Педагогикалық кеңес марапаттаудан басталды. Францияның Монтаржи қаласында баян және аккордеон аспаптары бойынша өткен «CMA Trophee Mondial» атты әлемдік байқауға Қазақстан атынан жүлделі орынға ие болған білім алушылар мен олардың ұстаздарына Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаеваның Алғыс хаттарын мектеп директоры Айгерим Бериковна Сарманова табыстады.
Сонымен қатар Ляззат Ракишевнаның 70 жылдық мерейтойы мен туған күніне орай мектеп директоры мен ұстаздары құттықтау білдірілді.
Бірқатар ұстаздар алғыс хатпен марапатталды!
Күн тәртібінде
- 2-тоқсан қорытындысы бойынша жалпы пән бөлімінің есебі: бөлім бойынша білім алушылардың білім сапасы мен үлгерімі, үлгерімі төмен білім алушылар туралы ақпарат; 9,11, 12 сыныптарда «үздік» аттестатқа үміткерлер туралы; жалпы пән бөлімі бойынша атқарылған әдістемелік жұмыс.
Жауапты: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Ш.Искакова. - 2-тоқсан қорытындысы бойынша музыка бөлімінің есебі: бөлім бойынша білім алушылардың білім сапасы мен үлгерімі.
Жауапты: директордың музыка ісі жөніндегі орынбасары Р.К.Кадырханова, бөлім меңгерушілері. - «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында құндылыққа негізделген білім беру тәжірибесімен бөлісу» атты семинар бойынша ой бөлісу.
Жауапты: Музыка бөлімі педагогы Ж.Ботабаева