Қазақстан өнеріндегі фортепиано тарихы өткен жүзжылдықтың 40 жылдарынан басталады. 1944 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының ашылуына байланысты педагогикалық кадрларды дайындау қажеттігі туды. Консерватория директоры А.Жұбановтың шақыруын К.Н.Игумнов, А.Б.Гольденвейзер, Г.Г.Нейгауз, А.Н.Есипова сынды орыс және Кеңес дәуіріндегі пианистер мектебінің шәкірттері қабыл алды. Соғыстан кейінгі жылдары елімізге алғаш ат басын тіреген Г.Н.Петров, Е.Ф.Гировский, Л.Л.Кельберг, К.А.Господарь, Р.С.Кацман, И.С.Станишевская, А.В.Бирмак сынды музыканттар еді. Олар республикадағы пианистер мектебінің негізін салды.
1950 жылдары Алматы мемлекеттік консерваториясына бұрынғы Кеңестер одағының құрамына кіретін республикалар мен қалалардағы жоғарғы музыкалық оқу орындарын бітірген жас педагогтар жолдамамен келді. Э.А.Росман, А.Л.Барак және басқа азаматтар қазақстандық фортепианолық педагогиканың қалыптасуы мен дамуына атсалысып, жаңа серпін берді. Алғашқы түлектер 1964 жылы ашылған, кейіннен Ахмет Жұбановтың есімі берілген республикалық музыкалық мектепке ұстаздық қызметке кірісті.
Арнайы фортепиано бөлімінің аяғына нық тұруына бөлім меңгерушісі Г.П.Зуева, консерватория ұстаздары В.Г.Карпов, П.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының түлегі В.И.Тебенихин, Е.Г.Кәрімбаева, И.Ж.Әбікенова, Л.Л.Минкина белсенді үлес қосты.
1970 жылы бала санының көбеюіне байланысты Л.И.Лапан, Г.И.Мұратова, Г.А.Мелькова, Л.Н.Щербакова, Э.Г.Есырева, Т.И.Манжосова, А.И.Тайшыбекова, О.В.Коломийцева, Р.М.Юсупова тәрізді Құрманғазы атындағы консерваторияның түлектері мен жас мамандары көптеп тартыла бастады. Кейіннен Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының арнайы фортепиано кафедрасының профессоры Г.Ы.Қадырбекова, доцент С.А.Массовер, доцент А.Қ.Мұхитова, профессор А.Ж.Досаева және А.Г.Гринфельд сияқты музыканттар ауыл балаларын оқытуға белсене кірісті.
Мінез-құлықтарының, мұғалімдік қадір-қасиеттерінің, табиғи таланттарының сан-алуандығына қарамастан, барлығын кәсіби тұрғыда өсу, педагогикалық шеберліктің құпиясына үңілу ұмтылыстары бір ортаға біріктірді.
Оқыту жүйесінің басты мақсаты – орыс және еуропа пианистері мектебіндегі озық дәстүрлерге ұлттық шырай қоса отырып, сауатты музыкант, сапалы маман дайындау болды. Қазақстан композиторларының да фортепиано үйренудегі әдебиеттеріне көңіл аудару басты назарға алынды.
А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты ашылғалы бері арнайы фортепиано бөлімі ұланғайыр педагогикалық тәжірибе жинақтады. Өз қолтаңбаларын айшықтады. Оқытушылар үнемі шәкірттерінің жүрегіндегі музыкаға деген махаббат пен қызығушылық отын үрлеп отырады. Әрбір музыкалық шығарма мазмұнының терең ашылуына, автор мәтініне ұқыптылықпен қарауға, туындының егжей-тегжейіне мұқият, шыдамдылықпен үңілуге бейімдейді.
Бөлім мектеп қабырғасында жыл сайын педагогтардың кәсіби өсуіне жағдай туғызатын шеберлік сыныптар, семинар кеңестер ұйымдастыратын ерекше үрдіс қалыптастырды. Сондайақ Мәскеу, Петербор, Тбилиси, Баку, Рига, Львов және басқа қалалардағы музыкалық мектепте жиі машықтанып қайтуды әдетке айналдырған. Әлемдік сахнада салтанат құрып жүрген В.Крайнев, М.Воскресенский, Е.Малинин, А.Гаврилов, С.Иголинский, Ж.Әубәкірова, Н.Трулль, А.Диев, А.Севидов, Т.Попович, М.Либензон, Д.Копылов сынды майталмандардың ақыл-өсиеті, ой-пікірлері өз көмегін тигізіп келеді.
Қазіргі уақытта фортепиано бөлімінің ұжымы білікті мамандармен қоса, болашағынан үлкен үміт күттіретін жастармен толыққан.
Бөлім меңгерушісі – ҚР Мәдениет саласының үздігі Ж.Т. Акбарова, Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның доценті Б.Б.Айғалқаева, Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның аға оқытушысы Г.Т.Кұрамбаева, Білім беру ісінің үздігі, ҚР Еңбек ардагері, фортепиано бөлімінің 2012–2014 жылғы меңгерушісі Ш.Р.Душанова, Білім беру ісінің құрметті қызметкері, ҚР Мәдениет саласының үздігі Г.С.Жәкеева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мәдениет саласының үздігі, бөлімнің 2014-2023 жылғы меңгерушісі Г.Қ. Қазыбекова , ҚР Мәдениет саласының үздігі Ф.З.Амантурлинаның әрбір басқан қадамы кейінгілерге үлгі-өнеге.
ҚР Мәдениет саласының үздігі Г.Б.Мұхамеджанова, ҚР Мәдениет саласының үздігі Ж.Т. Акбарова, ҚР Мәдениет саласының үздігі Ә.Т.Исенова, ҚР Мәдениет саласының үздігі Г.С.Бейсембаева, ҚР Мәдениет саласының үздігі Г.С. Сенбиева, А.А.Омарова, Ш.Ы.Қоқыбасова, Д.Т. Базарова, А.М. Ниязбаева, Қ.Б. Мәлікайдар, Е.Құрмет те шәкірт жүрегіне жол тапқан ұстаздар.
Жас мамандар Е.Н. Қожағұл, А.Е. Сексенов, А.Ә.Базаркул, А.Е. Камалдинов, А.А. Сухамбаева бөлім ұстаздарының қатарына қосылып, аға ұстаздардан тәлім алып, ізін жалғап келеді.
Осыған дейін жұмыс істеген, әлі де кәсібін жалғастырып жатқан педагогпианистердің еңбегі текке кеткен жоқ. Олардың маңдай тері халықаралық және республикалық байқауларда өнер көрсетіп, лауреат атанған шәкірттерінің концерттік орындауларында жарқырай көзге түсті. Мысалы, А.Айғазиева – ұстазы Э.Г.Есырева; Б.Айғалқаева, Д.Қалқабекова – ұстазы А.Ы.Тайшыбекова; А.Төретаева – ұстазы С.А.Массовер; А.Рахымова, Д.Есімханов, А.Жайым, Р.Дүйсембаева, А.Қарсақбаева, Н. Омаргазин – ұстазы Г.А.Мелькова; Ә.Исенова – ұстазы профессор Г.Ы.Қадырбекова; А.Қондыбаева – ұстазы Ш.Р.Душанова; Г.Алтаева, А.Тоқтаған – ұстазы Г.И.Мұратова, Е.Еламан, Б.Ракымов, С. Копбаев – ұстазы Г.Қ.Қазыбекова, сондай-ақ басқа да олжалы оқушылар көктеп шығуда.
А.Жұбанов мектебі жергілікті қала балаларын да, ауыл жеткіншектерін де бөле-жармай, орындаушылық өнері академиялық деңгейге жету үшін әр екі жыл сайын А.Жұбанов атындағы Халықаралық байқауы арнайы фортепиано аталымы бойынша өтеді. Байқау аясында қазылар алқасынан шеберлік сыныптар өткізіледі.
Мектептегі арнайы фортепиано бөлімінің ұстаздарының рөлі қиын да қызықты, мол жауапкершілік жүктейді. Білім аясы кең әрі өресі биік болуы тиіс. Қол астындағы ұл-қыздардың болашағына бағдаршам болатын нағыз кәсіби білімнің жолын нұсқап, талабын ұштауға міндетті.
Оқу жүйесінің әр сатысы өзіндік ерекшеліктерге құрылған. Оқушының жеке басын, қарым-қабілетін танып білуге бағытталады. Күні ертең одан ерекше көзқарасқа ие шығармашылық тұлғаның өсіп шығатынына сендіре отырып, мүмкіндіктерін ашу.
Педагог-пианистердің өмірлік ұстанымы – шәкіртінің деңгейі қай шамада екеніне қарамастан, құпия қырларын іздеуден шаршамау. Ал тәлімгер міндеті – баланың шығармашылық қиялын, ойлау жүйесін ынталандырып, байыту. Елгезектік, қағілездік қабілетін тәрбиелеу. Музыканы тыңдауға, сезінуге, ділдік сипаттары мен стильдік өзгешеліктерін, танымдық бағытын ажыратуға үйрету.
Шебер мен шәкірт арасындағы шығармашылық одаққа міндеттелген жағдайлар – ең алдымен кішіпейілділік, оқушының жеке басының ерекшеліктерін басшылыққа ала отырып, бөлек тәсіл қолдану. Кәсіби мүмкіншілігін, жас мөлшерін ескеруді естен шығармау.
Музыкант-орындаушыны шыңдаудың тағы бір төте жолы – сахналық тәжірибесін толықтыру. Жамбыл атындағы филармонияның Мемлекеттік симфониялық оркестрі мен «Қазақстан камератасы» Мемлекеттік камералық оркестрімен қосылған есеп беру кештерінде өнер көрсету шығармашылық өсу жолындағы таптырмас көмек.
Дәріс алушылар бірінші сыныптан мектеп сахнасына шыға бастайды, одан кейін қала, республика көлемінде қанат жаяды. Халықаралық, республикалық дәрежедегі байқауларда бақ сынайды.
Қолына диплом алған түлектердің уақыт өте келе қосымша мамандық алғандары да бар. Композиторлар Х.Сетеков, Ә.Бестібаев, А.Райымқұлова, А.Жайым, музыкатанушы, өнертану ғылымының кандидаты Л.Көпбаева, «Хабар» агенттігінің журналисі Д.Нұржігіт өз сүрлеуін тапты.
Педагогика саласын жалғастырғандар да аз емес – педагогика ғылымдарының докторы Б.М.Бекмұхамедов, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерватория доценті Б.Б.Айғалқаева, А.Мұстафаева, Ш.Оңғарова, Г.Қ.Қазыбекова, Ф.З.Амантурлина, С.Әбдірахманова, Г.А.Сейтімбекова, Д.Самалдықова, Г.Бейсембаева және басқалар тыңнан түрен салып, өз ісіне адалдық танытып жүр.
Мектеп өзінің Ресей, Еуропа, АҚШ жоғары оқу орындарында білімдерін жалғастырып, Қазақстанның, А.Жұбанов атындағы мектеп-интернаттың атын шығарып жүрген таланттарын мақтан тұтады. М.Жүнісова, Х.Оңалбаева, Д.Есімханов, А.Тоқтаған, Р.Дүйсембаева, А.Баширова, Е.Ернұр, С.Өтегенова, С.Зулпыхаров, С.Көпбаевтардың әрбір жетістігіне тілектес.
А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының 60 жылдық мерейтойына арнайы фортепиано бөлімі жоспарлы дайындықпен келіп отыр. Олар педагогикалық-шығармашылық мақсат-тілектерін жүзеге асыру үшін бірлігі мен тірлігі жарасқан, ынта ықыласы бір мүддеге жұмылған, өз мамандығына шексіз берілген, қуаты тасқындаған ұйымшыл ұжымды паш етеді.
Бөлім құрылғалы екі жүзден астам пианист-музыканттар түлеп ұшты. Олардың барлығы Қазақстанның әртүрлі аймақтары мен шет мемлекеттерде еңбек етіп жүр.









