халықаралық жас орындаушылар байқауында I және II дәрежелі лауреаттар болды. Сонымен қатар, 2022 жылы Алматыда өткізілген республикалық жас орындаушылар байқауында III дәрежелі, «Күншуақ» Республикалық байқауында I дәрежелі лауреаттар, 2024 жылы республикалық олимпиадада II дәрежелі жүлдегерлер тәрбиеледі.
Ол кәсіби қызметінде бірнеше марапаттарға ие болды: 2022 жылы А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты директорының Алғыс хаты, сондай-ақ Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық академиясының ректорының Республикалық олимпиадаға белсенді қатысқаны үшін сертификаты берілді. 2024 жылы Қазақ ұлттық консерваториясы концертмейстер шеберлігі үшін алғыс хатпен марапаттады, сондай-ақ А.Жұбанов атындағы мектеп-интернат директорының алғыс хаты берілді. 2024 жылы Әйгерім Аманжолқызы I халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, «ХХІ ғасыр музыкалық мәдениетіндегі тұлға – тәрбие – шығармашылық» атты мақаласында «Концертмейстердің білімі мен дағдысының жүйелік аспектісі» тақырыбын баяндады.
Камалдинов Адилет Ермекович
Педагог, арнайы фортепиано бөлімінің педагогы

Адилет Ермекович Камалдинов 2016-2020 жылдары Қазақстан Республикасы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында оқып, оқытушы, концертмейстер және ансамбль әртісі біліктілігін алды. 2020-2022 жылдары сол оқу орнында өнер магистрі дәрежесін меңгерді. 2017 жылдан бері А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатында концертмейстер, ал 2022 жылдан бері Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында концертмейстер қызметін атқарып келеді. Педагогикалық қызмет барысында Адилет Ермекович көптеген халықаралық және республикалық байқауларға лауреаттар мен дипломанттарды даярлады. Оқушыларының жетістіктері арасында 2019 жылы Алматыда Ахмет Жұбанов атындағы халықаралық жас орындаушылар байқауында диплом, 2023 жылы Бішкекте III Халықаралық «Обон» жас орындаушылар байқауында III дәрежелі лауреат, сондай-ақ 2023 жылы Алматыда «Almaty music games» республикалық байқауында I дәрежелі лауреаттары бар.
Адилет Ермекович Камалдинов көптеген марапаттарға ие: 2020 жылы А.Жұбанов атындағы РКСМШИ бұйрығымен концертмейстердің жоғары деңгейдегі екінші біліктілік санаты берілген; 2024 жылы «Обон» III халықаралық байқауының алғыс хаты (Бішкек, Қырғызстан); 2019 жылы А.Жұбанов атындағы Халықаралық жас орындаушылар байқауының дипломы (Алматы); IX Республикалық студенттік олимпиаданың III дәрежелі лауреаты; 2023 жылы «Art Aspect» ұйымдастырған «Almaty music games» концертмейстерінің дипломы (Алматы). Сонымен қатар Адилет Ермекович кәсіби даму бағытында бірнеше ғылыми және практикалық іс-шараларға қатысты. Оған «Jiger Synergy» халықаралық мастер-класс (36 сағат), Қазақстан Республикасының халықаралық ғылыми журналына 2021 жылы жарияланған «П.Хиндемиттің ішекті аспаптар мен фортепианоға арналған шығармаларының стильдік ерекшеліктері» мақаласы, 2023 жылы «Заманауи жағдайда білім алушылардың кәсіптік бағдарлауын жүргізу үшін педагогтардың құзыреттілігін дамыту» біліктілігін арттыру курсы (80 сағат), Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі Владимир Степанович Шиштің шеберлік сыныбына қатысу сертификаты (2019 ж.), сондай-ақ 2024 жылы I халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысу («ХХІ ғасыр музыкалық мәдениетіндегі тұлға – тәрбие – шығармашылық», «Концертмейстердің білімі мен дағдысының жүйелік аспектісі» мақаласы) кіреді.
Бегендикова Айгүл Жалғасбекқызы
Концертмейстер

