Бұйрыққа қосымша
Мәдениет және өнер саласындағы мамандандырылған музыкалық орта білім беру ұйымдарына білім алушыларды қабылдау қағидасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Мәдениет және өнер саласындағы орта білім беретін мамандандырылған музыкалық ұйымдарға білім алушыларды қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17553 болып тіркелген) Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерін және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарын қоспағанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес әзірленді.
2. Мәдениет және өнер саласындағы орта білім беретін мамандандырылған музыкалық ұйымдар білім алушыларды қабылдауды Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Білім туралы» Заңына, осы Қағидаларға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және білім беру ұйымының жарғысына сәйкес жүзеге асырады.
3. Мәдениет және өнер саласындағы орта білім беретін мамандандырылған музыкалық ұйымдардың (бұдан әрі – Мамандандырылған музыкалық мектеп) білім беру қызметінің ерекшеліктерін, музыкалық бағытталуын және музыкалық дарынды балалардың орындаушылық өнер негіздерін терең меңгеруін ескере отырып, 1 – сыныпқа және бос орындарға қабылдау конкурс негізінде жүргізіледі.
4. Мамандандырылған музыкалық мектептің қызмет көрсету аумағы бекітілмейді. Балаларды қабылдау Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінен жүзеге асырылады.
5. Білім алушылар қатарына қабылдау мамандандырылған музыкалық мектебінің басшысының бұйрығы негізінде жүргізіледі.
6. Білім алушыларды қабылдау кезінде мамандандырылған музыкалық мектептің директоры ата-аналарымен немесе заңды өкілдерімен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13227 болып тіркелген) білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартына сәйкес шарт жасасады.
2-тарау. Құжаттарды қабылдау тәртібі
7. 1 – сыныпқа қабылдау конкурсына алты жасқа толған және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балалар, сондай-ақ бұрын білім беру ұйымдарында (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) оқымаған, мектепке дейінгі даярлықтан өткен жеті жастағы балалар жіберіледі.
8. Мамандандырылған музыкалық мектеп құжаттарды қабылдау басталғанға дейін кемінде 10 (он) күнтізбелік күн бұрын өзінің ресми интернет-ресурсында 1-сыныпқа және бос орындарға құжаттарды қабылдау туралы хабарландыруды орналастырады. Аталған хабарландыруда мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс:
1) құжаттарды қабылдау шарттары мен мерзімдері;
2) оқыту тілі ескеріле отырып, сынып-жиынтықтарды қалыптастыруға мүмкіндік беретін квота туралы мәліметтер;
3) конкурстық талаптар;
4) құжаттарды қабылдау кестесі;
5) конкурстық кезеңдерді өткізу кестелері.
Ресми интернет-ресурста орналастырылған ақпарат құжаттарды қабылдау және конкурстық кезеңдерді өткізу кезеңінің бүкіл мерзімі ішінде оның толықтығын, өзектілігін және еркін қолжетімділігін қамтамасыз етуге тиіс.
Осы тармақта көрсетілген мәліметтерге өзгерістер енгізілген жағдайда, олар бекітілген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей, ақпараттың жаңартылған күні көрсетіле отырып, ресми интернет-ресурста орналастырылады. Орналастырылған ақпаратты жаңартылған күнін көрсетпей жоюға немесе өзгертуге жол берілмейді.
9. 1 – сыныпқа конкурстық іріктеуге қатысу үшін ата-аналар немесе баланың заңды өкілдері тарапынан құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 20 сәуірінен 30 мамырына дейін жүргізіледі.
10. Бос орындарға құжаттарды қабылдау оқу жылы ішінде немесе жазғы демалыс кезеңінде оқушылардың шығуы есебінен пайда болған бос орындар болған жағдайда, 2 – сыныптан бастап жүзеге асырылады.
11. Құжаттарды қабылдау электрондық форматта (сканерленген құжаттар) электрондық пошта немесе өзге де байланыс құралдары арқылы жіберу жолымен, сондай-ақ мамандандырылған музыкалық мектеп басшысының бұйрығымен тағайындалған, құжаттарды қабылдауға жауапты тұлғаға қағаз жеткізгіште ұсыну арқылы жүзеге асырылады.
Түсу тәсіліне қарамастан, келіп түскен барлық құжаттар олардың келіп түскен күні мен уақыты автоматты түрде тіркелетін бірыңғай тіркеу журналында міндетті түрде тіркеуге жатады.