Акбарова Жания Төлеутаевна
Арнайы фортепиано бөлімінің ұстазы, бөлім меңгерушісі

Пеагог-зерттеуші. 2024 ж.ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінен «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған. Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаты. Білімі: 2003–2007 жж. – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, арнайлы фортепиано мамандығы, үздік диплом; 2007–2010 жж. – Құрманғазы атындағы ҚҰК аспирантурасы, камералық ансамбль мамандығы. Еңбек жолы: 2007–2009 жж. – Күләш Байсейітова атындағы РОМММИ-да концертмейстер; 2007–2009 жж. – А. Жұбанов атындағы РҚМММИ-да арнайлы фортепиано ұстазы (қоса атқарушы); 2022–2025 жж. – К. Байсейітова атындағы РОМММИ-да жалпы фортепиано ұстазы (қоса атқарушы); Ғылыми-әдістемелік жұмыс: 2011 ж. – «Қазақстан композиторларының би музыкасы» атты жинақтың құрастырушысы; «Музыкалық өнер, оның басқа өнер түрлерімен байланысы» атты мақаласы А.Жұбанов атындағы РҚМММИ-ның 60-жылдық мерейтойына арналған «XXI ғасырдың музыкалық мәдениетіндегі Тұлға-Білім-Шығармашылық» атты I халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдар жинағында жарияланды.
«Бастауыш сыныптарда пианистерді оқыту әдістемесі» (2 – сынып) авторлық бағдарлама 2025 ж. Оқушыларының жетістіктері: А.Жұбанов атындағы жас орындаушылар байқауының жүлдегерлері : 2016 ж. – Мусабек Ш., 1-орын; 2018 ж. – Мусабек Ш., 1-орын, Абишева А., 2-орын, Мұса Т. , 3 орын; 2024 ж. – Мұса Толғанай, 3-орын, Пайзуллаева Зилала, 3-орын; 2024 ж. – Пайзуллаева Зилала, «Астана-Мерей» байқауы, 2-орын ; 2024 ж. – Мұса Толғанай, «Astana Piano Pasion» Диплом, Пайзуллаева Зилала Диплом; Пайзуллаева Зілала, «Suoni di Venezia» (Италия) халықаралық конкурсы, 1-орын
Душанова Шолпан Рустемовна
Арнайы фортепиано бөлімінің ұстазы. Мәдениет саласының үздігі

Музыкалық білімін П. Чайковский атындағы музыкалық училищені фортепиано мамандығы бойынша тәмамдағаннан кейін, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясында алған. Сонымен қатар Алматы шетел тілдері педагогикалық институтын ағылшын тілі мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1969 жылы Жұбанов атындағы Республикалық музыкалық мектепте концертмейстер қызметінен бастаған. 1977 жылы консерваторияны тәмамдағаннан кейін, Жоғары және орта арнаулы білім министрлігінің жолдамасы бойынша арнайы фортепиано пәнінің педагогы ретінде қызметін жалғастырды. Еңбек қызметі барысында 25-тен астам түлек тәрбиелеп шығарды. Олардың басым бөлігі қазіргі уақытта Қазақстанның музыкалық мектептері мен колледждерінде жемісті еңбек етуде.
2006 жылы Ресейдегі Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясында біліктілікті арттыру курстарынан өтті. 2010–2014 жылдар аралығында арнайы фортепиано бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.
2019 жылы «Мәдениет саласының үздігі» атағына ие болды, ал 2024 жылы «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
Педагогикалық қызметі барысында халықаралық және республикалық байқаулардың 30-дан астам лауреаттары мен дипломанттарын дайындады.
Қалалық және республикалық байқаулардың, сондай-ақ А. Жұбанов атындағы халықаралық байқаудың қазылар алқасының мүшесі ретінде де қызмет атқарды.
Казыбекова Гульжан Кайпбековна
Арнайы фортепиано сыныбының ұстазы. ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, Мәдениет саласының үздігі