Өнер жолын 1989 жылы Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп интернатында бастап, мамандығы бойынша Душанова Ш.Р. сыныбында 2000жылы аяқтады. 2000 жылы Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық Өнер Университетіне оқуға түсіп, ұстаз Д. А. Мамбетованың сыныбында фортепиано мамандығы бойынша 2004 жылы бітіріп – солист, ансамбль әртісі, педагог, концертмейстер біліктілігін алды. 2004 жылдан бастап А. Жұбанов атындағы РҚМММИ-де концертмейстер лауазымында жұмыс істейді. Еңбек жолында 2006-2021жж.аралығында көптеген лауреаттар мен дипломанттарды түрлі байқаулар мен фестивальдерге дайындады,солардың ішінде: Астана қ. 40-шы Республикалық Жас орындаушылар байқауы, 3-ші “Астана-Мерей” Халықаралық жас орындаушылар байқауы, Астана қ., Қазақстан ұлттық жастарының 4-ші Дельфийлік ойындары, Тараз қ., Астана қ. 43-ші Республикалық Жас орындаушылар байқауы, 5-ші “Астана-Мерей” Халықаралық жас орындаушылар байқауы”, Астана қ., Алматы қ. “Music Forum Kazakhstan” республикалық музыкалық олимпиадасы, А. Жұбанов атындағы Республикалық жас орындаушылар байқауы, Алматы қ. Н.Тілендиев атындағы 2-ші музыкалық “Өз Елім” атты байқауы, Астана қ., Алматы қ. 45-ші Республикалық Жас орындаушылар байқауы, ” Жас талант-2012 ” Алматы қ., Алматы қ. 46-шы Республикалық Жас орындаушылар байқауы, Алматы қаласының Республикалық олимпиадасы,
Алматы қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер арасында Қазақстанның жас орындаушыларының 2-ші республикалық конкурсы, “Melodies of native land” халықаралық байқауы Ташкент қ., А. Жұбанов атындағы РҚМММИ-нің 50 жылдығына арналған халықаралық конкурсы., Сауд Арабия және Иордания Корольдігіндегі Қазақстанның мәдени күндерінің өнер іс-шараларына қатысты.
2020-жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінен Алғыс Хатымен марапатталды.
2021-жылы Рухани жаңғыру бағдарламасының аясында “New Soloist” атты бірінші жеке орындаушылардың Халықаралық байқауына жүлдегер дайындағаны үшін Алғыс Хатымен марапатталды. 2025 ж. А. Жұбанов атындағы XIX Халықаралық жас орындаушылар байқауына қатысушыларды кәсіби тұрғыда дайындаудағы еңбегі үшін Алғыс хатпен марапатталды.
Хидуанова Жанар Мухамедгалиевна
Концертмейстер

Жанар Мухамедғалиевна Хидуанова – жоғары білікті концертмейстер және тәжірибелі педагог. Музыкалық білімін Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында алған (2001–2005 жж.), мұнда ол концертмейстер, ансамбль солисі, органист және оқытушы мамандықтары бойынша даярланған. 2005–2008 жылдары аспирантура (ассистентура-стажировка) кезеңінде ғылыми-педагогикалық дағдыларын одан әрі жетілдірді.
2005 жылдан бері Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында концертмейстер болып қызмет атқарып, 2011–2022 жылдары «Арнайы фортепиано (Орган)» кафедрасының аға оқытушысы, ал 2022 жылдан бастап «Жалпы фортепиано» кафедрасының аға оқытушысы ретінде еңбек етуде. Сонымен қатар, ол 2005 жылдан бері Ахмет Жұбанов атындағы Республикалық қазақ мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатында концертмейстер қызметін атқарып келеді.
Кәсіби қызмет барысында Жанар Мухамедғалиевна жетекшілігімен оқушылар республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары мен дипломанттары атанған. Олардың қатарында «Астана-Мерей» (Астана, 2014), III Республикалық конкурс мамандандырылған мектептер арасында (Алматы, 2015), Халықаралық конкурс А. Жұбанов атында (Алматы, 2015, 2017), халықаралық конкурстар (Бишкек, 2020; Варна, 2021), «Bel Suono» (Казань, 2021) сияқты байқаулар бар. Көптеген шәкірттері I, II және III дәрежелі лауреат атағын иеленді.
Жанар Мухамедғалиевна халықаралық концерттік сахналарда да өнер көрсетті: Мәскеу, Санкт-Петербург, Париж, Штральзунд, Нойштадт қалаларында концерттер өткізді. Оның шығармашылық әріптестері арасында белгілі музыканттар – Толепберген Абдрашев, Марат Бисенгалиев, Ваг Папян, Канат Омаров бар.
Көп жылғы жемісті еңбегі мен музыкалық білім беруге қосқан үлесі үшін Жанар Мухамедғалиевна «Почетная грамота» (Нұр-Султан, 2021), Мәдениет және спорт министрлігінің алғыс хаты (Алматы, 2022), «Kumis Khasyr» қоғамдық қорының және Құрманғазы атындағы ҚазҰК алғыс хатымен (Алматы, 2024), сондай-ақ «Le Grand bal de Paris» халықаралық конкурсының дипломымен (Париж, 2021) марапатталған.
Сонымен қатар, ол кәсіби даму мақсатында 2022 жылы «Нәтижеге бағытталған тиімді педагогикалық технологиялар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда «Концертмейстер жұмысының ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасап, өз тәжірибесін бөлісті.
Егизбаева Гаухар Абилакимовна