Құжаттардың келіп түскен күні мен уақыты деп мыналар есептеледі:
1) электрондық нысанда жолданған жағдайда – құжаттарды қабылдау үшін көрсетілген ресми электрондық мекенжайға (байланыс құралына) келіп түскен күні мен уақыты;
2) қағаз жеткізгіште тапсырылған жағдайда – құжаттарды жауапты тұлғаның нақты алған күні мен уақыты.
Құжаттарды тіркеуден оларды ұсыну тәсіліне, беру барысындағы техникалық ерекшеліктерге немесе алынғанын растаудың болмауына байланысты бас тартуға жол берілмейді.
Құжаттарды есепке алу және қарау кезектілігі тек олардың тіркелген күні мен уақытына сәйкес айқындалады.
12. Мамандандырылған музыкалық мектепке қабылдау үшін келесі құжаттар ұсынылады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ата-аналардың немесе заңды өкілдердің өтініші;
2) баланың туу туралы куәлігі немесе жеке куәлігі;
3) ата-аналардың немесе заңды өкілдердің жеке куәліктері;
4) № 065/у нысанындағы «Екпе паспорты» медициналық анықтамасы;
№026 формадағы медициналық карта және Бала паспорты (көк).
5) № 052-2/у нысанындағы «Бала денсаулығы паспорты» медициналық анықтамасы, «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
6) баланың 3×4 см көлеміндегі фотосуреті;
7) мектеп-интернатқа мұқтаж балалар үшін өтініш беру сәтіндегі тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы құжат.
Бос орындарға құжат тапсырғандар қосымша ұсынады:
8) білім беру ұйымы басшысының мөрімен расталған баланың оқу орнынан анықтама;
9) республикалық орындаушылық шығармашылық байқауларына қатысқаны туралы дипломдардың көшірмелері;
10) 10, 11 және 12 – сыныптарға қабылданушылар үшін негізгі орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжат.
13. Осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген құжаттар тіркелген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауапты тұлға өтініш берушіге белгіленген нысанда мынадай хабарламалардың бірін жолдайды:
1) құжаттардың қабылданғаны туралы;
2) осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген толық негіздер көрсетіле отырып, құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы.
Хабарлама мынадай тәртіппен жіберіледі:
1) құжаттар электрондық нысанда түскен жағдайда – құжаттар жіберілген электрондық пошта мекенжайына не байланыс құралына электрондық нысанда;
2) құжаттар қағаз жеткізгіште түскен жағдайда – өтініш беруші көрсеткен пошталық мекенжай бойынша жазбаша нысанда жіберіледі немесе жеке өзі қол қойдыру арқылы тапсырылады.
Құжаттарды тіркеу, тіркеу күні мен уақыты, сондай-ақ хабарламаларды жолдау фактілері тіркеу журналында міндетті түрде есепке алынады.
14. Құжаттарды қабылдаудан бас тартуға мынадай негіздер жатады:
1) осы Қағидаларда белгіленген мерзімдер өткеннен кейін конкурсқа қатысу туралы өтініштің берілуі;
2) осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген құжаттардың толық емес пакетін ұсыну.
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту осы Қағидаларға 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша өтініш берушіге бас тарту туралы қолхат беру арқылы жазбаша нысанда рәсімделеді.
Бас тарту туралы қолхат бас тартуларды тіркеу журналында міндетті түрде тіркелуге жатады және келесі мәліметтер көрсетіледі:
1) қолхаттың берілген күні мен уақыты;
2) өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) не өтініш берушінің атауы;
3) құжаттарды беру тәсілі;
4) осы Қағидалардың аталған тармағына сілтеме жасай отырып, бас тартудың нақты негізі.
Бас тарту туралы қолхат өтініш берушіге:
1) құжаттар электрондық нысанда ұсынылған жағдайда – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатқа теңестірілген электрондық нысанда;
2) құжаттар қағаз жеткізгіште берілген жағдайда – қағаз жеткізгіште беріледі.
Бас тартуларды тіркеу журналы белгіленген тәртіппен сақталуға жатады және құжаттарды қабылдаудан бас тартудың заңдылығын бақылау мақсатында пайдаланылады.
15. Мамандандырылған музыкалық мектепке шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау тәртібі, сондай-ақ үміткерлердің білім беру деңгейін айқындау «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 468 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6573 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
Мамандандырылған музыкалық мектепке конкурс кезеңінен сәтті өткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тиісті қызмет саласындағы уәкілетті органға мамандандырылған музыкалық мектеп енгізетін ұсыным негізінде оқуға қабылданады.