Казыбекова Гульжан Кайпбековна 1983 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірді.
1985 жылдан бері А.Жұбанов атындағы РҚМММИ-да еңбек етіп келеді. Еңбек жолын жалпы фортепиано педагогы және концертмейстер ретінде бастаған ол, 1989 жылдан бастап Арнайы фортепиано бөлімінде педагогикалық қызметін жалғастырған.
Ұстаздық шеберлігі мен тәжірибесінің арқасында 1989-2001 жылдары Концертмейстерлік шеберлік бөлімінің меңгерушісі, ал 2014-2023 жылдары Арнайы фортепиано бөлімінің меңгерушісі қызметтерін абыройлы атқарған.
Гульжан Кайпбековна жетекшілігімен көптеген шәкірттер республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары атанып, қазақстандық фортепиано мектебінің абыройын асқақтатты. Оның тәрбиелеген дарынды шәкірттерінің қатарында Е.Ернұр, Б.Ракымов, С.Көпбаев, А.Төлемис сынды талантты пианистер бар.
Педагогтік қызметіндегі жемісті еңбегі мен шәкірттерін байқауларға дайындаудағы жетістіктері мемлекет тарапынан лайықты бағаланған. Ол Мәдениет министрлігінің грамоталарымен марапатталып, «Мәдениет саласының үздігі» атағына ие болған.
2025 жылы көпжылдық әрі жемісті педагогикалық еңбегі үшін Гульжан Кайпбековна «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді.
Амантурлина Фарида Закумбековна
Пианист, педагог, «Арнайы фортепиано» бөлімінің оқытушысы, Конертмейстерлік шеберлік сыныбының ұстазы.
ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Мәдениет саласының үздігі

Орта білімін А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық орта мамандандырылған музыка мектеп-интернатында (Г.А. Мелькованың сыныбы, 1967–1978 жж.) алды. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының түлегі (Э.А. Кирсанованың сыныбы, 1978–1983 жж.). Біліктілігі: педагог, камералық ансамбль солисті, концертмейстер.
1986 жылдан бастап А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық орта мамандандырылған музыка мектеп-интернатында «Арнайы фортепиано» бөлімінің оқытушысы ретінде қызмет етеді. Оның жетекшілігімен халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары дайындалды.
2007–2017 жылдары «Концертмейстерлік шеберлік» бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. Білім беру саласына қосқан зор үлесі үшін 2014 жылы медальмен марапатталып, «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» медальмен марапатталды. 2023 жылы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Лауреаттар:
· Құрманғазының 250 жылдығына арналған байқау – Бас жүлде
· V Халықаралық «Dolce Musica» байқауы – I орын
· III Республикалық аспапта орындаушылар байқауы «Dialogue of Cultures – 2025» – II, III орын
· III Халықаралық аспапта орындаушылар байқауы «Kogan’s Competition» – II орын
· А.Жубанов атындағы XX Халықаралық жас орындаушылар байқауы – I, II орын
Жакеева Гульнара Сапиоллаевна
Арнайы фортепиано бөлімінің оқытушысы, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Мәдениет саласының үздігі, педагог-шебер

1971–1982 жылдары К.Б. Байсейітова атындағы республикалық музыка мектебінде Т.Н. Сүлейменова мен Л.П. Шелякинадан білім алды. 1982 жылы мектепті үздік бітіріп, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясына профессор міндетін атқарушы Э.А.
Росманның класына оқуға түсті.
4-курс студенті кезінде, 1985 жылдан бастап, А. Жұбанов атындағы республикалық қазақ музыка мектебінде концертмейстер болып қоса қызмет атқарды. 1987 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын үздік дипломмен аяқтағаннан кейін, А. Жұбанов атындағы республикалық музыка мектебіне концертмейстер болып қабылданды: кларнет сыныбында (педагог Г.Ф. Лебедев), скрипка сыныбында (педагогтар И.А. Данченко, В.М. Анашкин), альт сыныбында (педагог Л.Н. Дудник) жұмыс істеді.
1988 жылдан бастап арнайы фортепиано бөлімінде педагог лауазымы бойынша қызмет атқарып жүр.
Педагогикалық қызметі барысында Г.С. Жакеева республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттарын тәрбиеледі, соның ішінде:
А. Жұбанов атындағы халықаралық жас орындаушылар байқауы, «Астана – Мерей» байқауы, Сергей Прокофьев атындағы пианистер байқауы (Екатеринбург, Ресей), «Батыс- Сібір–Шығыс» Е. Зингер атындағы байқау (Новосибирск, Ресей); сондай-ақ республикалық: Astana Piano Passion, Республикалық жас пианистер байқауы, республикалық олимпиада.
Г.С. Жакееваның түлектері Қазақстандағы және шетелдегі жоғары музыкалық оқу орындарына грантпен түсіп, Алматы мен Астана қалаларындағы оқу орындарында қызмет атқарады.
Педагогикалық қызметі үшін келесі марапаттарға ие болды:
· «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы» – 2006 ж.
· «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» – 2013 ж.
· «Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет
грамотасы» – 2014 ж.
· «Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Алғыс хаты» –
2018 ж., 2021 ж., 2022 ж.
· «Мәдениет саласының үздігі» – 2022 ж.
Г.С. Жакеева «Зимняя сказка», «Күншуақ» республикалық байқауларының қазылар алқасының мүшесі, сондай-ақ «Астана – Мерей» халықаралық байқауының қазылар алқасының төрайымы болды(2024).
Г.С. Жакееваның шәкірттері сыныптық концерттерде, бөлімдік концерттерде, Жамбыл атындағы филармония сахнасында, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында және Қазақстанның халық әртісі Г. Мұрзабекованың
жетекшілігіндегі «Камерата Қазақстан» оркестрімен, сондай-ақ Т. Әбдірашев атындағы Мемлекеттік симфониялық оркестрмен өнер көрсетеді.
Г.С. Жакеева белсенді әдістемелік жұмыс жүргізеді:
· шеберлік сабақтарын, ашық сабақтар өткізеді. Атап айтқанда, «Астана – Мерей» халықаралық байқауы аясында (2024), сондай-ақ республикалық байқауға дайындық барысында балалар музыка мектептерінің оқушыларымен (2025) шеберлік сабақтарын өткізді.
· А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ арнайы музыка мектеп-интернатының арнайы фортепиано бөлімі педагогтарына арналған тақырыптық ашық сабақтар өткізеді: «Кіші сыныптарда И.С. Бахтың полифониялық шығармаларымен жұмыс», «Координациямен жұмыс», сондай-ақ жас педагогтарға арналған жеке шеберлік сабақтарын ұйымдастырады.
Сонымен қатар педагогикалық тәжірибені таратуға арналған республикалық семинарларға және халықаралық конференцияларға қатысады.
2024 жылғы 20 наурызда А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚАМММИ ұйымдастырған «XXI ғасырдағы музыкалық мәдениеттегі тұлға – білім – шығармашылық» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жинағында оның «Эмиль Абрамович Росман. Педагогикалық принциптері және әдістемелік мұрасы» атты мақаласы жарық көрді.
2024 жылғы 2 желтоқсанда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына арналған «Art in the Post-Global World: From Metatraditions to Metaculture» халықаралық конференциясында «Қазақстандағы кәсіби орта музыкалық білім берудің кейбір аспектілері. Мәселелері және оларды шешу жолдарын іздеу» тақырыбында баяндама жасап, спикер ретінде қатысты.
2025 жылғы 10 сәуірде М. Төлебаев атындағы No5 мектепте өткен қазақстандық композитор Владимир Новиковке арналған қалалық ғылыми-әдістемелік концерт- семинарында «В. Новиковтың „Ойыншықтар“ атты фортепианолық циклі» тақырыбында баяндама жасады.
2025 жылғы 26 сәуірде және 2026 жылғы 30 қаңтарда «Оқытудың тиімді әдістерін қолданудағы практикалық педагогикалық тәжірибені тарату» атты республикалық семинар аясында «Бастауыш мектепте парақтан оқу» авторлық бағдарламасы тақырыбында баяндама жасады.
2026 жылғы 6 наурызда А. Жұбановтың 120 жылдығына арналған «XXI ғасырдағы музыкалық мәдениеттегі тұлға – білім – шығармашылық» II халықаралық ғылыми- практикалық конференциясында «Бастауыш мектепте парақтан оқу» авторлық бағдарламасының таныстырылымын өткізді.
Г.С. Жакеева педагог-виолончелист Жакеев С.М.-нің рухына арналған «Ұстаз, сенің есіміңнің алдында», А. Жұбанов атындағы РҚАМММИ-ның 50 жылдығына арналған «Асыл мұра – аманат», 60 жылдығына арналған «Ахмет Жұбанов аманаты» кітаптарының құрастырушыларының бірі. Сондай-ақ Г.А. Мелькованың естелік кітабы «Звучащая память» еңбегінің редакторы әрі мақала авторы.
2024 жылғы тамызда «AQNIET» республикалық ғылыми-әдістемелік журналында «Кіші сыныптарда И.С. Бахтың полифониялық шығармаларымен жұмыс», ал «International Educator» халықаралық ғылыми-әдістемелік журналында «Менің ұстазым» атты мақалалары жарияланды.
2025 жылғы желтоқсанда «Ustazalemi» республикалық ғылыми-әдістемелік журналында «Бастауыш мектепте парақтан оқу» авторлық бағдарламасы жарияланды.
Г.С. Жакеева педагогикалық қызметін қоғамдық жұмыстармен қатар атқарады. 2006–2022 жылдары А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚАМММИ-ның «Руханият» кәсіподақ ұйымының ұйымдастырушысы болып қызмет атқарды және келесі медальдармен марапатталды:
· «Білім, ғылым және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің салалық кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» · «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қайраткер».
Айгалқаева Ботагоз Багдадовна
Арнайы фортепиано бөлімінің оқытушысы, Құрманғазы атындағы ҚҰК доценті. ҚР Мәдениет саласының үздігі