Музыкалық білімін К.Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп -интернатында алған, фортепиано аспабы бойынша үздік бітірдi.(2007 ж) Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегi, аспапта орындаушылық” (фортепиано) мамандығы бойынша. (2011 ж)
2012 жылы Қазақ ұлттық өнер университеті (Астана қ.) “Аспаптық орындау” (фортепиано) мамандығы бойынша магистратураны үздік аяқтап, Өнер магистрi академиялық дәрежесін алды. Гнесин атындағы Ресей музыка академиясында (2011) және Ecole Normale de musique de Paris A. Cortot. (Франция, Париж, 2017) оқу орындарында тағылымдамадан өтті. Егизбаева Гаухар – Қазақстан республикасының президенті “Болашақ” халықаралық бағдарлама стипендиаты. Жұмыс қызметі барысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінен Алғыс хат және жоғары деңгейде лауреат дайындағаны үшін Алғыс хаттармен, дипломдармен марапатталды. Олардың қатарында :Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы ХVI Республикалық кiшi олимпиада, 45 Республикалық орындаушылар байқауы, А. Жұбанов атындағы ХIХ Халықаралық жас орындаушылар байқауы.
Тажибай Мерей Бахытқызы

Музыкалық білімін Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық орта мамандандырылған музыка мектеп-интернатында бастап, 2024 жылы арнайы фортепиано бөлімін (Р.М. Юсупованың сыныбы) үздік бітірді.
Шығармашылық-орындаушылық қызметі барысында Мерей Тажибай Австрия, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Түркия және Ресейде өткен көптеген халықаралық байқаулардың лауреаты атанды. Олардың қатарында: Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған Халықаралық байқаудың Гранприі, «Austrian stars» (Вена) және «MELODY» (Түркия) байқауларының І сыйлықтары, Флоридадағы (АҚШ) Халықаралық пианистер байқауының ІІ орыны бар.
Сонымен қатар, Ева, Иосиф және Семен Когандар атындағы І Халықаралық байқаудың дипломанты және Айсұлу Досаева атындағы арнайы сыйлықтың иегері. Мерей Тажибай — Қазақстан Республикасының академиялық өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін К. Байсейітова атындағы мектептің алғыс хаттарымен марапатталған. Ұстаздар қауымы мен мектеп басшылығы оны бірегей таланты мен ерекше музыкалылығымен сипаттайды.
Концертмейстерлік қызметі барысында камералық ансамбль номинациясы бойынша халықаралық байқаулардың жүлдегері атанды. Парақтан оқу, өз бетінше жұмыс және импровизация бойынша кәсіби шеберлігін дәлелдеген маман. Когандар атындағы байқаудың «Камералық ансамбль» номинациясы бойынша III сыйлық иегері және парақтан оқу мен импровизация байқауларының жеңімпазы. Көптеген музыкалық салондар мен концерттердің белсенді қатысушысы.
Қазіргі уақытта Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мектепте концертмейстер болып жұмыс істейді.
Базаркул Арайлым Әлібекқызы
Арнайы фортепиано бөлімінің педагогы, «Концертмейстерлік шеберлік» сыныбының оқытушысы, концертмейстер