3-тарау. Конкурстық іріктеуді ұйымдастыру және өткізу тәртібі
16. Оқуға қабілетті дарынды балаларға арналған мамандандырылған музыкалық мектепте бейіндік оқыту үшін қажетті музыкалық қабілеттерді анықтаудың ерекшеліктерін ескере отырып, конкурстық іріктеу көзбе-көз форматта жүргізіледі.
17. Конкурстық іріктеу мамандандырылған музыкалық мектептің конкурстық талаптарында көзделген, баланың бейіндік оқуға дайындық деңгейін және музыкалық кәсіпті меңгеру қабілетін айқындауға мүмкіндік беретін сипаттамалар кешенін ескере отырып, 2 (екі) кезеңде жүзеге асырылады.
Сипаттамалар кешенін бағалау үшін конкурс өткізілгенге дейін бекітілген нақты көрсеткіштер мен өлшемшарттар пайдаланылады. Әрбір бақылау немесе тестілеу нәтижелері баллдардың тағайындалуына негіз болған көрсеткіштерді көрсете отырып, хаттамада тіркеледі. Комиссияның қорытынды шешімі ешқандай субъективті түзетулерді қолданбай, баллдардың объективті жиынтығы негізінде ғана қалыптастырылады.
Конкурсқа қатысушыларды бағалауға байланысты барлық құжаттама мамандандырылған музыкалық мектепте белгіленген тәртіпке сәйкес сақталады және есепке алынады, бұл бағалаудың заңдылығы мен ашықтығын тексеру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Консультация күндері 2026 жылғы 18 – 22 мамыр аралығында жүргізіледі.
Іріктеу конкурсының өткізілетін уақыты:
І кезең – 1 маусым, сағат 09:00 – тыңдау;
ІІ кезең – 6 маусым, сағат 09:00 – тыңдау.
10 маусым күні сағат 09:00 – емтихан қорытындысы шығарылады.
18. Мамандандырылған музыкалық мектепке қабылдау келесі мамандықтар бойынша жүзеге асырылады:
1) арнайы фортепиано;
2) ішекті аспаптар (скрипка, альт, виолончель, контрабас, арфа);
3) халық аспаптары (домбыра, қобыз-прима, қылқобыз, баян, домра-прима, шертер);
4) үрмелі аспаптар 1 – сыныпқа қабылданушылар үшін блок-флейтадан бастау алып, кейін негізгі аспаптарға көшу;
5) 3 – сыныптан бастап үрмелі және ұрмалы аспаптар: флейта, гобой, кларнет, фагот, саксофон, валторна, труба, тромбон, ұрмалы аспаптар;
6) хор дирижерлігі 5 – сыныптан бастап;
7) теория, музыка тарихы және композиция 9 – сыныптан бастап.
19. Конкурстық іріктеуді ұйымдастыру мақсатында мамандандырылған музыкалық мектептің басшысы бекітілген субъектілер тізбесі негізінде қабылдау комиссиясының құрамын бекітеді, оған мыналар кіреді:
1) жетекші педагогтер мен бөлім меңгерушілері;
2) конкурсқа қатысушылармен байланысты емес кемінде бір тәуелсіз маман;
3) уәкілетті органның кемінде бір өкілі.
20. Басшының бұйрығымен қабылдау комиссиясының құрамына мамандандырылған музыкалық мектептің дәрігері енгізіледі. Дәрігер үміткерлердің медициналық құжаттарын тексереді және комиссияға төмендегі талаптарға сәйкес балаларда тереңдетілген музыкалық оқуға қарсы көрсетілімдердің жоқтығы туралы шынайы ақпарат ұсынады:
1) созылмалы аурулардың, туа біткен патологиялардың, бассүйекішілік қысымның, жүйке жүйесінің органикалық зақымдалуларының, туа біткен жүрек ақауларының, бүйректің ауыр ауруларының, эпилепсияның болмауы;
2) үлкен физикалық жүктемелерге қарсы көрсетілімдердің болмауы.
21. Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негізінде қабылдау комиссиясы жалпы білім беру және музыкалық бөлімдерде бір мезгілде оқыту барысында жоғары жүктемелер қарсы көрсетілген кандидаттарды тыңдауға жібермеу туралы ұсыныс береді. Әрбір шешім міндетті жазбаша негіздемесімен хаттамада тіркеледі және комиссиялар журналында сақталады. Негіздемеде тиісті қорытындыға сілтемелер мен денсаулық жағдайының нақты көрсеткіштері қамтылуға тиіс.