Айгалқаева Ботагоз БагдадовнаҚұрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын1991 жылы сәтті тәмамдап, «камералық ансамбль солисі, оқытушы, концертмейстер» біліктілігіне ие болған. Кейіннен білімін тереңдете түсу мақсатында 1992-1994 жылдары ассистентура-стажировкада оқып, кәсіби шеберлігін шыңдаған.
1995 жылдан бастап А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының Арнайы фортепиано бөлімінде педагог қызметін атқаруда.
Педагогикалық қызметін жоғары оқу орнында да жалғастырған. 1995-1998 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Арнайы фортепиано кафедрасының оқытушысы, 1998-2006 жылдары аға оқытушысы болып еңбек еткен. 2011 жылы осы кафедраның доценті ғылыми атағын алған.
Педагогтің кәсіби жетістіктері мен орындаушылық шеберлігі түрлі деңгейдегі байқауларда лайықты бағаланған. 1995 жылы Н.Халмамедов атындағы Бірінші халықаралық байқаудың дипломанты атанған. 2014 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» атағымен марапатталған. 2021 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының қауымдастығы тарапынан А.Байтұрсынов атындағы қола медальмен марапатталған.
Айгалқаева Ботагоз Багдадовна жетекшілігімен көптеген шәкірттер республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары атанып, қазақстандық фортепиано мектебінің абыройын асқақтатты.
Оқушыларының жетістіктері:
- «Мерси, Маэстро» халықаралық пианистер байқауы, 2016 ж., Брюссель, Бельгия, 1-ші орын;
- V Республикалық жас орындаушылар байқауы, 2017 ж., Алматы, Гран-при;
- А. Жұбанов атындағы Халықаралық байқау, 2018 ж., Алматы, 2-ші орын;
- VII Республикалық жас орындаушылар байқауы, 2019 ж., Алматы, 2-ші орын;
- «Европа-Азия» халықаралық байқауы, 2021 ж., Уфа, 1-ші сыйлық;
- XIII Республикалық Кіші Олимпиада, 2021 ж., Алматы, 1-ші орын;
- А. Жұбанов атындағы Халықаралық байқау, 2022 ж., Алматы, 2-ші сыйлық;
- XV Республикалық Кіші Олимпиада, Алматы, 1-ші орын.
- Жарияланымдары (конференциялар, семинарлар):
- XIV Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция «Вектор развития современной науки и техники», 2021 ж., Саратов.
Бейсембаева Гаухар Сериковна
Арнайы фортепиано сыныбының ұстазы. Педагогика ғылымдарының магистрі, педагог-шебер. «Жас пианисттің дәптері» атты фортепианоға арналған шығармалар жиынтығының авторы

Гаухар Сериковна Бейсембаева А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ- да 2010 жылдан бері қызмет жасап келеді. Білімін Қазақ мемлекеттiк қыздар педагогикалық университетi (2019, магистратура, GPA-3,98), Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы (1999) және А.Жұбанов атындағы республикалық музыка мектебiнде (1994) алған.
Г.С.Бейсембаева оқушыларының емтиханға дайындалуымен шектелмей, олардың алдына үлкен мақсаттар қояды. Атап айтқанда, ұстаздың түлегі -Н.Омаргазин Дж.Гершвиннің «Голубая рапсодия» шығармасын мектептің симфониялық оркестрімен орындады. Бұл ақпарат 21.02.2023 Almaty.tv телеарнасында хабарланды. https://almaty.tv/news/kultura/1859-pod-gromkie-ovatsii-yunye-talanty-pokorili-serdtsa-zriteley-ispolneniem-klassiki
2023 жылы Г.С.Бейсембаева Абай TV телеарнасында Борис Ерзаковичтің туғанына 115 жыл толуына арналған «Музыка великой степи» бағдарламасына қатысты. Бағдарламада композитордың фортепиано шығармашылығы туралы бөлісіп, «Ақбақай» шығармасын орындады. https://www.youtube.com/watch?v=VSrZGy2dsxA
Г.С.Бейсембаеваның жарыққа шыққан авторлық туындылары мен әдістемелік жұмысы:
– Звучащая память. Естеліктер жинағының құрастырушы (2025, Г.А.Мельковаға арналған);
– Жас пианисттің дәптері: фортепианоға арналған шығармалар (2021, концерт – презентация 2022 жылы мектеп қабырғасында өтті);
– «Скрипка мен фортепианоға арналған пьесалар» атты музыкалық туындылар жинағының бірлескен авторы (2004);
– Типология обработок казахских народных песен и кюев для фортепиано (эволюция жанра): әдістемелік құрал (2021).
Бейсембаева Г.С. республикалық және халықаралық ғылыми – практикалық конференцияларға қатысып, журналдарда мақалалары жарық көреді:
– «Метр в музыке, как формообразующий элемент музыкального сочинения в контексте сонатного аллегро» (Алматы қ.);
– «Педагогические заметки. Прокофьев. «Детская музыка», орus 65», УДК 781.68, I дәрежелі Диплом (Уфа қ. Ресей);
– «Фортепианолық музыкасы негізінде халық дәстүрлі өнерін танудың мүмкіндіктері» (Алматы қ.);
– «Развитие и преемственность педагогических и методических принципов на примере творческой деятельности Г.А.Мельковой в республиканской музыкальной школе имени А.Жубанова» (Алматы қ.);
– «Художественно – исполнительские особенности триптиха «Степные зарисовки» композитора Т.Коныратбая» (Москва қ.).
Журналдарда басылып шыққан мақалалар мен баяндамалары:
– «Тенденции развития казахской музыкальной культуры в фортепианном педагогическом репертуаре»;
– «Вопросы сохранения метроритма в произведениях крупной формы у начинающих пианистов в фортепианных классах»;
– «Формирование художественного вкуса на материале, основанном на национальных традициях»;
– «Работа над созданием образа посредством технических приемов (на примере произведения Т.Коныратбая Қыз қуу)»;
– «Вопросы модернизации национального сознания будущих учителей музыки» (Алматы қ.);
– «Новаторские открытия в фортепианных сочинениях Ференца Листа». Оқушыларының соңғы маңызды жеңістерінің қатарында келесі байқаулардың лауреат атағына ие болды: II республикалық Astаnа Piano Passion жас пианистер байқауы, Зарина Алтынбаева V халықаралық академиялық өнер байқауы, Перельман атындағы жас пианистер байқауы және тағы басқалар.
Мухамеджанова Гульжамиля Бурхановна
Арнайы фортепиано бөлімінің ұстазы, халықаралық байқаулардың лауреаты, ҚР «Мәдениет саласының үздігі»

