Ахмет Жұбанов атындағы РҚМММИ жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында маңызды профилактикалық кездесу өтті

Іс-шара әлеуметтік педагог Медет Тарлабекович Абдуллаев пен психолог Марфуға Сейткалиевна Аксакалованың ұйымдастыруымен 6 «А» және
6 «Ә» сынып оқушыларына арналды.

Кездесу барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 287-бабы аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Атап айтқанда, қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүрудің құқықтық салдары жан-жақты түсіндірілді.

Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты әрі пайдалы жауаптар алды.