22. Қабылдау комиссиясының құрамына қоғамдық бақылаушылар ретінде «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің, сондай-ақ өзге ұйымдардың, оның ішінде қоғамдық бірлестіктердің өкілдері енгізілуі мүмкін.
23. Бақылаушылар конкурстың объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді, қағидалардың, қатысушылардың құқықтарының сақталуын қадағалайды, ықтимал бұзушылықтарды тіркейді және олар туралы мамандандырылған музыкалық мектептің басшылығына немесе уәкілетті органға хабарлайды.
24. Бақылаушылар конкурстың барлық кезеңдеріне қатысуға және бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты ала алады.
25. Қабылдау комиссиясының мүшелерінің саны 11 (он бір) адам болып белгіленеді. Комиссия төрағасы комиссияның бірінші отырысында оның мүшелері арасынан көпшілік дауыспен сайланады.
26. Қабылдау комиссиясының хатшысы комиссия құрамына кірмейді, материалдарды дайындайды және хаттама жүргізеді.
27. Қабылдау комиссиясының шешімдері ашық дауыс беру арқылы жай көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең түскен жағдайда қайта талқылау жүргізіледі немесе комиссияның қосымша тәуелсіз мүшесі тартылады.
Комиссия отырысы оның мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда құқықты болып есептеледі. Ерекше пікір жазбаша түрде ресімделіп, хаттамаға қоса тіркеледі. Барлық талқылаулар қатысқан комиссия мүшелері қол қойған хаттамада тіркеледі.
28. Конкурстық іріктеудің қорытындылары хаттамамен ресімделеді және мамандандырылған музыкалық мектептің интернет-ресурсына конкурс өткен күннен кейінгі күннен кешіктірілмей орналастырылады.
29. Мамандықтар бойынша балаларды теңдей қабылдауды қамтамасыз ету мақсатында, кадрлық қажеттілік, типтік оқу жоспарлары және мектептің ішкі балансы ескерілген квота белгіленеді.
30. 1 – сыныпқа қабылдау кезіндегі тең жағдайды қамтамасыз ету мақсатында, музыкалық аспапта шығарма орындау міндетті емес. Үміткердің қалауы бойынша орындалуы мүмкін және ол нақты аспапқа бөлу үшін негіз болып табылмайды.
31. Балаларды аспаптар бойынша бөлу құқығы қабылдау комиссиясына тиесілі. Келіспеген жағдайда ата-аналар мамандандырылған музыкалық мектепке қабылдаудан бас тартуға құқылы.
32. Байқау кезеңдерінің әрқайсысының нәтижелері байқау комиссиясының хаттамаларымен рәсімделеді. Нәтижелерді бағалау мамандандырылған музыкалық мектептің басшысының бұйрығымен бекітілген, байқау сынақтарын бағалау әдістемесі бойынша жүргізіледі (бұдан әрі – Әдістеме).
Әдістеме байқау сынақтарының тізбесін, бағалау көрсеткіштерін (музыкалық құлақ, ырғақ және басқа да көрсеткіштер), бағалау шкаласын, нәтижелерді тіркеу тәртібін және комиссияның шешім қабылдау өлшемшарттарын қамтиды. Әдістемені қолдану барлық қатысушылар үшін міндетті болып табылады, нәтижелер хаттамаларда тіркеледі.
33. Өту балы жыл сайын қабылдау комиссиясымен ең жоғары балл саны және қабылдау квотасы негізінде айқындалады.
34. Конкурстық іріктеудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін бейнебақылау және аудиожазба жүйелері пайдаланылады.
35. Ата-аналардың немесе заңды өкілдердің конкурстық тыңдауларға, талқылауларға және комиссия отырыстарына қатысуына жол берілмейді.
36. Белгіленген уақытта тыңдауға келмеген үміткерлер конкурстың әрі қарайғы қатысуынан шеттетіледі. Келмеу туралы ақпарат хаттамаға енгізіледі.
37. Белгіленген мерзімнен кейінгі тыңдау туралы өтініштер қаралмайды.
38. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7355 болып тіркелген) Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесінің 3-тарау 1, 2 және 3-параграфтарына сәйкес орындаушылардың халықаралық, республикалық конкурстарының және мамандандырылған байқаулардың жеңімпаздарына балл тең болған жағдайда артықшылыққа ие болады.
39. Байқау нәтижелері бойынша мамандықтар, сыныптар және оқыту тілдері бойынша резервтік тізім (5 кандидаттан аспайтын) жасалады. Тізім резервтік тізімге қабылдау туралы бұйрыққа қол қойылған күні мамандандырылған музыкалық мектептің интернет‑ресурсында жарияланады.
40. Қабылдау қабылдау комиссиясының ұсынымы негізінде жүзеге асырылады.
41. Қорытынды хаттама негізінде мамандандырылған музыкалық мектептің басшысы қабылдау және резервтік тізімге енгізу туралы бұйрық шығарады.
42. 1 – сыныпқа арналған резервтік тізім 1 қыркүйекке дейін жарамды.
43. Резервтік тізімнен қабылдау тек қабылданған балалардың ерікті түрде бас тартуы жағдайында жүзеге асырылады.
44. Жыл ішінде бос орындарға қабылдау бос орындар пайда болған және мамандықтар бойынша квота болған жағдайда жүргізіледі.
45. 1 – сынып оқыту процесінде аспапты ауыстыру туралы өтініштер қарастырылмайды.
46. Бұрын аяқтаған сыныпқа қайта қабылдау туралы өтініштер қаралмайды.
4-тарау. Қабылдау комиссиясының шешімдеріне шағымдану тәртібі
47. Ата-аналардың немесе заңды өкілдердің шағымдарын қарастыру үшін кемінде 5 (бес) адамнан тұратын апелляциялық комиссия құрылады, оған мыналар кіреді:
1) төраға;
2) жетекші маман-музыканттар және педагогтер;
3) уәкілетті органның кемінде бір өкілі;
4) кемінде бір тәуелсіз қоғамдық бақылаушы.
Комиссия мүшелерін тағайындау ашық түрде жүзеге асырылады, өкілеттік мерзімі бұйрықпен бекітіледі, ал нақты немесе әлеуетті мүдделер қақтығысы бар тұлғалар шағымдарды қарауға қатыстырылмайды.
48. Апелляциялық шағым баланың ата-аналары немесе заңды өкілдері тарапынан конкурстық іріктеудің нәтижелері жарияланғаннан кейінгі 3 (үш) жұмыс күні ішінде берілуі тиіс.
Шағым қағаз және электрондық нысанда, соның ішінде жеке өзі тапсыру арқылы кеңсе арқылы қабылданады.
49. Апелляциялық комиссия төмендегі мәселелерді қарамайды:
1) конкурстық кезеңдерге қатысушының келмеуіне, кешігуіне, өзін жайсыз сезінуіне байланысты мәселелер;
2) конкурстық тапсырмаларды орындау кезінде қатысушының тәртіп ережелерін немесе нұсқаулықтарды бұзуы;
3) мектептің білім беру бағдарламасының мазмұны мен құрылымына, сондай-ақ қабылдау және өзге де комиссиялардың құрамына қатысты мәселелер.
Комиссия құрамына қатысты және процедуралық бұзушылықтар жөніндегі шағымдар қарастырылған кезде, даулы шешімді түпкілікті қарауға дейін тоқтату фактісі тіркеледі.
50. Апелляциялық шағымдарды қабылдауға жауапты тұлға шағымды кіріс хаттамалар журналына тіркейді.
51. Апелляциялық комиссия шағымды тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қарастырады.
52. Апелляциялық комиссия отырысының күні мен уақыты шағым берушіге және қоғамдық бақылаушыларға хабарланады.
53. Шағым беруші апелляциялық комиссия отырысына қатысуға құқылы.
54. Апелляциялық комиссия қойылған бағалардың негізділігі мен дұрыстығын, сондай-ақ конкурстық іріктеу мен конкурсанттарды бағалау белгіленген тәртіпке сай жүргізілгенін тексереді.
Апелляциялық комиссия ұсынылған материалдарды тәуелсіз бағалауды жүргізуге, қолданылған критерийлер мен бағалау әдістемелерін талдауға, қажет болған жағдайда сыртқы сарапшыларды тартуға құқылы, сондай-ақ процедуралық бұзушылықтар анықталған жағдайда материалдарды қайта тыңдауға немесе қайта бағалауға жіберу туралы шешім қабылдай алады.