А. Жұбанов атындағы Республикалық мамандырылған музыка мектеп-интернатының фортепиано сыныбының түлегі (1984–1995).
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын (1995–2000) үздік бітіріп, «концерттік орындаушы», камералық ансамбль солисі, концертмейстер, педагог біліктілігі берілді.
2004–2006 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында аспирантураны аяқтады.
2010 жылдан бастап А. Жұбанов атындағы Республикалық мамандырылған музыка мектеп-интернатының арнайы фортепиано бөлімінің оқытушысы. 2011, 2013, 2015, 2017 жылдары А. Бабаджанян атындағы халықаралық пианистер байқауында (Ереван, Армения) қазылар алқасының мүшесі ретінде Қазақстанның атынан қатысты.
Г. Б. Мухамеджанованың шәкірттері Т. Абдрашев атындағы Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрімен және «Камерата Казахстана» камералық оркестрімен концерттерге белсенді қатысып келеді.
Мектепте оқытушы болып жұмыс істеген жылдары концертмейстер қызметін қатар атқарды. Қазақстан, Ресей, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінде бірнеше рет «Үздік концертмейстер» номинациясының иегері атанды.
Г. Б. Мухамеджанованың шәкірттері республикалық және халықаралық конкурстар мен фестивальдердің лауреаттары (Гран-при, 1-орын, 2-орын, 3-орын), сондай-ақ дипломанттары болып табылады.
Лауреаттар тізімі:
Базаркул Арайлым, Смаил Бибарыс, Бейбытқызы Саида, Ракишева Ажар, Утепова Тамина, Колбачаева Асем, Атыгаева Камила, Муратов Санжар, Карабалина Жансая, Балыкпай Аруна, Сагинаев Алим, Ерназар Амир, Абдулла Жанболат.
Г. Б. Мухамеджанова фортепиано сыныбындағы жұмыс туралы ғылыми-әдістемелік мақалалардың авторы болып табылады.
Қазіргі уақытта Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының арнайы фортепиано кафедрасында оқытушы қызметін қатар атқарады, жеке орындаушы ретінде де, камералық ансамбль құрамында да өнер көрсетеді, шеберлік сабақтарын өткізеді.
Исенова Айгерім Тасмұхановна
Арнайы фортепиано бөлімінің оқытушысы, концертмейстер, Мәдениет саласының үздігі

Исенова Айгерім Тасмұхановна — А. Жұбанов атындағы РҚМММИ түлегі. 2002 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын үздік бітірді. 2004 жылы аспирантураны тәмамдады (профессор, халық әртісі Қадырбекова Г. И. сыныбы).
Халықаралық байқаулардың лауреаты. 2002 жылдан бастап А. Жұбанов атындағы РҚМММИ-де жұмыс істейді, арнайы фортепиано бөлімінде педагогикалық қызметті және концертмейстерлік бөлімдегі жұмысты табысты ұштастырып келеді.
Концертмейстер ретінде республикалық және халықаралық байқауларда (Қазақстан, Татарстан, Ресей, Германия) өнер көрсетеді.
Сонымен қатар арнайы фортепиано бөлімінде шәкірт тәрбиелейді: оның оқушылары республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары. Исенова А. Т. түлектері Қазақстан мен Ресейдің жоғары оқу орындарында білімдерін табысты жалғастыруда.
Исенова А. Т. шәкірті Сайлау Ақжан республикалық «Prima Nota Fest» байқауында Гран-при иегері атанып, Италияның Монтекатини-Терме қаласында өткен «Gran Gala» фестивалі аясындағы концертте өнер көрсетті (2022 ж.).
Исенова А. Т. сондай-ақ камералық ансамбль әртісі ретінде концерттерде өнер көрсетеді.
Марапаттары: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Құрмет» грамотасы (2018 ж.). Қырғыз Республикасының Мәдениет, спорт, ақпарат және жастар саясаты министрлігінің алғыс хаты (2022 ж.). «Мәдениет саласының үздігі» атағы (2023 ж.).
Қоқыбасова Шынар Идрисовна
«Арнайы фортепиано» бөлімінің ұстазы, үрмелі және ұрмалы аспаптар бөлімінің концертмейстері

Музыкалық білімін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында алып, 2000–2004 жылдары оқытушы, концертмейстер, ансамбль әртісі мамандығы бойынша (доцент Айгалкаева Б.Б. сыныбы) бітіріп, 2004–2006 жылдары ассистентура-тағылымдамадан (Медеубаева С.М. сыныбында ) өтті. 2004 жылдан бастап Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатында концертмейстер қызметін атқарып келеді. 2020 жылдан бастап арнайы фортепиано бөлімінің мұғалімі ретінде де жұмыс істейді. Кәсіби қызметі барысында жоғары білікті маман және тәжірибелі педагог ретінде танылып, концертмейстерлік қызметті белсенді жүзеге асыруда. Олардың жетекшілігімен халықаралық және республикалық конкурстарда лауреат атанған көптеген оқушылар дайындалды.
Көп жылғы жемісті еңбегі және музыкалық білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін 2019, 2021, 2022, 2023 жылдары алғыс хаттар мен құрмет грамоталарымен марапатталған.
Кокыбасова Шынар Идрисовнаның жарыққа шыққан авторлық туындылары мен әдістемелік жұмысы:
– 2021 г. Метроном республикалық журналы. Статья: Музыкалық педагогикалық үдерістегі концермейстердің рөлі
– 2021 г. Метроном республикалық журналы. Статья: Специфика работы концертмейстера с инструменталистами
– 2021 г. Өнер әлемі журналы. Статья: Концертмейстер қызметінің шығармашылық және педагогикалық аспектілері
– 2024 г. Участие в международной научно-практической конференции
«Личность-образование-творчество в музыкальной культуре XXI века (статья «Основные Тенденции современной фортепианной педагогики»)
Педагогикалық қызметі барысында Ш.И.Кокыбасова республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттарын тәрбиеледі, соның ішінде:
А. Жұбанов атындағы халықаралық жас орындаушылар байқауы, «Астана – Мерей» байқауы, Зарина Алтынбаева атындағы жас музыканттар академиялық байқауы, Аида Исаковаға арналған пианистердің халықаралық байқауы, сондай-ақ республикалық: Astana Piano Passion, Республикалық жас пианистер байқауы, республикалық олимпиада.
Сенбиева Гульжан Сапарханқызы
«Арнайы фортепиано» бөлімінің оқытушысы, концертмейстер, педагог – зерттеуші

Музыкалық білімін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында алып, 1998–2002 жылдары оқытушы, концертмейстер, ансамбль әртісі мамандығы бойынша білім алды. 2000–2002 жылдары Республикалық эстрада-цирк колледжінде фортепиано кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеді. 2002 жылдан бастап Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатында концертмейстер және арнайы фортепиано мұғалімі қызметін атқарып келеді. 2015 жылдан бастап П. Чайковский атындағы музыка колледжінде, 2019 жылдан Құрманғазы атындағы консерваторияда, 2020 жылдан Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде концертмейстер болып жұмыс істейді. Көптеген оқушылары республикалық және халықаралық конкурстарда лауреат атанды. Көп жылғы жемісті еңбегі үшін 2003, 2017, 2018, 2019, 2020 жылдары министрліктердің және РКСМШИ директорларының алғыс хаттарымен және құрмет грамоталарымен марапатталған.
Базарова Дина Турлыхожакызы
Арнайы фортепиано бөлімінің ұстазы