Базаркул Арайлым Әлібекқызы – пианист, педагог және концертмейстер. Ол А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының түлегі (ұстазы – Мухамеджанова Г.Б.). 2018 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын «Аспаптық орындаушылық» мамандығы бойынша (фортепиано) тәмамдады (профессор Кадырбекова Г.И. сыныбы).
2016 жылдан бастап Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында концертмейстер ретінде еңбек жолын бастады. 2017 жылдан бері А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатында концертмейстер қызметін атқарып келеді. 2025 жылдан бастап аталған оқу орнында Арнайы фортепиано бөлімінің педагогы және «Концертмейстерлік шеберлік» сыныбының оқытушысы қызметін атқарады. Педагогикалық қызметі барысында оқушыларды түрлі байқауларға дайындап келеді. Оның шәкірттерінің қатарында республикалық және халықаралық байқаулардың жүлдегерлері бар. Солардың бірі – Ерназар Амир (II орын лауреаты).
Буханова Эльмира Әширбекқызы
Фортепиано мұғалімі, концертмейстер

Буханова Ильмира Аширбекқызы – балалар музыка мектебі №11-де фортепиано пәнінің мұғалімі, ал А. Жұбанов атындағы мектепте концертмейстер. Ол 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген, ұлты – қазақ. Білімі жоғары. 1990-1994 жылдары К-Олин музыкалық училищесін тәмамдап, «БММ оқытушысы, концертмейстер» біліктілігін алған. 2002-2005 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін музыка мұғалімі мамандығы бойынша бітірді. 2023-2026 жылдар аралығында Р.Ф. Загир Исмагилов атындағы Уфа мемлекеттік университетінде магистр дәрежесін алып, «Музыкалық-аспаптық өнер» мамандығы бойынша білімін жетілдірді.
Жалпы жұмыс өтілі – 28 жыл, осы ұжымда – 5 жыл. Өзінің ұзақ жылдық оқытушылық қызметі барысында талантты жас музыканттардың тұтас буынын тәрбиеледі, олардың көпшілігі республикалық және халықаралық байқаулар мен фестивальдердің лауреаттары атанды.
Тулемісова Раушан Серғалиевна
Концертмейстер

Тулемісова Раушан Серғалиевна өз білімін А. Жұбанов атындағы РҚМММИ-де арнайы фортепиано сыныбы бойынша бастап, кейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында аяқтады. Еңбек жолын консерваторияда концертмейстер болып бастаған, кейін А. Жұбанов атындағы мектепте жұмысын жалғастырды. Өзінің кәсіби қызметі барысында қалалық, республикалық және халықаралық конкурстар мен фестивальдерде белсенді қатысып, жас талантты орындаушыларды дайындады. Оның еңбегі бірнеше марапаттармен бағаланды, соның ішінде 2023 жылы А. Жұбанов атындағы мектепте еңбектеніп айрықша табыстарға жеткені үшін алғыс хат, 2024 жылы Қазақстанның мамандырылған музыка мектептері мен колледждерінің білім алушылары арасындағы жас орындаушылардың 2 республикалық конкурсына, сондай-ақ «Обон» конкурсына қатысып концертмейстерлік қызмет атқарғаны үшін марапатталды. 2025 жылы Ахмет Жұбанов атындағы XIX Халықаралық жас орындаушылар байқауы мен дарынды балаларға арналған мамандырылған білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы XIII республикалық Қазақстан жас орындаушылары конкурсына қатысып, алғыс хаттармен және дипломдармен марапатталды.
Сонымен қатар, 2025 жылы AGZHAN ғылыми-білім беру орталығының ұйымдастыруымен «Музыкалық қабілеттерді және оқушылардың креативті ойлауын дамыту: музыка сабақтарында креативті әдістерді қолдану» тақырыбындағы кәсіби біліктілігін арттыру курстарын аяқтады. 2019 жылы «Мәдениет саласының үздігі» медалімен марапатталып, жоғары кәсіби деңгейін және музыкалық өнерге қосқан үлесін дәлелдеді.
Рахимғалиева Венера Қалыбайқызы
Концертмейстер