55. Апелляциялық комиссия конкурстық қатысушының құжаттарымен танысады, конкурстық кезеңдердің материалдарын, қабылдау комиссиясының хаттамаларын, конкурс тыңдалымдарының бейне және аудиожазбаларын талдайды, жазбалар шағым берушінің қатысуымен немесе қатысуынсыз қаралуы мүмкін.
56. Шағым беруші баласының бейне және аудиожазбаларымен апелляциялық комиссияның қатысуымен танысуға құқылы.
57. Апелляцияны қарау қайта емтихан тапсыру немесе қайта тыңдалым өткізу болып табылмайды.
58. Балдарды өзгерту тек нәтижелерді қате есептеу немесе қосу жағдайларында, сондай-ақ бағалау критерийлерін бұзу фактілері анықталған жағдайда ғана мүмкін болады.
59. Апелляциялық комиссия конкурсқа қатысушының қорытынды баллын бағалау тәртібін құжаттық расталған бұзушылықтар немесе баллдарды есептеу кезінде қателіктер анықталған жағдайда түзете алады, соның ішінде:
1) қабылдау комиссиясының жеке мүшесі қойған бағаның орташа бағаға қатысты айтарлықтай ауытқуы, сәйкес негіздеме болмаған жағдайда;
2) қорытынды баллды есептеу кезінде арифметикалық немесе техникалық қателіктер анықталған жағдайда.
Қорытынды балды түзету осы Қағидалардың 17-тармағында көзделген, бекітілген қайта есептеу әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады және апелляциялық комиссияның негіздемелі шешімімен рәсімделеді. Конкурстық іріктеудің келесі кезеңінен өту үшін балдардың жеткіліксіздігі ғана негізінде қорытынды балды түзетуге жол берілмейді.
60. Өзге жағдайларда апелляциялық комиссия қабылдау комиссиясының көпшілік дауыспен қабылданған шешімдерін жоюға, сондай-ақ төмен нәтижелер болған жағдайда қатысушының балын көтеруге құқығы жоқ.
61. Шағымдарды қарау апелляциялық комиссияның жабық отырысында жүргізіледі. Процедураның ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында апелляциялық комиссияның отырысы міндетті түрде аудиожазбаға түсіріледі. Апелляциялық комиссияның шешімдері қарапайым көпшілік дауыспен, комиссия мүшелерінің жалпы санының басым дауысы арқылы қабылданып, негізделген хаттамамен рәсімделеді. Отырыстың аудиожазбасы мен хаттама мамандандырылған музыкалық мектептің іс жүргізу номенклатурасына сәйкес сақталады және мүдделі тұлғалардың сұрауы бойынша жеке деректерді қорғау туралы заңнама талаптарын сақтай отырып ұсынылады.
62. Апелляциялық комиссия шағымды қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) апелляцияны қанағаттандырудан бас тартып, балдарды өзгеріссіз қалдыру;
2) апелляцияны қанағаттандырып, балдарды өзгерту.
63. Қабылдау комиссиясы апелляциялық комиссияның хаттамалық шешімін орындайды, конкурстық қатысушының бағалау парақтарына және конкурстық іріктеу деректер базасына тиісті өзгерістер енгізеді.
64. Апелляциялық комиссияның төрағасы және барлық мүшелері қол қойған комиссия отырысының хаттамалары апелляциялық шағымдармен бірге қабылдау комиссиясына беріледі.
65. Апелляциялық комиссияның шешімі шағым берушіге жеке қолхатпен табыс етіледі немесе шағымда көрсетілген байланыс құралдары арқылы жолданады.
66. Апелляциялық комиссия жұмысы аяқталғаннан кейін конкурстық жұмыстар шағым берушілерге танысу үшін берілмейді, ал қойылған бағалар бойынша талаптар қабылданбайды.
67. Апелляциялық комиссияның шешімі соңғы әрі міндетті болып табылады. Бұл ретте, заңнаманы бұзу фактілері немесе маңызды процессуалдық кемшіліктер анықталған жағдайда, оны мамандандырылған музыкалық мектептің басшысы немесе уәкілетті мемлекеттік орган шектеулі түрде сыртқы қайта қарауға құқылы. Қайта қарау тәртібі мен мерзімдері мамандандырылған музыкалық мектептің шешімі арқылы белгіленеді. Қайта қарау туралы шешім негіздемелі құжатпен рәсімделіп, анықталған бұзушылықтар мен тексеру нәтижелері көрсетіледі.