Дина Тұрлыхожақызы музыкалық білімін Біржан сал атындағы Көкшетау музыкалық колледжінде бастап, «фортепиано» мамандығы бойынша білім алды. Кейін 1997–1999 жылдары Л. Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінде «музыка және ән» мамандығы бойынша оқуын жалғастырды. 2016 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын «фортепиано» мамандығы бойынша (профессор Г. С. Нұрланованың сыныбы) тәмамдады.
Дина Тұрлыхожақызының педагогикалық қызметі студенттік жылдары-ақ басталған. 1994–1997 жылдары Көкшетау қаласындағы музыкалық мектепте концертмейстер болып жұмыс істеді. Кейінгі жылдары «Дарын» өнер мектебінде фортепиано пәнінен сабақ беріп, сондай-ақ Біржан сал атындағы Көкшетау музыкалық колледжінде қызмет атқарды.
2007–2013 жылдары Көкшетау қаласындағы музыкалық мектепте педагогикалық қызметін жалғастырып, өзін жас музыканттарды тәрбиелеу ісіне белсенді үлес қосатын, кәсіби әрі мұқият ұстаз ретінде көрсете білді.
2014 жылдан бастап Дина Базарова П. И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде «Міндетті фортепиано» пәнінің оқытушысы және қазақ халық аспаптары бөлімінің концертмейстері қызметін атқарып келеді. Әр жылдары ол әкімшілік және әдістемелік қызметтерді де атқарып, соның ішінде колледждің мектеп-студиясының меңгерушісі болды.
2019 жылдан бастап қоса атқару негізінде Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатында арнайы фортепиано сыныбының оқытушысы ретінде қызмет етеді.
Педагогикалық қызметі барысында Дина Тұрлыхожақызы республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары мен жүлдегерлерін тәрбиеледі. Оның шәкірттері түрлі фестивальдер мен шығармашылық байқауларда үнемі жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, орындаушылық шеберліктің жоғары деңгейін көрсетіп келеді.
Оның ғылыми қызығушылықтары міндетті фортепиано пәнін оқыту әдістемесі, ансамбль орындаушысының орындаушылық және психологиялық қасиеттерін дамыту, сондай-ақ қазіргі музыкалық педагогиканың өзекті мәселелерімен байланысты. Осы бағытта бірқатар ғылыми еңбектердің авторы, атап айтқанда: «Арнайы фортепиано сыныбында орындаушылық ойлауды қалыптастырудағы фортепианолық ансамбльдің рөлі», «Ғ. Жұбанованың «Мираждар» фортепианолық циклі музыкалық көркемдік құралдары тұрғысынан», «Фортепиано шығармаларындағы аккомпанементпен жұмыс», «Қазақ халық аспаптары» мамандығы студенттерінің міндетті фортепиано сыныбында фортепианолық ансамбльді меңгеруі», «Міндетті фортепиано сабақтарында құзыреттілік тәсілді жүзеге асыру», «Фортепианода ойнауды бастапқы кезеңде оқыту» және т.б.
Дина Тұрлыхожақызы кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіріп, халықаралық шеберлік сабақтарына, ғылыми-практикалық конференцияларға және білім беру бағдарламаларына белсенді қатысады. Ол фортепиано өнері мен музыкалық педагогика саласындағы жетекші мамандардың, соның ішінде халықаралық жобалар мен фестивальдер аясында О. В. Маршев, Э. И. Илипаева, В. М. Тимофеева, Э. А. Карпухова, М. В. Попилова, А. К. Кусаинов, Г. Э. Узенбаева, В. И. Пальмов, М. Готсиридзе сияқты мамандардың шеберлік сабақтарынан өткен. 2025 жылы көпжылдық педагогикалық және шығармашылық қызметі үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің «Құрмет» грамотасымен марапатталды.
Тлеубердіқызы Ақеркем
«Арнайы фортепиано» бөлімінің оқытушысы, концертмейстер, педагог – зерттеуші

2009 ж. Қазақстан Республикасы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген, Алматы қаласы. Біліктілігі : концерттік орындаушы, ансамбль солисті, педагог, концертмейстер . Республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты. Бірнеше рет Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрмен өнер көрсетті.
2009 жылдан бастап және қазіргі уақытқа дейін А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ – нда арнайы фортепиано оқытушысы, концертмейстер лауазымында жұмыс атқарып жатыр.
Конференциялар мен мастер- класс сабақтарына белсенді қатысады. 2024 ж . “Қазақстанның фортепианолық музыкасы ” атты мақаласы А. Жұбанов атындағы РҚМММИ – ның 60 жылдық мерей тойына арналған “XXI ғасырдың музыкалық мәдениетіндгі Тұлға –Білім – Шығармашылық” атты I –ші халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясының материалдар жинағында жарияланды. 2025 ж. А. Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған Қазақстан орындашылырының республикалық байқауы , Гран – При иегері,номинациясы : концертмейстерлік шеберлік. Жұмыс барысында оқушылары көптеген республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпазы атанды.
Жоғары жетістіктері үшін А. Тлеубердіқызы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен мектеп әкімшілігінен құрмет грамоталар, алғыс хаттармен марапатталды.
Ниязбаева Аяна Мухамедовна
Арнайы фортепиано бөлімінің ұстазы, өнер магистрі

Музыкалық білімін дарынды балаларға арналған Ахмет Жұбанов атындағы
Республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатында бастады. Жоғары кәсіби білімін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында алды. 2006–2010 жылдары бакалавриат бағдарламасы бойынша білім алып, 2010–2011 жылдары бейіндік магистратураны, ал 2011–2012 жылдары педагогикалық циклді тәмамдады. Оқудың барлық кезеңдерін үздік аяқтады.
Оқуын аяқтағаннан кейін белсенді педагогикалық қызметін бастады. 2012–2013 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының инновациялық технологиялар кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеді.
2012–2023 жылдар аралығында Жания Әубәкірова авторлық мектебінде, сондай-ақ Сергей Прокофьев атындағы №3 балалар музыка мектебінде фортепиано сыныбының оқытушысы ретінде педагогикалық қызмет атқарды. Бұл кезеңде жас пианистерді даярлаумен, олардың орындаушылық шеберлігін жетілдірумен және концерттік тәжірибесін дамытуымен белсенді айналысты. 2019 жылы С. Прокофьев атындағы No3 балалар музыка мектебіне оқу ісі жөніндегі меңгеруші болып тағайындалып, кейіннен мектеп директоры қызметін атқарды. Қазіргі уақытта осы мектепте еңбек етіп келеді. Бұл қызметінде оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асырып, білім беру үдерісін үйлестіреді, сондай-ақ мектептің шығармашылық және конкурстық жобаларын дамытуға атсалысады.
2019 жылдан бастап өзінің білім алған ордасы — Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық орта мамандандырылған музыка мектеп- интернатында педагогикалық қызметін жалғастырып келеді.
Қалалық деңгейдегі бірқатар мәдени-білім беру іс-шараларының, фестивальдер мен байқаулардың, сондай-ақ шеберлік сабақтарының ұйымдастырушысы және үйлестірушісі болып табылады. Бұл жобалардың негізгі мақсаты — жас орындаушыларды қолдау және олардың шығармашылық дамуына жағдай жасау.
Педагогикалық қызметі барысында республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары мен жүлдегерлерін тәрбиеледі. Оның шәкірттерінің елеулі жетістіктерінің қатарында:
— Ахмет Жұбанов атындағы халықаралық байқау (Алматы) — I орын;
— Мамандандырылған музыка мектептері оқушыларына арналған республикалық байқау (Павлодар) — Гран-при;
— Аида Исакова атындағы халықаралық байқау — Гран-при;
— Зарина Алтынбаева атындағы халықаралық байқау — II орын;
— сондай-ақ республикалық және халықаралық деңгейдегі басқа да орындаушылық байқауларда жүлделі орындар.
Аяна Мұхамедқызының педагогикалық қызметі оқушылардың кәсіби орындаушылық шеберлігін дамытуға, олардың көркемдік-эстетикалық ойлауын қалыптастыруға және болашақта еліміздің мәдениетін халықаралық деңгейде танытып, ұлттық өнердің жоғары кәсіби деңгейін сақтап, дамытуға үлес қосатын жаңа буын музыканттарын тәрбиелеуге бағытталған.
Омарова Айжан Аскаровна
«Арнайы фортепиано» бөлімінің оқытушысы, концертмейстер

Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатын бітірген. Одан кейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын (2006 ж.) профессор Ж.Я. Аубакирова сыныбында үздік бітіріп, ассистентура-тағылымдаманы (2008 ж.) аяқтаған.
Халықаралық фестивальдер мен республикалық байқаулардың лауреаты.
Концертмейстер жəне оқытушы ретінде халықаралық жəне республикалық байқаулардың лауреаттарын дайындаған. Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының, Астана опера залының концерттеріне қатысқан.
Құрмет Ержанат
Арнайы фортепиано бөлімінін ұстазы, концертмейстер, Өнертану ғылымдарының магистрі

Музыкалық білімін дарынды балаларға арналған Ахмет Жұбанов атындағы
Республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатында бастады. Жоғары кәсіби білімін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында алды. 2009-2013 жылдары бакалавриат бағдарламасы бойынша білім алып, 2013-2015жылдары магистратураны тәмәмдады.
Еңбек жолын 2011 жылы Құрманғазы атындағы ҚҰК консерваториясында бастады.
2015 жылдан бері Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мамамандырылған музыка мектеп интернатында концертмейстер және арнайы фортепиано бөлімінде қызмет етіп келеді . Орындаушы ретінде Құрмет Ержанатконцерттік сахналарда белсенді өнер көрсетеді.
Мәлікайдар Қанат Батырбекұлы
«Арнайы Фортепиано» бөлімінің ұстазы, «Концертмейстерлік Шеберлігі» бөлімінің меңгерушісі

Мәлікайдар Қанат Батырбекұлы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі. 2009-2013 жылдары аталған оқу орнының «Аспапта орындаушылық» мамандығы бойынша бакалавриат бағдарламасын, ал 2013-2015 жылдары осы бағыттағы магистратура бағдарламасын сәтті тәмамдаған.
Еңбек жолын 2013 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында концертмейстер ретінде бастап, 2023 жылға дейін осы қызметте абыройлы еңбек еткен. Консерваториядағы концертмейстерлік қызметімен қатар, 2016 жылдан бастап Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатында педагогикалық қызметін жалғастырған. Қазіргі таңда осы мектеп-интернаттың «Арнайы фортепиано» бөлімінің оқытушысы және «Концертмейстерлік шеберлігі» бөлімінің меңгерушісі лауазымдарын атқарады.
2024 жылдан бастап Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Ансамбльдік шеберлік» кафедрасының оқытушысы құрамына қабылданып, жоғары оқу орнындағы педагогикалық қызметін де жүйелі түрде жүзеге асыруда.
Педагогтік және орындаушылық қызметіндегі жетістіктері мемлекет тарапынан лайықты бағаланған. 2018 жылы Қазақстан Республикасы Спорт және мәдениет министрлігінің дипломымен марапатталған.
Қожағұл Ербол Нұртуғанұлы
Арнайы фортепиано бөлімінің ұстазы

Қожағұл Ербол Нұртуғанұлы музыка әлеміне алғаш қадамын Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыка мектеп-интернатынан бастаған. Бұл қарашаңырақта ол Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының доценті Гүлнар Құрамбаеваның сыныбында арнайы фортепиано мамандығы бойынша білім алған.
Мектеп қабырғасында алған терең білімі мен кәсіби дайындығы оған 2015 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына оқуға түсуге жол ашқан. Консерваторияда да ол өзінің алғашқы ұстазы – доцент Г.Т.Құрамбаеваның жетекшілігімен шәкірттік жолын жалғастырып, 2019 жылы жоғары оқу орнын тәмамдаған. Кейіннен білімін тереңдете түсу мақсатында магистратурада оқып, 2021 жылы «Өнертану ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесін иеленген.
Педагогикалық қызметін 2019 жылы С.Прокофьев атындағы №3 балалар музыка мектебінде ұстаздық етуден бастаған. 2021 жылдан бері Жания Әубәкірованың авторлық мектебінде де педагог ретінде тәжірибе жинақтауда.
Жас пианист ретінде көптеген халықаралық байқауларда Қазақстанның абыройын асқақтатып жүр. Оның жинаған жүлделер қоры мынадай жетістіктерден тұрады:
– 2011 жылы Новосібір қаласында өткен VIII Ашық жас пианистер байқауында III сыйлық (Ресей);
– 2014 жылы Висагинас қаласында өткен А.Дварионайте атындағы II Халықаралық пианистер байқауында II сыйлық (Литва);
– 2018 жылы Павлодар қаласында өткен С.В.Рахманинов атындағы Халықаралық байқауда II сыйлық;
– 2020 жылы Батуми қаласында өткен Е.Микеладзе атындағы Халықаралық пианистер байқауында I сыйлық (Грузия);
– 2020 жылы Сумы қаласында өткен X Халықаралық «Слобожанская фантазия» пианистер байқауында II сыйлық (Украина).
Орындаушылық шеберлігін шыңдау мақсатында Юлюс Андреевас (Литва), Павел Шатский (Ресей), Вероника Витайте (Литва) сынды белгілі музыканттардың шеберлік сыныптарына қатысқан. Сонымен қатар, Қазақстанның Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі және «Камерата Қазақстан» камералық оркестрімен бірге өнер көрсетіп, жоғары деңгейдегі орындаушылық қабілетін танытқан.
Базаркул Арайлым Әлібекқызы
«Арнайы фортепиано» бөлімінің және «Концертмейстерлік шеберлік» сыныбының оқытушысы, концертмейстер

Базаркул Арайлым Әлібекқызы А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының түлегі (ұстазы – Мухамеджанова Г.Б.). 2018 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын «Аспаптық орындаушылық» мамандығы бойынша (фортепиано) тәмамдады (профессор Кадырбекова Г.И. сыныбы). 2016 жылдан бастап Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында концертмейстер ретінде еңбек жолын бастады. 2017 жылдан бері А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатында концертмейстер қызметін атқарып келеді. 2025 жылдан бастап аталған оқу орнында Арнайы фортепиано бөлімінің педагогы және «Концертмейстерлік шеберлік» сыныбының оқытушысы қызметін атқарады.
Педагогикалық қызметі барысында оқушыларды түрлі байқауларға дайындап келеді. Оның шәкірттерінің қатарында республикалық және халықаралық байқаулардың жүлдегерлері бар. Солардың бірі – Ерназар Амир – А.Жубанов атындағы XX Халықаралық жас орындаушылар байқауының II орын жүлдегері.
Базаркул Арайлымның жарыққа шыққан ғылыми мақалалары:
– «Мектептегі оқу-тәрбие жұмысы» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналында «Мұғалім мамандық па әлде өмірлік ұстаным ба?» атты мақаласы жарияланды.
– «Білім көкжиегі» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналында «Концертмейстер мамандығының ерекшеліктері»
Жоғары жетістіктері үшін А.Ә. Базаркул ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен мектеп әкімшілігінен құрмет грамоталар, алғыс хаттармен марапатталды.
Сексенов Әділет Ермекұлы
Оқытушы, концерттік орындаушы, концертмейстер, өнертану ғылымдарының магистрі