Рахимғалиева Венера Қалыбайқызы 1977 жылы Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында дүниеге келген. Музыкалық білімін 1996 жылы музыкалық училищеде бастап, сол жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясына арнайы фортепиано мамандығы бойынша оқуға түсті. 2001 жылы консерваторияны үздік дипломмен тәмамдап, концертмейстер, камералық ансамбль әртісі және фортепиано пәнінің оқытушысы біліктіліктеріне ие болды.
Еңбек жолын 2001 жылы Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатында концертмейстер ретінде бастады. 2006 жылы Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған орта музыка мектебінде концертмейстер қызметін жалғастырды. 2020 жылдан бастап Ахмет Жұбанов атындағы республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатында концертмейстер қызметін атқарып келеді.
Көпжылдық кәсіби қызметі барысында Венера Қалыбайқызы концертмейстер ретінде оқушыларды республикалық және халықаралық конкурстарға дайындауға белсенді қатысып келеді. Оның шығармашылық қолдауымен көптеген жас музыканттар түрлі байқаулардың лауреаттары атанып, жоғары жетістіктерге қол жеткізді. Лауреаттарды дайындауға қосқан үлесі үшін ол бірнеше рет грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталған.
Асқар Құлшарипов
Концертмейстер

Асқар Құлшарипов – П.И.Чайковский атындағы Павлодар музыка колледжінің түлегі (оқытушы Тамара Ивановна Кочнева сыныбы). Музыкалық білімін одан әрі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында жалғастырып, бакалавриатта арнайы фортепиано сыныбында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, доцент Арман Алдабергенұлы Тілеубергеновтің жетекшілігімен білім алды. Камералық ансамбль сыныбында профессор Сауле Мұқанқызы Медеубаевамен, ал концертмейстерлік шеберлік бойынша Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, профессор Сергей Владимирович Костевичпен жұмыс істеді. Магистратураны Қазақстанның халық әртісі, профессор Жәния Яхияқызы Әубәкірованың сыныбында тәмамдады.
Шығармашылық қызметі барысында Асқар Құлшарипов республикалық және халықаралық конкурстардың бірнеше мәрте лауреаты және дипломанты атанды. Ол Қазақстанның және шетелдердің көптеген концерттік сахналарында өнер көрсетті, оның ішінде Ресей, Украина, Литва, Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай, Италия, Германия және Венгрия елдері бар.
Музыканттың жетістіктері қатарында Алматыда өткен Республикалық жас музыканттар байқауының лауреаты (2001), Рязань қаласында өткен Бүкілресейлік ашық байқаудың дипломанты (2002), Қарағандыдағы Республикалық байқаудың лауреаты (2005), Астанада өткен алғашқы Ұлттық Дельфий ойындарының алтын медаль иегері (2005), А.Жұбанов атындағы халықаралық байқаудың лауреаты (Алматы, 2006), Халықаралық «Шабыт» байқауының лауреаты (Астана, 2009, 2012) сияқты маңызды жетістіктер бар. Сонымен қатар, ол Жәния Әубәкірованың арнайы жүлдесіне ие болды (2011) және бірқатар халықаралық және республикалық конкурстарда концертмейстерлік шеберлігі үшін арнайы дипломдармен марапатталған.
Асқар Құлшарипов концертмейстер ретінде де жоғары кәсіби деңгейімен танылып, түрлі республикалық және халықаралық конкурстарда арнайы марапаттарға ие болды. Оның шығармашылық қызметі халық аспаптары, үрмелі және ішекті аспаптар номинацияларындағы көптеген байқаулармен тығыз байланысты. 2023 жылы Лондонда өткен Golden Time Talent халықаралық онлайн конкурсында I жүлдені иеленді. 2025 жылы Саарбрюккен қаласында өткен И.С.Бах атындағы халықаралық пианистер конкурсының жартылай финалисі атанып, сол жылы Алматыда өткен А.Жұбанов атындағы халықаралық жас музыканттар конкурсында «Үздік концертмейстер» атағына ие болды. Сонымен қатар, ол кәсіби дамуға белсенді қатысып, 2021 жылы Монреаль қаласында өткен «Соната өнері» халықаралық камералық музыка семинарына қатысты.