68. Мүдделер қақтығысы туындаған кезде комиссия мүшесі 2 (екі) жұмыс күні ішінде туындаған мүдделер қақтығысы туралы еркін жазбаша нысанда хабардар етеді және комиссия құрамынан шығаруға жатады.
Апелляциялық комиссия мүдделер қақтығысы туралы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде комиссия мүшесіне қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы шешім қабылдайды және апелляциялық комиссияның жаңа құрамын бекітеді.
69. Конкурсқа қатысушылардың бейне және аудио жазбалары тек уәкілетті органның ресми сұрауы негізінде, сұраудың мақсаты көрсетілген жағдайда беріледі. Барлық сұраулар мен жазбаларды беру фактілері журналда тіркеледі, онда негіздеме мен материалдарды алушы тұлға көрсетіледі. Жазбаларға қолжетімділік тек уәкілетті лауазымды тұлғаларға олардың қызметтік өкілеттігі шегінде рұқсат етіледі, сонымен қатар жеке деректердің қорғалуын және ақпараттың құпиялығын қамтамасыз ету қажет.
70. Бейне және аудио жазбалар қабылдау емтиханы өткізілген күннен бастап кемінде 3 (үш) жыл бойы мамандандырылған музыкалық мектепте сақталады. Жазбалар қорғалған түрде, құпиялылықты сақтау және шифрлау шараларын қолдана отырып сақталуға тиіс. Жазбаларды жою уәкілетті комиссияның ресми актісі негізінде жүзеге асырылады, онда жою күні мен процедураға қатысқан тұлғалар тіркеледі.

1-сыныпқа қабылданған оқушылардың тізімі
📍ИНТЕРНАТ бойынша:
• Нигмат Томирис
• Сағымбай Томирис
• Серік Сырым
• Бейсен Айдай
• Акбарұлы Мағжан
• Асхат Райана
• Аман Ырысқадыр
• Қаратай Әмина
• Жақсыбай Ерасыл
• Исабай Әмина
• Медетұлы Ахмет
• Биделхан Аль-Фараби
• Берлинұлы Бурхан
• Галимова Раяна
📍ҚАЛА бойынша:
• Бейсембай Фатима
• Сейтбатқал Алибек
• Асланұлы Алдияр
• Құрмет Айдай
• Кенишкалиев Назар
• Джаппаров Мадияр
• Әбіләкім Інжу
• Нұрлан Ясина
• Жарылқап Әлихан
• Әуесхан Сезім
• Жарылқасын Асылым
• Нұрболатұлы Абдулмалик
• Ғабит Аль Нұр
• Әуесхан Айлин
• Кенжебай Томирис
• Серік Дарын
• Меделхан Дания
• Сәрсенқожа Хадиша
• Өміржан Әмірхан
• Бәкір Омар
• Жуаныш Әмина
• Жуаныш Дінмұхамед
• Қуаныш Гүлшарат
• Батан Әмірқұт
• Барзу Алуа
• Сейдхан Адия
• Эльдосқызы Ханшайым
Құрметті ата-аналар мен болашақ өнерпаздар!
Сіздерді балаларыңыздың шығармашылық жолындағы алғашқы қадамы — 1-сыныпқа қабылдануымен шын жүректен құттықтаймыз!
Олардың бойындағы өнерге деген құштарлық пен еңбекқорлық алдағы уақытта биік белестерді бағындыруға жол ашады деп сенеміз.
Алда қызықты білім жолы, ұстаздармен етене қарым-қатынас, сахнамен қауышу сәттері күтіп тұр. Балаларымызға тек сәттілік пен шабыт тілейміз!
Қош келдіңіздер, жас таланттар!
Үміткерлер назарына: 3 кезеңге өткендер


📣 Құрметті ата-аналар!
Мектебімізге 1-сыныпқа құжат тапсырған үміткерлер үшін қабылдау конкурсының 3-кезеңі өтетінін хабарлаймыз.
📅 Өтетін күні: 2025 жылғы 4 маусым
Өтетін уақыты мен орны:
🎼 Қала бойынша: сағат 09:00-де
🎼 Интернат бойынша: сағат 09:00-де
📌 Өтініш, көрсетілген уақытта кешікпей келулеріңізді сұраймыз.
Барлық үміткерлерге сәттілік тілейміз!
Үміткерлер назарына: 2-кезеңге өткендер
Құрметті ата-аналар!