Аспаптық орындаушылық (фортепиано) саласында маманданған. Жоғары білім туралы дипломы «5B040200 – Аспаптық орындаушылық (фортепиано)» мамандығы бойынша алынған. Қазіргі уақытта оқытушы болып жұмыс істейді және кәсіби қызметін қосымша жұмыс негізінде де жүзеге асырады.
Әділет Ермекұлы музыкалық білімін 2009 жылы Өскемен қаласындағы музыкаға дарынды балаларға арналған №2 облыстық музыкалық мектебінде бастады. Бұл оқу орнында 2012 жылға дейін білім алды. 2012–2013 жылдары Өскемен қаласындағы халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер колледжінде оқуын жалғастырды.
2013 жылы Алматы қаласындағы Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатына оқуға түсіп, 2016 жылға дейін білім алды.
2016–2020 жылдары Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының аспаптық орындаушылық факультетінде «Арнайы фортепиано» мамандығы бойынша, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, доцент Г.Т. Курамбаеваның сыныбында білім алды. Оқуды аяқтағаннан кейін ансамбль солисі, концертмейстер және оқытушы біліктілігін алды.
2022 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының аспаптық орындаушылық факультетінің магистратурасына түсіп, оқуын жалғастырды. 2024 жылы оқуын сәтті аяқтап, «Аспаптық орындаушылық (арнайы фортепиано)» мамандығы бойынша өнертану ғылымдарының магистрі дәрежесін алды. Магистрлік дайындық та Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Г.Т. Курамбаеваның сыныбында өтті.
Орындаушы ретінде Әділет Ермекұлы концерттік сахнада белсенді өнер көрсетеді. Солист ретінде ол Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрмен, Қарағанды симфониялық оркестрімен, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің симфониялық оркестрімен, сондай-ақ Ахмет Жұбанов атындағы Республикалық қазақ мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатының камералық оркестрімен бірге өнер көрсетті.
Өзінің шығармашылық қызметінде Ерболат Ахмедьяров, Муслим Амзэ, С. Косачев, Александр Галсанов, Аршат Шарип және Әбілхайырхан Бейсеков сияқты белгілі дирижерлермен ынтымақтастықта жұмыс істеді.
Сонымен қатар Қазақстанның әртүрлі қалаларында шеберлік сабақтары мен ашық сабақтар өткізеді.
Оқу және шығармашылық қызметі барысында Әділет Ермекұлы көптеген республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты және дипломанты атанды. 2012 жылы «Сибирь зажигает звезды» және «Астана-Мерей» халықаралық байқауларының лауреаты болды. 2013 жылы «Алтай жұлдыздары» байқауының лауреаты атанып, сондай-ақ XXXIV Республикалық жас орындаушылар байқауының дипломанты болды.
2015 жылы Өзбекстанда өткен «ISTEDOD» халықаралық байқауының лауреаты атанды. 2020 жылы Ресейде өткен «Голос рояля» Бүкілресейлік пианистер байқауында лауреат атанды. 2023 жылы Беларусь елінде өткен III Халықаралық «Pianopremium» пианистер байқауының лауреаты болды. 2024 жылы С.В. Рахманиновтың 150 жылдығына арналған халықаралық байқаудың лауреаты атанды.
Еңбек жолын 2017 жылы №12 балалар музыка мектебінде концертмейстер ретінде бастады. 2018 жылы Ахмет Жұбанов атындағы Республикалық қазақ мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатында концертмейстер қызметін жалғастырды.
2021 жылдан бастап «Жәния Әубәкірова авторлық мектебінде» оқытушы және концертмейстер болып жұмыс істейді. 2024 жылдың қаңтар айында Ахмет Жұбанов атындағы Республикалық қазақ мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатына арнайы фортепиано пәнінің оқытушысы қызметіне қабылданды.
Әділет Ермекұлы ғылыми-зерттеу қызметімен де айналысады. Оның фортепианолық музыкадағы орындаушылық интерпретация мәселелері мен музыкалық теорияға арналған ғылыми мақалалары жарық көрген. Атап айтқанда, «Фортепианолық музыкадағы орындаушылық интерпретация мәселелері бойынша заманауи дискурс» атты мақаласы 2023 жылы Астанада өткен ҚазҰӨУ-дің 25 жылдығына арналған магистрлік оқулар материалдарында жарияланды. Сондай-ақ «Бір бөлімді сонатаның дамуындағы тарихи және теориялық аспектілер» атты мақаласы 2024 жылы Алматы қаласында өткен VI Республикалық магистрлік оқулардың «Музыкалық дәстүрлер XXI ғасырда» атты жинағында жарияланды.
2024 жылы «Ф. Листтің h-moll сонатасы мысалында бір бөлімді сонаталарды интерпретациялау ерекшеліктері» тақырыбында магистрлік диссертациясын қорғады.
Концертмейстер ретінде жұмыс істеген жылдары Әділет Ермекұлы қалалық, республикалық және халықаралық байқаулардың, сондай-ақ Республикалық студенттік олимпиаданың лауреаттарын дайындағаны үшін көптеген дипломдармен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталған.
Камалдинов Адилет Ермекович
«Арнайы фортепиано» бөлімінің және «Концертмейстерлік шеберлік» сыныбының оқытушысы, концертмейстер

Адилет Ермекович Камалдинов 2016-2020 жылдары Қазақстан Республикасы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында оқып, оқытушы, концертмейстер және ансамбль әртісі біліктілігін алды. 2020-2022 жылдары сол оқу орнында өнер магистрі дәрежесін меңгерді. 2017 жылдан бері А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатында концертмейстер, ал 2022 жылдан бері Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында концертмейстер қызметін атқарып келеді.
Педагогикалық қызмет барысында Адилет Ермекович көптеген халықаралық және республикалық байқауларға лауреаттар мен дипломанттарды даярлады. Оқушыларының жетістіктері арасында 2019 жылы Алматыда Ахмет Жұбанов атындағы халықаралық жас орындаушылар байқауында диплом, 2023 жылы Бішкекте III Халықаралық «Обон» жас орындаушылар байқауында III дәрежелі лауреат, сондай-ақ 2023 жылы Алматыда «Almaty music games» республикалық байқауында I дәрежелі лауреаттары бар.
Адилет Ермекович Камалдинов көптеген марапаттарға ие: 2020 жылы А.Жұбанов атындағы РКСМШИ бұйрығымен концертмейстердің жоғары деңгейдегі екінші біліктілік санаты берілген; 2024 жылы «Обон» III халықаралық байқауының алғыс хаты (Бішкек, Қырғызстан); 2019 жылы А.Жұбанов атындағы Халықаралық жас орындаушылар байқауының дипломы (Алматы); IX Республикалық студенттік олимпиаданың III дәрежелі лауреаты; 2023 жылы «Art Aspect» ұйымдастырған «Almaty music games» концертмейстерінің дипломы (Алматы).
Сонымен қатар Адилет Ермекович кәсіби даму бағытында бірнеше ғылыми және практикалық іс-шараларға қатысты. Оған «Jiger Synergy» халықаралық мастер-класс (36 сағат), Қазақстан Республикасының халықаралық ғылыми журналына 2021 жылы жарияланған «П.Хиндемиттің ішекті аспаптар мен фортепианоға арналған шығармаларының стильдік ерекшеліктері» мақаласы, 2023 жылы «Заманауи жағдайда білім алушылардың кәсіптік бағдарлауын жүргізу үшін педагогтардың құзыреттілігін дамыту» біліктілігін арттыру курсы (80 сағат), Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі Владимир Степанович Шиштің шеберлік сыныбына қатысу сертификаты (2019 ж.), сондай-ақ 2024 жылы I халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысу («ХХІ ғасыр музыкалық мәдениетіндегі тұлға – тәрбие – шығармашылық», «Концертмейстердің білімі мен дағдысының жүйелік аспектісі» мақаласы) кіреді.
Сухамбаева Алуа Асхатқызы
«Арнайы фортепиано» бөлімінің оқытушысы

Ахмет Жұбанов атындағы Республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының түлегі (2021 ж.), Қазыбекова Г.К. класында, сондай-ақ профессор Құсайынов А.К. класында білім алған.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы үздік дипломмен бітірген (Дүйсембаева Р.С. класы); сондай-ақ профессор Новгородский Д.П.-дан дәріс алған.
Халықаралық конкурстардың лауреаты.
2021 ж. бастап А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатында концертмейстер лауазымында жұмыс істейді, 2025 ж. бастап Арнайы фортепиано бөлімінің оқытушысы. Мамандандырылған музыка мектебіндегі жұмыс тәжірибесі — 5 жыл.