Мектебімізге 1-сыныпқа құжат тапсырған үміткерлер үшін қабылдау конкурсының 2-кезеңі өтетінін хабарлаймыз.
Өтетін күні: 2025 жылғы 3 маусым
Қала бойынша: сағат 09:00-де
Интернат бойынша: сағат 10:00-де
Өтініш, көрсетілген уақытта кешікпей келулеріңізді сұраймыз.
Барлық үміткерлерге сәттілік тілейміз!


Оқушыларды 2025-2026 оқу жылына қабылдау
Жоғарыдағы көк түсті сілтемені басып, толық ақпараттармен таныса аласыз!!!
Оқушыларды 2024-2025 оқу жылына қабылдау
Қабылдауға өтініш
Емтихан нәтижелері
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ
2024-2025 оқу жылына 1 сыныпқа қабылдау парағы
01 маусым 2024 жыл
басталуы сағат 09:00
ІІІ кезең

Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ
2024-2025 оқу жылына 1 сыныпқа қабылданған үміткерлер
тізімі
| р/с | Аты-жөні | Емтихан нәтижесі | Аспапқа бөлу | р/с | Аты-жөні | Емтихан нәтижесі | Аспапқа бөлу |
| 1 | Русланқызы Камила | қабылданды | скрипка | 20 | Кемерахан Айсұлу | қабылданды | фортепиано |
| 2 | Серікхан Аяулым | қабылданды | қобыз-прима | 21 | Исамәлін Амира | қабылданды | қобыз-прима |
| 3 | Әлихан Біржан | қабылданды | баян | 22 | Сейдахмет Айсана | қабылданды | фортепиано |
| 4 | Әлімғазы Көркем | қабылданды | скрипка | 23 | Серік Қасымхан | қабылданды | скрипка |
| 5 | Ерсін Еркеназ | қабылданды | фортепиано | 24 | Даниярұлы Сұлтан | қабылданды | виолончель |
| 6 | Каткеев Керим | қабылданды | фортепиано | 25 | Жамалбек Улас | қабылданды | фортепиано |
| 7 | Есеева Айым | қабылданды | фортепиано | 26 | Ерлан Дария | қабылданды | скрипка |
| 8 | Адеагбо Сафия Тежумола | қабылданды | скрипка | 27 | Ермек Нұрали | қабылданды | виолончель |
| 9 | Қуатбек Ұлболсын | қабылданды | скрипка | 28 | Ахметқали Заңғар | қабылданды | фортепиано |
| 10 | Досжанқызы Айсұлу | қабылданды | фортепиано | 29 | Кінархан Рауан | қабылданды | виолончель |
| 11 | Нұрахмет Сафи | қабылданды | скрипка | 30 | Әділ Мағжан | қабылданды | виолончель |
| 12 | Қайролла Сүйіндік | қабылданды | скрипка | 31 | Нұрғали Айсана | қабылданды | скрипка |
| 13 | Үкен Дәнекер | қабылданды | виолончель | 32 | Рахимов Алияр | қабылданды | баян |
| 14 | Боранбай Іңкәр | қабылданды | қобыз-прима | 33 | Тохтахунова Рамина | қабылданды | скрипка |
| 15 | Бахытбек Аяла | қабылданды | блок флейта | 34 | Досмахамбет Әлихан | қабылданды | фортепиано |
| 16 | Нұрланұлы Омар | қабылданды | фортепиано | 35 | Түзелбек Самал | қабылданды | фортепиано |
| 17 | Айдаров Мейржан | қабылданды | виолончель | 36 | Нұрлыбай Бисултан | қабылданды | домбыра |
| 18 | Тілектесов Асылхан | қабылданды | скрипка | 37 | Исламбек Шарапат | қабылданды | қобыз-прима |
| 19 | Нукен Алия | қабылданды | скрипка |
Хабарландыру!!!
Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп интернаты 2024 жылдың 21-23 тамыз күндері 1, 2, 3, 5 сыныптарға, бос орындарға конкурстық іріктеу жариялайды:
1 сыныпқа – 4 орын
2 сыныпқа – 5 орын
3 сыныпқа – 2 орын
5 сыныпқа – 1 орын.
Аталған конкурсқа құжат қабылдау 2024 жылдың 19-20 тамыз күндері жүзеге асырылады. Конкурсқа қабылдау емтиханның талаптары мектептің jubanov.kz сайтында бар.
Анықтама телефондары: 8 (727) 375 55 42